8 ДӘріс шарт Шарт ұғымы және оның ережелері



бет2/2
Дата16.05.2022
өлшемі17,66 Kb.
#143417
түріКодекс
1   2
Байланысты:
лекция №6
25 мамыр мәліметі, Курсовая работа Тема «Влияние народной педагогики на развитие нравственной культуры личности младшего школьника»
2. Шарттың түрлері
Құқықтар мен міндеттердің тараптардың арасында бөліну сипатына байланысты шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді. Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға заем шарты келісімге сәйкес заем беруші заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай түрдегі және сападағы заттардың тең санын қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем алушының оларды меншік иесіне қайтарып беру міндеті ғана бар.
Өзара шарттар жағдайында екі тарап та кұкықтарға да, міндеттерге де ие болады. Осындай негіздерде тауар жеткізілімі, сатып алу-сату және т. б. шарттары жасалады. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға оның сатып алған заттарын беруге (өткізуге) міндетті, ал сатып алушы бұл заттарды өзіне беруді (өткізуді) талап етуге кұқылы. Сонымен бірге осы шартқа сәйкес сатып алушы сатып алған заттар үшін келіскен соманы төлеуге міндетті (осы шартқа сәйкес), ал сатушы оның төлеуін талап етуге кұқылы. Өзара шарттың ерекшелігі егер заңда, шартта немесе міндеттеменің мәнінде өзгеше көзделмесе, екі жаққа да міндеттемені бір мезгідде орындау жүктелетіндігінен көріңеді (АК-тің 284-бабы).
Консенсуалды шарт тараптардың барлық мәнді бөліктер бойынша келісімге қол жеткізген сәтінде жасалды деп есептеледі. Нақты шартты жасау үшін келісімге кол жеткізуден басқа тараптардың заттарды немесе ақшаны беру өткізу түріндегі нақты іс-қимылы талап етіледі. Осылайша заем, тауар жеткізілімі және т. б. шарттар жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет