8. Топографиялық карта және оның қолданылуы. Топографиялық картаның мәні, оның қасиеті және қолдану. Топографиялық түсірілім және әртүрлі масштабқа арналған топографиялық картаны құрастыру


Арал апатына себеп болған факторлар



бет6/9
Дата19.07.2020
өлшемі38,37 Kb.
#75420
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-14жалпы жертану
8-14жалпы жертану, 8-14жалпы жертану, 8-14жалпы жертану, A ауа b к н c топыра d жары e таби ат Ежелгі грек ойшылы Фалес (2)
Арал апатына себеп болған факторлар:

  1. жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  2. ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  3. суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  4. жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  5. табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Каспийдің экологиялық мәселелері

Каспий экологиясы – Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай.

Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экология жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. 1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды.

Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экология тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биол. алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет