75. Конденсациялы-кристализациялық құрылымдар


Интегралды және дифференциалды өлшеу аспаптары



бет8/14
Дата16.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#101913
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
75-90желеуова
erekeshova, Химия презентация
83.Интегралды және дифференциалды өлшеу аспаптары.
Тамақ өнімдерінің құрылымдық– механикалық қасиетін анықтауға қолданылатын құралдар келесідей белгілері бойынша жіктеледі:

Қолданылуы бойынша. Құралдар төрт топқа бөлінеді: өнеркәсіптік, зертханалық, зертханалық жағдайдағы тереңдетілген зерттемелер үшін құралдар және ғылыми мақсат үшін құралдар. Бірінші топтағы құралдар техникалық машинаға тікелей орнатылған және олар материалдың ағу қасиетін тіркейді. Екінші топтың құралдары, кәсіпорынның өндірістік зертханаларындағы технологиялық үрдістерге қарқынды бақылау жүргізуге арналған. Үшінші топтың құралдары тереңдетілген зерттеулер жүргізуге арналған және кәсіпорынның басты зертханасында орнатылады. Төртінші топтың құралдары ғылыми ­– зерттеу орталықтарында қолданады және әртүрлі жағдайдағы жабдықтарды зерттеу үшін пайдаланылады. Олар нақты өлшеме беру жағынан және зерттеу жүргізудің айтарлықтай ұзақтығымен ерекшеленеді.

Өлшеу нәтижесі бойынша. Құралдар абсолюттік, салыстырмалы және шартты болып бөлінеді. Бірінші топтың құралдары тәжірибе жүргізу жағдайындағы және жұмыс органындағы геометриялық өлшемдерге негізделе отырып бірліктер жүйесінде сандық мәнін көрсетеді. Екінші топтың құралдары эталондық материалдағы алдын – ала тарировкаларды талап етеді. Нәтижесінде тарировкалық графиктер көмегімен абсолюттік шама мәнін есептейтін өлшемсіз қатыстық көрсеткіштерді алады. Екі топтың құралдары теориялық тұрғыда дәлелденген. Үшінші топ құралдары шартты түрде өлшенген шама мәні бірлік немесе балл түрінде білдіру қабылданған. Алынған мәндер есептеу үшін жарамсыз бірақ тар диапазондағы қандай да бір сапалық көрсеткіштерді салыстыру үшін қолданылады.

Шартты түрде өлшеу нәтижесінің көрсеткішіне қарай құралдар интегралды және дифференциалды болып бөлінеді.

Функционалдық белгісі бойынша. Берілген белгісі бойынша құралдарды жіктеуде Б.М. Азаровпен В.А. Аретов олардың 40 түрін ұсынған. Жоғарыда жазылған әдістер түрлерімен құралдар болашақта толығып сонымен қатар түрлері өзгере алады. Көптеген әртүрлі техникалық үрдістерде ет, балық, сүт және басқа да тамақ өндірісінің бөліміндегі заманауи өндірісіне келіп түсетін шикізаттың қасиетін өлшеу және бақылау мақсатында, өңдеу сонымен қатар шикізат көрсеткіштерін және дайын өнімді реттеу және басқару үшін құралдарды қолдануды талап етеді

Сонымен қатар аспаптарды дифференциалды және интегралды деп ажыратады. Біріншісі, уақыт пен қиманың кез-келген моменті үшін аспаптағы өнімнің жылдамдығы мен деформациясының таралуын бақылауға мүмкіндік береді. Екіншісі, өлшеудің соңғы, жалпы жағдайын анықтайды. Өнім қасиеті шамасының мәндерін есептеу және бақыланған мәндерді жалпы негіздеу үшін математикалық модельді дұрыс таңдау қажет. Бұл өнімнің нақты жағдайлардағы күйін жоғары дәлдікте сипаттауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет