7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет7/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Лекция№4 Тыңайтқыштар.
Тыңайтқыштар -- құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы жəне топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты. ----------------------------------- ----------------------------------- ---------- Тыңайтқыштарды жіктеу Шығу тегіне қарай органикалық жəне бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) жəне сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді. Тыңайтқыштар -- өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық жəне минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, əрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор. Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дəлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дəніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады. Топырақтағы өсімдікке қоректік элементтердің көпшілігі өсімдік сіңіре алмайтын қосылыс түрінде, мəселен, 1 гектар күлгін жəне қара топырақта 3...100 тонна азот қоры бар, осының 1 проценттейі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады.Еліміздің əр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы жəне жалпы энергиясы жағынан үш класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады. Түрлі аймақтардағы климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты əрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де түрліше болады.Бір гектар қара топырақтың 0 -- 20 см қабатында қарашірік қоры 90...140 тонна, 0 -- 100-см қабатында 250...550 тонна болса, сұр топырақтардың жоғарыда аталған қабаттарында қарашірік қоры 30...80 тоннадай болады. анағұрлым артық болады. Мəселен, 1 грамм сұр топырақтарда -- 218,5 млн микроорганизм болса, қара топырақ-тарда тек қана 57,4 млн микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы əртүрлі биологиялық, физикалық жəне химиялық жұмыстарының белсенділігінің артуына жəне дақылдардың өнімін молайтуға жағдай жасайды.Жүргізілген зерттеулердін нəтижесінде топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар -- азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштардың өсімдікке əсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мəселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан əлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып əкетеді, ал нитрлеуші бактериялар əрекеті ерте көктемдегі салқын əсерінен баяулайды.Жаздық дəнді дақылдарды себу кезінде жəне олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, əсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез жəне жақсы өседі.Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі жəне егін түсімі кемиді.Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералдық тыңайтқыштарды аз мөлшерде кажет ететін масақты дəнді дақылдар -- жаздық жəне күздік бидай, арпа, сұлы т. б.2) минералдық тыңайтқыштарды көп кажет ететін техникалық дакылдар -- мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөніс жəне жоғары өнімді дəнді дақылдар -- күріш, жүгері.Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық жəне бактериялық тыңайтқыштар болып жіктеледі. ----------------------------------- ----------------------------------- ---------- Азот тыңайтқышы. Құрамында қоректік элемент -- азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот -- тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа жəне шырыны аз, гүлі майда болады.Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты əсімдік аммоний ионы NH4+ жəне нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды жəне органикалық болып белінеді (4-сызбанұсқа).Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий жəне аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар -- ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15 -- 16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент -- азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі -- карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады. ----------------------------------- ----------------------------------- ---------- Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор -- барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дəрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді . Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ə.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен əртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ə.Б. Бектұров жəне оның шəкірттері көп еңбек сіңірді.Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың жəне Шымкенттің өндірістік бірлестіктері жəне басқа химия кəсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өнді Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды жəне картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едəуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар -- қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін жəне ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит жəне карналит жатады. Силъвинит дегеніміз -- калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 жəне калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар. Тыңайтқыш шашу технологиясы Тыңайтқыш түрлері жəне себу əдістері. Ауыл шаруашылығында негізінен екі түрлі тыңайтқыш органикалық жəне минералдық тыңайтқыштар қолданылады. Органикалық тыңайтқыштарға малдың қиы, торф жатады. Оларды жергілікті жерде шаруашылықтың өздері дайындайды. Минералдық тыңайтқыштар өндірісте шығарылады. Олар майда ұн түрінде немесе түйіршіктер түрінде жəне сұйық түрінде дайындалады. Минералдық тыңайтқыштарға түйіршіктелген суперфосфат, фосфорит ұны, аммиак селитрасы, калий тұздары жатады. Минералдық тыңайтқыштың жергілікті жерде дайындалатын түрі де болады. Оған əртүрлі известь тектес материалдар жатады. Тыңайтқыштарды екі түрлі мақсат үшін қолданады: біріншісі - топырақ құрылысын жақсартып, оның құнарлылығын арттыру үшін көбінесе известь тектес материалдарды пайдаланады. Сор басып кеткен жерлерге жылма-жыл известь шашып, оны топырақпен араластырады. Ондай топырақ бірте-бірте құнарлы топыраққа айналады. Өсімдікті қоректендіру үшін тыңайтқышты қолданудың үш түрлі тəсілі бар: негізгі қоректендіру, дер кезінде жəне кейіннен қоректендіру. Негізгі қоректендіру үшін тыңайтқыштар топырақ өңдеу алдында жер бетіне біркелкі шашылады, бұдан кейін топырақ өңделеді. Сонда тыңайтқыш пен топырақ араласады. Ондай топыраққа себілген өсімдік сол тыңайтқышпен қоректенеді. Дер кезінде қоректендіру үшін тыңайтқыш тұқыммен бірге шашылады. Мұндай тəсіл бойынша тұқым мен тыңайтқыш тікелей араласып себіледі немесе екеуінің аралығында жұқа топырақ қабаты болады. өсімдік өніп шыққаннан кейін осы тыдайтқышпен қоректенеді. Ал кейбір өсімдіктер өзінің өсуі кезінде кейбір элементтерді өте қажет етеді. Егіске сол элементтері бар тыңайтқыштар шашылады. Мұны кейіннен қоректендіру деп атайды. Осы қолданылатын тыңайтқыш түріне жəне қоректендіру тəсілдеріне қарай машиналардың да бірнеше түрі пайдаланылады. Оларды негізінен төрт түрге: тыңайтқыш дайындайтын, тыңайтқыш шашатын, тыңайтқышты тұқыммен бірге себетін жəне өсімдік қоректендіретін машиналар деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет