8 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы жұмыс Пиридоксин / В6



бет4/5
Дата06.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#189981
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
8-зертзана Биохимия
Диспансеризация, Дәріс. Асқорыту, көру
Е дәрумені (токоферол) – қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең күшті антиоксидант.
К дәрумені (филлохинон) К тобындағы дәрумендерге филлохинон (К1), менахинон (К2) және нафтохинон туындылары жатады. Осының ішінде К1 дәрумені К2-ге қарағанда белсендірек. К дәрумені – майда еритін дәрумен. Оның биологиялық құрылысына қарап, гормонодәрумен деуге болады, өйткені ол ақуыздарды индукциялайды. К дәруменінің коферменттік қызметі және редокстік қасиеті, яғни протондар мен электрондарды қабылдау мен беру қабілеті бар.
F дәрумені (линоль, линолен, арахидон қышқылдары) – жасуша мембраналары құрылымының құрамына кіреді, пластикалық қызмет атқарады.


5-жұмыс Е витаминінің темір (III) хлоридімен реакциясы


Қысқаша теориялық мәліметтер.Е витамині (токоферол). Өсімдіктерде синтезделетін витамерлер тобы Е дәрумені деп аталады. Олардың ішінде α-, β-, γ- токоферолдар кең тараған. Е дәрумені өсімдік пен жануар майларында кең таралған. Сонымен қатар, барлық табиғи тағамдарда, белоктық өнімдерде, шырғанақ, жүгері, бидай, жұмыртқа, шпинат, авокадо, жаңғақ, алмада кездеседі. Е витаминінің маңызы – клетка мембранасын тұрақтандыратын ең күшті антиоксидант.

Әдістің негізі. Е витаминінің темір (III) хлоридімен реакциясының мәнін түсіну.
Қажетті құрал -жабдықтар: 0,1 % Е витаминінің спирттік ерітіндісі, 1 % FeCl3 ерітіндісі,спиртшамы, пробиркалар, пипетка.
Жұмыс барысы:Құрғақ пробиркаға 4-5 тамшы 0,1 %-дық Е витаминінің спирттік ерітіндісін тамызып, оған 0,5 мл 1 %-дық FeCl3 ерітіндісін қосады және мұқият араластырады.

Ерітінді қыздырғанда қызыл түске боялады. Реакция нәтижесінде токоферол темір (III) хлоридімен токоферилхинонға тотығады (R – изогексадекан радикалы):


6-жұмыс Кальциферолға анилиндік татпа (D витамині)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет