8-лекция. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты



бет1/6
Дата26.04.2023
өлшемі44,45 Kb.
#175521
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КЖАК 7-8-9-10-лек
тест, 5485, 236920

3-тақырып. Деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелеріндегі ақпаратты қорғау құралдарын талдау


7-лекция. Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеті
8-лекция. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
9-лекция. Аппаратураға қатынауды бақылау, ДӨАЖ ақпаратына қатынау шектерін айыру және бақылау – ДААЖ-дегі ақпараттарды қорғау әдістері
10-лекция. ДӨАЖ-дегі ақпараттарды қорғау әдісі – қатынауға пұрсаттылықты бөлу 



7-лекция. Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеті
Өндірістік және шаруашылық мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, банктер өздігінше күрделі объектілерді көрсетеді. Ақпараттық жүйе түсінігі өзара және элементтердің сыртқы ортасымен байланысқан жиынтық ретінде қарастырылады. Олардың жұмыс істеуі нақты мақсатты немесе пайдалы нәтижені алуға бағытталған. Осы анықтамаға сәйкес әрбір экономикалық объект (мекеме) немесе оның бөліктерін қойылған мақсатқа жетуге ұмтылатын жүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйе үшін негізгі қасиеттер: күрделілік, бөлінгіштік, бүтіндік, элементтердің әртүрлілігі және олардың табиғатының айырмашылығы, құрылымдылық. 
Жүйе күрделілігі оған кіретін элементтер жиынына, олардың құрылымдық әрекеттесуіне, сонымен қатар сыртқы және ішкі байланыс күрделілігіне қатысты. Кәсіпорын немесе мекеменің маркетинг қызметі осындай элемент мысалы болып табылады, яғни күрделі сыртқы және ішкі байланыстарды өндіреді. 
Жүйе бөлінгіштігі нақты мақсат пен міндеттерге жауап беретін, белгілі бір белгісі бойынша ерекшеленген ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Бұл қасиет мыналарды талдау кезінде ерекше маңызды: экономикалық объектілердің жұмыс ерекшеліктері, олардың басқарушылық қызметін ұйымдастыру, құжат айналымды қалыптастыру мен жүргізу, ақпаратты қайта өңдеу орталықтарының жұмыс істеуі және т.с.с.
Жүйенің бүтіндігі жүйе клиенттерінің көбісінің жұмыс істеуі бір мақсатқа бағыныштылығын білдіреді, онымен модельдеу процесінде талап етілетін және анықталатын нақты экономикалық объекті қызметінің нәтижелілігіне қол жеткіземіз. 
Жүйе құрылымдылығы жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы орнатылған байланыстар мен қатынастардың бар болуын анықтайды. Бұл материалдық, қаражат және ақпараттық ағымдардың қозғалысын қалыптастыруға арналған шартты құрады. Жүйе кез келген объект болып түсініледі. Ол бір бүтін ретінде, сонымен қатар қойылған мақсатқа жету негізінде біріктірілген әр түрлі элементтер жиынтығы болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді. Әртүрлі элементтерден тұратын және әртүрлі мақсаттарды өндіруге бағытталған бірнеше жүйелерді келтірейік.
Компьютерлендіру объектілеріне қойылатып жалпы талаптар:

  1. Басқару мақсаты үшін алынатын ақпарат сапасының қажет деңгейімен берілген мерзімде, толық көлемде басқармалы функцияны өндіру;

  2. Ақпаратты жинау, тіркеу, беру, сақтау, өңдеу, көрсетудің тиімді технологиясын қолдану;

  3. Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің сенімділігі;

  4. Ақпаратты қорғау;

  5. Басқарудың компьютерлік ақпараттық жүйесінің бейімделуінің жоғары деңгейі.

Басқару жүйе компоненттері арасындағы, сонымен қатар қоршаған ортамен ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесі уақыттың әрбір моментінде жүйе жағдайы туралы мәлімет алуды болжайды. Демек, экономикалық объектпен басқарудың кез келген жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, ол экономикалық ақпараттық жүйе деп аталады.
Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Ақпараттық жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: ақпараттық және технологиялық.Ақпараттық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, ақпараттық жүйені баптаумен байланысты.
Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:

  1. Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;

  2. Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;

  3. Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;

  4. Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.

Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ) — бұл экономикалық объекттің түзу және кері ақпараттық байланысының ішкі және сыртқы ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқарушы шешімдерін алу процесіне қатысатын мамандар, құралдар, тәсілдер жиынтығы. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет