7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет8/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
лекция-7

ыңайтқыштың маңызы
Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуда топыраққа тыңайтқыштар беру, жерді сапалы түрде дайындау, уақытылы егу жұмысын жүргізу маңызды нәрсе болып табылады.
Тыңайтқыш дегеніміз — өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы өнім алуға көмектеседі. Тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарының ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуына (үсік, құрғақшылық), өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы тұруына көмектеседі. Тыңайтқышты пайдаланудың басты мақсаты — топырақ құнарлылығын жоғарылату, соның нәтижесінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім жинау.
Агрохимиктердің пікірі бойынша, топыраққа берілген әрбір килограмм азот, фосфор, калий (NРК) дәнді дақылдардың өнімділігін арттырады, мысалы, 5,0 кг картопты — 20 кг, қант қызылшасын — 26 кг-ға дейін жоғарылатады. Тыңайтқыш беру ирригациялың, агромелиоративтік, агротехникалық және басқа шаралармен ұштастыра жүргізілуі керек.
Тіпті бір фермерлік шаруашылықтың өзінде топырақтың табиғи құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан қоректік элементтерінің мөлшері жағынан олардың айырмашылығы болады. Сол себепті, тыңайтқышты топырақтың агрохимиялық қасиетін ескере отырып бермесе, одан қажетті нәтиже күтуге болмайды, керісінше, мұндай жағдайда ол тек ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді.
Тыңайтқыштарды жіктеу
Егіншілікте тыңайтқыштың бірнеше түрлері пайдаланылады. Олар бір-бірінен құрамы, өндірілу әдісі, өсімдіктің бойына сіңіретін, әсер ететін заттардың мөлшері бойынша ажыратылады. Құрамы жағынан тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық, бактериялық болып 4 топқа бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштарға көң, құс саңғырығы, әр түрлі қордалар (компост), жасыл тыңайтқыштар жатады. Көң — маңызды органикалық тыңайтқыш, ол жануарлар қиының қатты және сұйық қалдықтарынан тұрады. Оның құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтердің барлығы бар. Көңді топыраққа сіңіргеннен кейін, ол микроағзалардың әсерінен минералданады. Көңнің құрамындағы көміртегінің үлкен бөлігі топырақта ыдырауының нәтижесінде көмір қышқыл газы күйіне дейін қышқылданады. Ал егер оның сіңіруге дейін ыдырау дәрежесі төмен болса, көмірқышқыл газы топырақта көп болады. Қоректік заттардың негізгі үш элементтерінің (NРК) ішінде көңде калий көп болады. Мұнда оның мөлшері 0,6 пайызға дейін жетеді.
Фосфор негізінен жануарлардан бөлінген қатты қалдықтарда және төсеніш ретінде пайдаланылған сабанда болады, оның мұндағы мөлшері — 0,25 пайыз шамасында. Азот көңнің барлық құрамында болады. Көңдегі азоттың мөлшері 0,3-0,4 пайыз, бірақ та өсімдіктер сұйық қалдықтың құрамындағы азотты ғана қабылдай алады. Көңнің қатты бөлігіндегі азотты қосылыстарды өсімдіктер минералданғаннан кейін ғана қабылдай алады. Жануарлар көңі төсенішсіз және төсенішті болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет