9. Қ. Жұбанов және қазақ тілінің буын типологиясы



Дата16.05.2023
өлшемі16,01 Kb.
#176896
Байланысты:
қазақ тілі 9-12
Коррекция СӨЖ Есен Айнара, Документ 21, Сестринское дело (алгоримты каз)

9. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің буын типологиясы
Буын теориясы фонетикадағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Қазақ тіл білімі тарихында буын типологиясы туралы алғашқыларың бірі болып пікір айтып, зерттеу жүргізген Қ.Жұбанов болып табылады. «Сөзді бөліп-бөліп айту керек болғанда үйірі-үйіріменен бөлсе, дыбыстары өзгермейді. Үйірін бұзып бөлсе, омыртқаны буынсыз жерден бөлгендегідей болып, сөздің дыбыстарының бірі үзіліп, біріне артық дыбыс қосылып, қалпы бұзылады», - дейді Қ.Жұбанов.


10. Буын жігі, буын түрлері
Буынның жігін таба білу буын теориясының басты қажеттілігі екендігін де ғалым ерекше атап көрсеткен. Ол буынға мынандай анықтама береді: «Сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз» Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі буынды құрамындағы дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай алтыға бөледі: 1. Жалаң буын, немесе (ДЫ); 2. Ашық буын, немесе (Дз/Ср+Ды); 3. Жеңіл тұйық буын, немесе (Ды+Дз/Ср); 4. Жеңіл бітеу буын, немесе (Дз/Ср+Ды +Дз/Ср); 5. Ауыр тұйық буын, немесе (Ды + Ср + Дз); 6. Ауыр бітеу буын, немесе (Дз/Ср+Ды +Ср+ Дз); Қ.Жұбанов бір буында екі дауыссыз қатар келсе, айтылуы ауырлап, естілуі кемитінін, ал екі дауыссыз қатар келмей, араларында дауысты дыбысты кірістірсе, айтылуы да, естілуі де жеңілдейтінін ескерте келіп, «ауыр буын», «жеңіл буын» деген аттары осы жағдайға байланысты аталғандығын айтады. 


11. Буын және тасымал мәселелер
Буын.
Буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:
1) ашық буын; 2) тұйық буын;3) бітеу буын;
Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын. Мысалы: а-ға, қа-ла, ба-ла;
Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын. Мысалы: ант, ет, от, аң, ай
Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталған буындар. Мысалы: нар, бал, нан, тас, бас, қарт, өрт.
Тасымал.
Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауын тасымал дейміз.
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ, мек-теп.
Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от, кел, ет, қарт.
2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынан қалдыруға болмайды. Сондай – ақ, аң, кең, еш, қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.
3. А.Құнанбаев, М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.
4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг, 25см
5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. АҚШ. ТМД, ҚарМу.
12. Қазақ тілінің буын жүйесінің зерттелуі
Буынның зерттелуі 
Буын мәселесі, оның дыбыстық құрамы, байланысы, түрлері туралы зерттеулер XIX ғасырда басталды. Қазақ тіл білімінде ең алғаш буын мәселесін қарастырған ғалымдар: Ахмет Байтұрсынов «Тіл-құрал», «Тіл тағлымы», Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», Ж. Аралбаев «Қазақ тілі бойынша этюдтер», Н. Сауранбаев «Қазақ тіл білімінің проблемалары»,I. Кеңесбаев «Қазіргі қазақ тілі», К. Бейсенбаева «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», К. Аханов «Тіл білімінің негіздері», Б. Қалиев «Қазақ тілінің фонетикасы», С. Мырзабеков «Қазақ тілінің фонетикасы» т. б. 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет