8 Практикалық сабаққа арналған таратпа материал Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу. Өкпе вентиляциясы. Газалмасу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы. Тыныс алудың реттелуі Ауызша сұрау



бет1/3
Дата05.04.2023
өлшемі17,75 Kb.
#173771
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№8ПЗ Сырт тын алу
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 221026 215246

8 Практикалық сабаққа арналған таратпа материал
Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу. Өкпе вентиляциясы. Газалмасу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы. Тыныс алудың реттелуі


Ауызша сұрау:
1. Тыныс алу процесінің негізгі кезеңдері.
2. Тыныс алу түрлері (құрсақтық, кеуделік, аралас).
3. Тыныс алу циклы. Тыныс алу жолдарының физиологиясы.
4. Өкпенің желдетілуі / минуттық, альвеолярлық, оның мүшенің әр түрлі бөліктерінде біркелкі еместілігі.
5. Өкпедегі газ алмасу. Өкпе мембранасының қасиеттері. Өкпенің диффузиялық сыйымдылығы.
6. Қан арқылы О2 және СО2 газдарының транспорты. Гемоглобиннің түзілуі мен диссоциациясына әсер ететін факторлар. Қан мен тіндер арасындағы газ алмасу.
7. Қанның газ құрамының тұрақтылығын сақтайтын функционалды жүйе.
8. Гиперкапния мен гипоксия кезінде өкпенің вентиляциясының өзгеруі.

1 жұмыс. Өкпенің және оның фукциялдық тіршілік сиымдылығын анықтау. «Спироком» құралымен жұмыс жасау.


Жұмыстың мақсаты:Өкпенің көлемі мен тіршілік сиымдылығын анықтау әдістерімен танысу.
Әдісі:Спирометрді нөльдік қалыпқа келтіру,мундштукты спиртті мақтамен сүрту,екі-үш рет терең тыныс алып шығару және барынша терең ауа жұтып, спирометрге барынша терең тыныс шығару.Тыныс шығаруды бірқалыпты асықпай жүзеге асыру.Шыққан сан өкпенің тіршілік сиымдылығының көрсеткіші болады(ӨТС).
Тыныс алудың көлемін анықтау.
Спирометрді нөльдік қалыпқа келтіру,мундштукты ауызға салып бірқалапты тыныс алу,ауаны мұрынмен тартып,ауыздан спирометрге шығару керек.Бес-алты тыныс алудан кейін шығарылған ауаның көлемін шкала көрсеткіш бойынша анықтап,оны алынған тыныс санына бөлу.
Тыныс алудың қосымша көлемін анықтау:
Қақпақтан тығынды алып,спирометрдің қоңырауын көтеру,мысалы 3000 мл дейін.Кейін тығынды жабу.Тексерілуші бірнеше қалыпты тыныс алғаннан кейін мундштукты салып, барынша терең тыныс алу қажет.Бірінші көреткіш(3000) пен соңғы көрсеткіштің (мысалы 1500) айырмасы тыныс алудың қосымша көлемі болып табылады – 1500.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет