7-сынып ғаламтор ғаламаты. Қазақстандағы ұлттар достастығы. Дұрыс тамақтану. Морфология



бет1/5
Дата03.01.2022
өлшемі21,83 Kb.
#108362
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚТ ТЖБ 7- сынып 3- тоқсан
ҚТ ТЖБ 7- сынып 3- тоқсан, Реферат 1, Қыздар Технологиясы


«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

7-СЫНЫП

Ғаламтор ғаламаты. Қазақстандағы ұлттар достастығы. Дұрыс тамақтану. Морфология
Оқылым тапсырмасы . Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ірімейтін тағам асқазанымызды шірітіп жүрмей ме?

Тау асып, теңіз басып әкелінген трансгенді өнімдер туралы даудың көрігі қызып кетпесе де қоғамда екіұдай пікір қалыптастырып отыр. Тағамтану саласының кей мамандары оны қоштаса, оқығаны мен тоқығаны көп болмаса да бір білері бар ауылдағы ағайын мұның астарында қандай да бір құпия барын біледі. Табиғи емес өнімдер расында ірімейді, шірімейді, сөреде айлап емес, жылдап тұра береді. Сырты жылтырап өзі ірімесе де, асқазаныңызды шірітіп жатпағанына кім кепіл?
Аштан емес, астан өлмейтініңе де ке­піл­дік жоқ. Қолдан өсірген емес, қол­дан өлтірген тағамдардың кесірі­нен құбыжық сәбилердің, түрлі ау­рулардың көбейіп кетуінің бір ұш­тығы осында жатқан жоқ па екен? Алайда ол туралы ресми статис­тика­лық дерек мүлдем жоқ. Батыс ғалым­дары мутацияға ұшырау – генетика ғы­лы­мының қарқынды дамуы се­бебінен деп есептейді. Ал гендік ин­женерияның Отаны саналатын Аме­рикада гені модификацияланған өнімге кең жол ашылған. Әлемде мыңнан астам гені модифи­кация­ланған «өнер туындылары» бар. Бірақ оның тек 100-іне ғана шы­ға­руға рұқсат берілген. Кәрі құрлықта өнімнің қорабында ГМО туралы ес­керту белгі жапсырылады. Ал біз­дің елімізде мұндай мәдениет қалып­таспаған. Тіпті сол шетелден келген импорт өнімдерге ескерту жазылсын деп те міндеттей алмай отырмыз. Азық-түлік пен көкөністің көбісі Қы­тайдан келетіндіктен, онда иеро­глифтен басқа ештеңе жоқ. Еліміздегі №1 тағамтанушы Төрегелді Шар­манов болса, осы өнімдерге шаң жуыт­­қысы жоқ.

Елімізде ауыл­шаруашылығына көп көңіл бөлініп, жылыжай кешендері іске қосылып, көкөніс өндіру артқанымен, импорт өнімді сөреден түре қуып шығуға қауқар жетер емес. Ішкі нарық жұтап қалмас үшін Қытай, Қырғызстан, Өз­бекстаннан өкіртіп тасып жатыр­мыз. Әсіресе қытайлық жемістер жа­санды сияқты көрінетіні рас. Ұзақ сақталады. Алмасына мүлде құрт түспейді.


Ал алмұрт деген атауы бар қолдан жа­сал­ған жемісті жесеңіз қағаз шайна­ғандай боласыз.

Бақшаңызға өзіңіз өсір­ген қыза­нақпен салыстырып көріңізші. Өзі­ңіздікі дәмі тіл үйірерліктей болғанымен екі-үш күннен артыққа шыдамайды. Босап кетеді. Ал қытайлық қызанағыңыз тастай қатып жата береді. Жарамдылық мерзімі жарап тұр. Осыдан кейін ойға қаласың, расында, Қытай өнімдерді гендік модификацияны қолданып өсірген бе деп. Бірақ олар дәл осыны қатаң құпияда ұстайды. Ешқандай мәлімет ала алмайсыз...


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет