77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
77-95-1
рамки для Теории, 77-95-1
.

81.

Саңырауқұлақтар патшалығы. Жалпы сипаттама, өсімдік жəне жануарлық

ұйымдасудағы ұқсастықтары, шығу тегі, құрылысы, көбеюі, классификациясы.

Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. Маңызы.

Саңырауқұлақтар (латынша фұнгі, жекеше түрі фұнгұс) — зең, ашытқы, қозықұйрық

сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы. Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін

де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады.Саңырауқұлақтарды

өсімдік, бактерия жəне кейбір простистен айыратын қасиет — хитиннен тұратын

жасуша қабырғасы. Олар жануарлар сияқты гетеротрофты, яғни олар тамақты




органикалық молекула сіңіру арқылы табады жəне фотосинтез жасамайды. Мекенін өсу

арқылы ауыстырып, ауа жəне сумен қозғала алатын спора шығара алады. Экожүйеде

редуцент рөлін атқарады, демек өлген ағза мен органикалық қоқыс ыдыратып, ағзалар

арасындағы зат айналымын əрі қарай қозғайды. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым

микология (ежелгі грекше μύκης — саңырауқұлақ) деп аталады. Бұрын ол ботаниканың

бір бөлігі болып саналатын, бірақ қазіргі деректер бойынша, саңырауқұлақ

филогенетикалық жағынан өсімдіктен гөрі, жануарға жақын.Саңырауқұлақтардың

басым бөлігі гифа ретінде өсіп, тіршілік етеді. Гифа деген диаметрі 2–10 µм, ұзындығы

бірнеше сантиметрге жететін, цилиндрлік жіп пішінді құрылым. Гифа ұшынан өседі;

жаңа гифалар ескі гифалардың жаңа ұш өсіріп, тармақтануы немесе бір ұштың екіге

бөлінуі арқылы пайда болады. Бір-біріне ұшырасқан гифалар бірігіп, мицелий деген

матасқан гифалар желісін құрайды. Гифа септалы жəне коэноцитті бола алады.

Септалы гифалар септа деген қабырғалармен көптеген компартментке бөлінеді; əрбір

компартментте бір не одан да көп ядро орналасады. Ал коэноцитті гифалар болса,

бөлінбейді, жəне септалары жоқ. Септаның цитоплазма, органелла жəне кейбір кезде

ядро өте алатын кеуектері (тесіктері) бар. Коэноцитті гифалар, шын мəнінде, көп

ядролы супержасуша болып табылады.Саңырауқұлақтардың экологиялық

топтары.Топырақта мекендейтін, саңырауқұлақтардың арнайы топтарына

жануарлардың жүндерінде, мүйіздерінде, тұяқтарында тіршілікке бейімделген

кератинофильдер, көңге бай топырақты мекендейтін копрофильдер жатады.Сүректі

шірітетін саңырауқұлақтар – ксилофиттер ерекше топты құрады. Олардың ішінде

жанды сүректі бұзатындарды жəне өлі сүрекпен қоректенетіндерді

ажыратады.Өсімдіктер мен жануарлардың паразиттері – саңырауқұлақтары анық

айқындалған топтар. Өсімдік паразиттерінің ішінен микофильді паразитті тіршілік ететін

саңырауқұлақтарды, балдырлардың жəне жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттерін

ажыратуға болады. Паразиттерге қарсыласу үдерісінде микоризді саңырауқұлақ –

симбионттардың яғни, жоғарғы сатыдағы əр түрлі түрлерімен қатар өсетіндердің тобы

пайда болды.Саңырауқұлақтардың шығу тегі.Саңырауқұлақтар полифилеттік шығу

тегін иеленген, яғни əр түрлі класстары əр түрлі түссіз жіпшелі жəне жіпшесіз амебоидті

флагеляттардан тəуелсіз түрде шыққан. Соңғылар, қалталы жəне базидиал

саңырауқұлақтар шығатын зигомицеталарға бастау берген. Жыныстық үдеріс сипаты,

екі жіпшелі зооспоралары, жасуша қабықшасының құрамы бойынша оомицеталар

саңырауқұлақтардың басқа топтарынан бөлекте тұр. Олардың шығу тегі

түсініксіз.Соңғы уақыттағы озық жетістіктердің бірі – антибиотиктердің ашылуы.

Тəжірибеде кең қолданыс тапқан алғашқы антибиотик, + пеницилла – саңырауқұлақ

түрінің тіршілік өнімі – пеницилин болып табылады. Медицинада қастауыш

склероцийлермен препараттар кең қолданылады.Фузариум туысының

саңырауқұлақтары, фуджикуроя гиберелласының – қалталы кезеңінің атауын атауға ие

болған, гибберилинді - өсу затын продуцирлейді. Өсімдіктерді гибберилиндермен

өңдеуде олардың өніміділіг жоғарылайды; жүзім жидектерінің түйіндеуі ұлғаяды,

декоративті өсімдіктердің гүлдену уақыты тездетіледі, газондардағы шөп тез

өседі.Кейбір саңырауқұлақтар бунақденелілерде жəне басқа саңырауқұлақтарда

паразитті тіршілік етеді. Мұндай саңырауқұлақтардан, зиянды бунақденелілерді жою

үшін қолданылатын препараттар жасалған. Өсімдіктердің топырақ патогендері мен

күресіне триходермин препараты жасалған, ол саңырауқұлақ өсірілген төсеміктен жəне

триходерма саңырауқұлағының мицелийінен жəне спораларынан тұрады. Бірақ

саңырауқұлақтардың барлығы пайдасын тигізе бермейді. Олардың көбі тым зиянды

болып келеді. Олардың ішінен ең танымал саңырауқұлақтар - өсімдік паразиттері,




олардан болатын ауыл шаруашылық өнімінің бұзылуы мен астықтың шығыны зор

болатыны соншалық, олармен күресті арнайы мемлекеттік мекемелер, ал

кейбіреулерімен – Халықаралық ұйымдар жүргізеді.Саңырауқұлақтармен жəне басқа

ағзалармен туындайтын өсімдік ауруларын зеттейтін ғылым – фитопатология деп

аталады. Бұл кітапта өсімдік ауруларын тудыратын көптеген саңырауқұлақтар туралы

айтылады.Өсіп тұрған ағаштар сияқты іскер сүректі де зақымдай отырып,

саңырауқұлақтар орман шаруашылығына улкен зиян келтіреді. Чех микологы

В.Рипачектің мəліметтері бойынша ағашты зақымдайтын саңырауқұлақтар

дайындалатын сүректің шамамен 10-30% жояды. Саңырауқұлақтар ағаш

құрылыстарды, басқа құрылыстардың ағаш бөліктерін шпалдарды, фанераны бұзады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет