8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны



бет2/126
Дата09.12.2023
өлшемі467,89 Kb.
#196062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû
Контрольные работы2019, Тест физика 9 сынып, Сөж педагогика Нұрбақыт, Әлеуметтік интеллект, 8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû, 8. Ëåêöèÿ ñàáà?òàðûíû? æîñïàðû, ìàçì?íû
1. Абстракт

Оқу - әдістемелік кешені – “” пәні бойынша – мамандығының студенттеріне осы курс бойынша дәріс беруші оқытушының жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру көзделіп отыр.


Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: СС- семинар сабақтар, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына есебін тигізеді деп күтілуде.
СӨЖ- де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен игеруі мен йүге берілген тапсырманы орындау көзделеді: Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.
Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.
Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынық/емтиханды алуға арналған.
Дене шынықтыру және спорт мамандығында оқитын студенттерге осы мамандыққа қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруда “Дене шынықтыру педагогикасы” пәнінің алатын орны ерекше.
Пәннің мақсаты – болашақ мұғалімдерге дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін, мұғалімнің педагогикалық міндеттері мен кәсіптік шеберлігін меңгерту, ой-өрісін кеңейту, педагогикалық тұрғыдан ойлануға, оқу мен тәрбие жөніндегі әр түрлі пікірлерді салыстыруға, бағалауға қажетті пайдалануға үйрету.
“Дене шынықтыру педагогикасын” “Дене шынықтыру және спорт” мамандығында оқытуда арнайы мақсат көзделген. Ол келешек мұғалімдерге педагогика мен мектеп қоғамдық даму талаптарына қалай жауап береді, ғылым дамуының процестері қалай ықпал жасады, міне осыларды көрсету.
Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол -өте күрделі және сан қырлы. Педагогтық мамандық иесі адамның ең алдымен терең және жан -жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, адамгершілік сапаларды, мықты еріктік қасиеттерді, адамшылдық пен ұстамдылықты талап етеді.
Пәнді оқытудың мақсаты- осы қасиеттерді келешек ұстаздардың бойына қалыптастыру. Адамгершілік тәрбие беретін болғандықтан педагогикалық білім беру ісі жалпы адамтану ғылымының негізі болып табылады. Педагогикалық білім жүйесін қайта құру мәселесі қоғам біліктілігін дамытып, педагогика ғылымының мәнін,ролін арттырып, істі жаңаша бастауды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет