8-лекция. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты


Ақпараттық жүйелер миссиясы



бет2/6
Дата26.04.2023
өлшемі44,45 Kb.
#175521
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КЖАК 7-8-9-10-лек
тест, 5485, 236920
Ақпараттық жүйелер миссиясы.
Ақпараттық жүйелер ақпарат және ақпараттық технологиялар сияқты қоғамның пайда болу моментінен бастап бар. Өйткені оның дамуының кез келген сатысында басқару қажеттілігі бар. Ал басқару үшін жүйелендірілген, алдын-ала дайындалған ақпарат қажет. Демек, ақпараттық жүйенің миссиясы – оның барлық ресурстарымен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін мекемеге қажет ақпаратты өндіру, мекемемен басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттық және техникалық орта құру. Кез келген жүйе негізінде процесс жатыр. Ақпараттық жүйе негізінде – ақпаратты өндіру процесі жатыр. Бұл мағынада ақпараттық жүйені басқару жүйесі ретінде қарастыра аламыз, мұнда бұл процесс басқару объектісі болып табылады. Басқарудың кез келген жүйесіндегідей ақпараттық жүйені басқару органдары бар.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен өндірілген жүйе ретінде пікірлер туындады. Бірақ олай емес. Ақпараттық технологиялар сияқты, ақпаратты жүйелер техникалық құралдарды қолданумен және де оны қолданбай-ақ жұмыс істеуі мүмкін.
АЖ классификациясы оқыту пәнін жақсы түсінуді қамтамасыз етеді. Белгілі бір мақсатты көздейтін әртүрлі классификациялар бар.
Deloitte & Touch компаниясымен орындалған классификациямен сәйкес АЖ төрт топқа бөлінуі мүмкін:

  1. Локальды.

  2. кіші интегралданған.

  3. орташа интегралданған.

  4. ірі интегралданған.

Басқа авторлар АЖ-ні ERP-жүйелермен ұқсастығы/ерекшелігі принципі бойынша бөледі. АЖ келесі түрлері бойынша ерекшелейді:

  1. локальды автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – жеке жұмыс орнында басқарушылық функцияны өндіру үшін арналған программалы-техникалық кешен.

  2. Басқару функциясын толық көлемде өндіретін ақпараттық және функционалды байланысқан АЖО кешені.

  3. Мекеме масштабында басқару функциясының интеграциясын қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық базаға негізделген АЖО компьютерлік желісі.

  4. Ірі масштабты мекемемен толық функционалды үлестірілген басқаруды қамтамасыз ететін корпоративті АЖ.

АЖ үшін басқа классификациялық белгі – функционалды компоненттер ақпаратын және сәйкес ақпараттық технологияларды өңдеу алгоритмдері күрделілігінің дәрежесі: Деректерді жедел өңдеу жүйесі – жүйенің OLTP- (On-Line Transaction Processing жүйелер); DSS (Decision Support Systems) шешім қабылдау және қолдау жүйесі.
Деректерді жедел өңдеу жүйесіне алғашқы ақпаратты есепке алу және тіркеудің дәстүрлі АЖ жатады (бухгалтерлік, қойма жүйелері, дайын өнімді шығаруды есепке алу жүйесі және т.с.с.). бұл АЖ алғашқы ақпараттың үлкен көлемін жинау және тіркеу орындалады, деректер базасына сұраныс жасау және есептеудің қарапайым алгоритмдері пайдаланылады.
Қолдау және шешім қабылдау жүйесі ақпаратты аналитикалық өңдеу, жаңа білімдерді қалыптастыруды талап ететін күрделі бизнес-процестерді өндіруге негізделген. Ақапартты талдау белгілі бір мақсатқа негізделеді, мысалы, мекеменің қаржылық анализі, бухгалтерлік есеп аудиті және т.с.с. АЖ осы класының маңызды ерекшелігі мыналар болып табылады: Үлкен көлемдегі деректерді сақтау орнын құру (Data WareHouse – DW); Деректерді аналитикалық өңдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану (On-Line Analytical Processing – OLAP-технологиялар). Жаңа білімді қалыптастыруды қамтамасыз ететін деректерді интеллектуалды талдау (Data Mining – DM технологиялар).[11]
Қорыта келе, экономикалық ақпаратпен қоғамда өндірістік қатынастарды сипаттайтын ақпарат түсіндіріледі. Экономикалық ақпаратқа экономикалық жүйеде жүретін мағлұматтар жатады. Экономикада автоматтандырылған ақпараттық жүйенің атқаратын ролі өте зор.
Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған ресурстар олардың өздерінде табыла бермейді. Өз мәселелерін шешу үшін олар кәсіпқой программистердің көмегіне жүгінеді.
Жүйе деп компьютердің ақпараттық бөлігін айтуымызға болады, нақты қолданбалы есептерді шешуге, құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды алуымызға болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функциялану (іс-қимыл жасауы) мақсаты бейнеленеді. 
Ақпараттық жүйе – қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, жаңарту, енгізу және шығарып беру жүйесі.
Олар, сонымен қатар, мәселелерді талдауға және жаңа өнімдерді құруға көмектеседі. Яғни, ақпараттық жүйе дегеніміз қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды сақтау, өңдеу, беру және т.б-лар үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персональдың өзара байланысқан жиыны. Қазіргі кезде ақпараттық жүйені дербес компьютердің, ақпаратты өңдеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдары ретінде қолданылып ұсынылады. Ірі ұйымдарда ақпараттық жүйенің техникалық қорларына, құрамына дербес компьютерлермен қатар Mainframe (мэйнфрейм) немесе супер Э.Е.М енеді. Ақпараттық жүйенің құрылуы үшін адам рольінің маңызы өте жоғары, яғни өндірілетін ақпараттың алынуымен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады. Компьютерлермен ақпараттық жүйелер арасындағы ерекшелікті түсіну өте маңызды болып табылады. Арнайы бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған компьютерлер ақпараттық жүйемен техникалық қорлар үшін негізгі құрал болып саналады.
Ең алғашқы ақпараттық жүйелер 50-жылдары пайда болды. Олар есептерді өңдеу үшін қолданылатын және электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машинасында ғана жүзеге асырылған. Бұл жылдары ақпараттық қағаз-құжаттарын дайындауға кететін уақытпен шығындарды азайтуға көмектесті. 60-жылдары ақпараттық жүйелерге қатысты өзгешелер ене бастады. Олардан алынған ақпарат көптеген параметрлер бойынша уақытылы есеп берушілер үшін қолданыла бастады. Сондықтан, ұйымдарға бұрынғыдай тек жалақыны есептеу, өңдеу ғана емес, көптеген функцияларды жүзеге асыруға қабілетті кең ауқымды компьютерлік жабдықтар қажет болады. 70-жылдары 80-жылдардың басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау үрдістерін сүйемелдейтін және жылдамдататын басқаруды бақылау құрамы ретінде кеңінен қолданыла бастады. 80-жылдардың соңында ақпараттық жүйелерді қолданылу концепциясы тағы да өзгерді. Олар ақпараттың стратегиялық көзіне айналып кез-келген кәсіби ұйымдардың барлық деңгейінде қолданылды. Осы периодтағы ақпараттық жүйелер қажетті ақпаратты уақытында бере отырып, ұйымдарға қызметкерлердің сәттілікке жетуге, жаңа тауарлармен қызметтер құруға, шикізаттың жаңа нарығына өтуге сенімді серіктестермен келіссөз жүргізуге төмен баға бойынша өнім шығарылымын ұйымастыруға т.б-ға көмектесті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет