«№8 жалпы білім беретін мектеп» кмм де 022-20223оқу жылында «Б» сыныбының «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру туралы ақпарламасы



бет3/5
Дата19.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#165912
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жолда жүру ережесі Камшат
КТП 3 сынып 2022-2023 Актоты (1), Ақпарлам1
Күні: 26.01.2022 ж.
Қатысты: 25 оқушы
Мақсаты: оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда, әр түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді меңгерту; оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 26 күні 6 «Б» сыныбында «Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек» тақырыбында жолда жүру сабағы өткізілді.
Сабақтың басында оқушыларға жарақаттанған жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көрсету туралы ақпараттар берілді. Оқушылар жарыса өз пікірлерін білдіріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашты. Тақырып бойынша оқушылар топқа бөлініп, өздеріне берілген тақырыптарын ашуға тырысты. Жарақатқа ауадан, лас заттардан микробтар жұғуына жол бермеу.Олардың алдын алу үшін химиялық дәрілер (спирт, йод, сутегі тотығы, марганец ерітіндісі, антибиотиктер, т.б.) қолданылады.
Жарақатты неғұрлы ерте өңдеудің және оны таңып тастаудың пайдасы өте зор.
Ауру сезімін бәсендету мақсатында ауыртпайтын дәрілерді жарақаттанған кезде ең алғашқы жәрдем ретінде пайдаланған жөн. Адамның басы, омыртқа жотасы зақымданғанда оны қозғалтпау амалын қарастыру – ең алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негізгі шарты. Сабақ өткізілу барысында оқушылар тақырып төңірегінде біршама мәліметтер алып, стикер арқылы кері байланыс жасады.



Сынып жетекшісі: Тендесбаева К.Ж.




«№ 8 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында 6 «Б» сыныбының «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» 
міндетті оқу курсын іске асыруы туралы ақпарламасы


Күні: 09.03.2022 ж.
Қатысты: 25 оқушы
Мақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 09 күні 6 «Б» сыныбында «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» тақырыбында жолда жүру сабағы өткізілді.
Сабақтың басы ой қозғау мақсатында «Жылдам. Шапшаң. Батыл» атты сұрақ – жауап әдісімен басталды. Оқушылар шапшаңдық танытып сқрақтарға жарыса жауап берді. Оқушылар жарыса өз пікірлерін білдіріп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашты. Тақырып туралы маңызды ақпараттарды мұғалім оқушыларға жеткізді. Жолда жүру ережелерімен танысып, сұрақтарға жауап берді. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сабақ өткізілу барысында оқушылар тақырып төңірегінде біршама мәліметтер алып, стикер арқылы кері байланыс жасады.

Сынып жетекшісі: Тендесбаева К.Ж.


«№ 8 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2021-2022 оқу жылында 6 «Б» сыныбының «Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері» міндетті оқу курсын іске асыруы туралы ақпарламасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет