8-ДӘріс тақырыбы: Ауыл шаруашылық дақылдарының егістігін залалдайтын арамшөптер. Арамшөптердің жіктелуі. Гербицидтер. Арамшөптердің агробиологиялық топтары және олардың сипаттамасы. Арамшөптермен күрес шараларының ғылыми негіздері



Дата12.03.2023
өлшемі48,27 Kb.
#171944
түріҚұрамы
Байланысты:
8-ДӘРІС

8-ДӘРІС Тақырыбы: Ауыл шаруашылық дақылдарының егістігін залалдайтын арамшөптер. Арамшөптердің жіктелуі. Гербицидтер. Арамшөптердің агробиологиялық топтары және олардың сипаттамасы. Арамшөптермен күрес шараларының ғылыми негіздері.

Дайындаған:Есенгельды Алихан

  • Тақырыптың мазмұны. Гербология ( латынша: herba - шөп, өсімдік; logos - ғылым) – арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін, олардың таралуын, агрофитоценоздағы түрлік құрамын, көлемін зерттейтін және мәдени дақылдарға тигізетін зияндылық деңгейін төмендететін әдістерді (агротехникалық, химиялық және биологиялық) құрастыратын, жетілдіретін ғылымның жас саласы.
  • Гербология басқа ғылым салаларымен тығыз байланысты, олар:
  • 1. Ботаника
  • 2. Агрофитоценология
  • 3. Егіншілік
  • 4. Өсімдік шаруашылығы
  • 5. Көкөніс шаруашылығы
  • Гербологияның зерттеу объектісі: сегетальды және рудеральды өсімдіктер түрлері және олардың мәдени дақылдар фитоценозындағы көлемін реттейтін іс-шаралар жүйесі.
  • Сегетальды өсімдіктер (латынша: segetalis - дәнді дақылдар арасында өсетін) – мәдени дақылдар танаптарында өсуге бейімделген арамшөптер түрлері.
  • Рудеральды (латынша: ruderis — қоқыс, ұсақ тастар) – құрылыс қоқыстарының арасында және жол жиектерінде өсетін, қорғаныштық қасиетке ие (тікендері, улы заттары, ашытатын түктері бар) арамшөптер түрлері.
  • Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде кездесетiн, сол арқылы олардың өнімінің мөлшерін төмендетiп, сапасын нашарлататын өсімдіктердi атайды. Егер бiр дәндi дақылдың егiсiнде екiншi дәндi дақыл кездессе, оны ластаушы деп атайды.
  • Арамшөптер – егiншiнiң әрқашандағы және қауiптi жауы. Мәдени дақылдардың арасында өсiп, олар су, қоректiк зат үшiн алғашқылармен күреске түседi. Осындай қатар өсу өнімнің әр түрлi мөлшерде төмендеуіне – 10-30%-тен бастап мәдени өсімдіктердің толық өлуiне дейiн, әкеп соғады.
  • Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы:
  • - арамшөптер топырақтан көп мөлшерде ылғал алады, сондықтан қуаңшылық аймақтарда арамшөптермен күрес - ылғал үшiн күрес болып табылады.
  • - арамшөптер мәдени өсімдіктермен топырақтағы қоректiк заттар үшiн бәсекелестiкке түседi және олар қоректiк заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп алады.
  • Арамшөптермен кешендi күрес шараларын жүргiзу үшiн оларды ботаникалық ерекшелiктерiне қарай топтарға бөлiп жiктеудiң маңызы зор. Бiрiншi кезекте арамшөптiң ботаникалық класын анықтау керек. Арамшөптерді қосжарнақтылар класына (dicotyledoneae) және даражарнақтылар класына (monocotyledoneae) бөледі. Бұл класс өкiлдерiнiң вегетативтiк және генеративтiк органдарының морфологиялық және анатомиялық ерекшелiктерi бар.
  • 3) табиғи жайлымдардың, шалғындықтардың, басқа да мал азығына пайдаланылатын жерлердiң арамшөптерi. Бұл топтағы өсімдіктердi малдар нашар жейдi, сондықтан малды ол жерлерде ретсiз көп жайғанда осы топтағылардың саны тез артады.
  • Бiрақта, бұл үш топтағы арамшөптердің арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетiкен тек шабындықта емес, алаңқайларда да өседі. Ақ алабұта, көкпек, кенепшөп, гүлтәжi үйлердiң маңында және ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiктерiнде де кездеседi.
  • Арамшөптердi қат -қабаттылығына қарай бөлу:
  • 1) жоғарғы қат -қабаттың арамшөптерi (қалуендер, ащы жусан, кенепшөп, ақ алабұта, көкпек) – олар дәндi дақылдардан, картоптан биiк өседі;
  • 2) ортадағы қабаттың арамшөптерi (жабайы шомыр, кәдiмгi қарамықша, далалық арпабас, көк гүлкекiре, кәдiмгi қара сұлы);
  • 3) төменгi қабаттың арамшөптерi (кәдiмгi қазтабан, кәдiмгi жұмыршақ, егiстiк ярутка). Төменгi қабаттың арамшөптерi көлеңкеге төзімдi келедi. Кейде төменгi қабатта ортадағы қабаттың өсіп-даму жағынан мәдени дақылдардан кейiн қалған арамшөптерi (итқонақ, гүлтәжi) кездеседi. Олар көлеңкелiкке нашар төзедi, сондықтан өте әлсiреген жағдайда болады және көздерінің тұқым өнімділігін күрт төмендетедi.
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет