8. Топографиялық карта және оның қолданылуы. Топографиялық картаның мәні, оның қасиеті және қолдану. Топографиялық түсірілім және әртүрлі масштабқа арналған топографиялық картаны құрастыру


Қазақстанның климаты. Климаттүзуші факторлар, жылу және ылғалдың қатынастарының заңдылықтары. Агроклиматтық жағдайлары және ресурстары



бет2/9
Дата19.07.2020
өлшемі38,37 Kb.
#75420
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-14жалпы жертану
8-14жалпы жертану, 8-14жалпы жертану, 8-14жалпы жертану, A ауа b к н c топыра d жары e таби ат Ежелгі грек ойшылы Фалес (2)
9.Қазақстанның климаты. Климаттүзуші факторлар, жылу және ылғалдың қатынастарының заңдылықтары. Агроклиматтық жағдайлары және ресурстары.

Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады.

Ауа мен ауа массаларының қозғалысы жылу мен ылғалдың айырбасына, желдің, жауын-шашынның қалыстасуына және температураның тербелмелі өзгерісіне әсері елеулі. Климаттық жағдайдың алуан түрлі болуы, олардың жыл мезгілдері бойынша өзгеріп отыруы үздіксіз бір-бірімен тығыз байланыста дамитын 3 факторға: территорияның әр түрлі бөліктеріне күн радиациясының әрқалай түсуі, төсеніш беттің сипаты мен қасиетіне және осы айрымашылықтарды бәсеңдетін ауа ағынына байланысты. Климаттың континенттік деңгейі де осы факторларға бағынышты. Осыған байланысты Қазақстанның жекелеген аудандарының климаты ғана емес табиғи жағдайлары мен кешендері дамиды.

Агроклиматтық ресурстарды сипаттайтын Қазақстан облыстарының агроклиматтық анықтамалары шығарылады.

Орташа тәуліктік температура 10˚С жоғары температурасының жиынтығының ауытқуы: Солтүстікте 2000˚-2100˚С,оңтүстікте 4300˚4600˚С –ге жетеді.Республикамыздың солтүстігінде орташа тәуліктік температура 10˚С-ден жоғары,өсіп-өну 130-135 күнге созылады.Орталық Қазақстанда климат құрғақ.Жылу ресурстары 2400˚-2800˚С,орташа температура 10˚С-ден жоғары,150-160 күн,дәнді –дақылдар,күнбағыс,қарақұмық,картоп өсіріледі.Республикамыздың орталығында өсіп-өну ұзақтығы 180 күннен астам,суармалы күріш,мақта,темекі,жүзім,қант қызылшасы және т.б.жылу сүйгіш өсімдіктерге мүмкіншілік бар.Агроклиматтық ресурстар жаздық бидай,зығыр,көкөніс,бау-бақшаға қолайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет