8 дәріс «Керамикалық материалдары мен бұйымдары»



бет2/10
Дата15.10.2023
өлшемі46,73 Kb.
#185613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 -1 дәріс. Керамикалық материалдары мен бұйымдары

Қосымшалар (үстемелер)


1. Балшықтың пластикалығын (иленгіштігін) азайтатындар.Иленгіштігі жоғары балшық қамыр түзу үшін суды көп сіңіреді де,одан жасалған бұйымдыкептіргенде, күйдіргенде көлемі кішірейіп,жарылуы да мүмкін. Болашақ бұйымды осындай ақаудансақтау үшін, балшықтың иленгіштігін азайтатын үстемелерпайдаланылады. Оларға – шамот, құм, жылу электрстанциясының(ЖЭС) күлі, тез суытылып, түйіршіктелген шлактар жатады.
Шамот – түйірленген (0,14-2 мм) керамикалық материалдар. Олсазды күйдіру (бұйым күйдіру температурасына дейін), уату арқылыалынады немесе кірпіштің қалдықтарынан (сынықтарынан)дайындалады. Шамотты немесе осы топта жататын жоғарыдакөрсетілген басқа да заттарды қосқанда балшықты кептіру, күйдірупроцестері жеңілдеп, сапасы жоғары беттік кірпіш пен отқа төзімдібұйымдар алынады.
2. Керамикалық бұйымдардың кеуектілігі мен саздыңпластикалығын арттыратындар. Жеңіл, кеуектілігі жоғары, жылуөткізгіштігі төмен бұйымдар алу үшін сазға кеуектендірілетін заттарқосылады. Бұл заттар күйдіргенде газ шығаратын уатылғанəктас (бор), доломит немесе жанатын ағаш ұнтағы, көмір байыту фабрикаларының қалдықтары, ЖЭС күлі, лингинпайдаланылады.
Саздың иленгіштігін арттыратын заттарға пластикалығы жоғарыбалшықтар, бетониттер жəне беттік əсерлі заттар (БƏЗ), мысалысульфит – ашытқы бардасы (САБ) жатады.
3. Балқытқыштар (флюстер). Глазурьлер. Ангобтар.
Балқытқыштар (флюстер): дала шпаттары, темір рудасы, доломит,магнезит, тальк, т.б. саздарға бұйымдардың күйдіру температурасынтөмендету үшін қосылады.
Керамикалық бұйымдардың су өткізгіштігін, тазалығын арттыруүшін, олардың бетін глазурь немесе ангоб деп аталатын заттарменөңдейді (сырлайды).
Глазурь дегеніміз – бұйымның бетіне жағылғаннан соң оныкүйдіргенде жоғары температураның əсерінен балқитын шыны сияқтыкөп компонентті зат; глазурь қабығының қалыңдығы – 0,1-0,2 мм.Глазурь түрлі-түсті, мөлдір, кейде күңгірт болады. Оны күңгірттендіруүшін құрамына 6% қалайы тотығын қосады.
Ангоб дегеніміз – күйдіргенде ақ немесе басқа түс беретінбалшықтан жасалған керамика бұйымдарының бетіне жағылатын зат.Күйдіргенде ангоб балқымайтындықтан, (оның балқу температурасыглазурьдікінен анағұрлым жоғары), ангобтандырылған бұйымдардыңбеті түрлі-түсті болғанымен, жылтырамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет