9 дәріс Ландшафттылық үлгілеу



Дата10.11.2023
өлшемі156,5 Kb.
#190741
Байланысты:
9+лекция


9 дәріс Ландшафттылық үлгілеу


Мақсаты: Ландшафттылық зерттеулердің қазіргі заманғы әсерлі әдістерінің бірі ретінде ландшафттылық үлгілеумен танысу.


Тақырыптың қысқаша мазмұны


Қазіргі кезде үлгілеу әдісі үлкен маңызға ие болып отыр. Үлгілеу – танысу теориясының негізгі категорияларының бірі. Ол үлгілерді құру және оларды оқыпбілу арқылы құбылыстарды, процестерді және объектілер жүйелерін зерттеу болып табылады. Үлгі – зерттелінетін объектінің шартты бейнесі немесе мысалы. Үлгі келесі негізгі үш талапты қанағаттандыруы керек: таныстырушылық, ұқсас болу, трансляциялау. Үлгілеу ұқсастыру негізінде құрылған. Үлгілеу зерттеуді жеңілдетеді, қарапайым етеді, оны көзге көрнекті көрсетеді, істелінетін жұмыстарды азайтады, сондай-ақ жер бетінде өлшеуге келмейтін объектілерді оқып-білуге мүмкіндік береді. Географиядағы өз дамуында үлгілеу бірнеше сатылардан өтті. Осы уақыт ішінде шындықты көрсетудің табиғи және математикалық, көрнекті және дерексіз, формализацияланған және формализацияланбаған әдістерінің арасындағы арақатынас өзгерді. Сондай-ақ үлгілеу әдәсінің географияда өзіндік ерекшелігі бар. Бұл оның әртүрлі құрылымдардың арасындағы арабайланыстар мен арақатынастарға есеп жүргізу қажеттілігімен түсіндіріледі. Негізінде үлгілер қандай да бір өзгерісті оқып-білу үшін құрылады. Үлгіде инварианттылықты көрсету біршама қиын әрі география саласындағы маңызды жұмыс саналады. Сол себепті де кешенді географиялық зерттеулерде үлгілеу әдісі салыстырмалы түрде тәжірибе жүзіне баяу енгізіліп жатыр. Үлгілердің көмегімен келесідей бірнеше географиялық жұмыстарды шешуге болады: интерполяция, экстраполяция, ретроспекция, диагноз, оқыту. Географиядағы үлгілеу жөнінде Д.Харвей, В.Сочава, С.Преображенский, Д.Арманд, Ю.Пузаченко, Т.Александрова және тағы басқалардың еңбектерінде қарастырылған. Геожүйелер үлгілерінің классификациясы жөнінде Д.Армандтың еңбегінде тереңірек көрсетілген. Геожүйелердің үлгілері қолданылуына байланысты теоретикалық, іздеу және бейнелік деп бөлінеді. Логикалық құрылу жолдарына байланысты үлгілердің индуктивті және дедуктивті түрлері бар. Қозғалыс сатыларына байланысты үлгілер статикалық, кинематикалық және динамикалық болып бөлінеді. Физикалық географиядағы үлгі бұл – геожүйенің нақты бейнесінің кішірейтілген, қарапайымдатылған көшірмесі. Физикалық география үшін үлгілеудің орны ерекше, себебі үлгілердің келесідей үш қасиеті бар: 1) үлгілер масштабтың көмегімен геожүйенің өлшемдерін қолайлы мәнге дейін өзгерте алады; 2) үлгілерде уақыт масштабы ескеріледі, яғни геожүйелердегі динамикалық құбылыстарды оқып-білуде маңызы жоғары; 3) геожүйедегі элементтер саны мен өзара байланыстарын бөлшектеу арқылы үлгілеу геожүйелердегі қиындықтарды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кез-келген геожүйе әрбіреуінің өзіндік мақсаты бар үлгілер кешенімен ғана бейнелене алады. Картографиялық үлгілеу – үлгілеудің жалпығылыми әдістерінің бірі; ол үлгілеудің жапы принциптеріне сүйене отырып, оларды өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес қолданады. Карталардың өзі нақты жер бетінің математикалық анықтлған, кеңістіктік және бейнелі-белгілеулік үлгісі болып табылады. Географияда 21 қолданылатын үлгі ретінде карталар аэроғарыштық түсірістер мен басқа да географиялық үлгілердің арасындағы орталық орынды алады. Үлгі ретінде карта жоғары ақпараттылығымен ерекшеленіп, ақпаратты тарату құралы болып табылады. Ірі масштабты ландшафттылық картографиялауды жүргізу кезінде ландшафттылық профильдеу және маршруттық зерттеулер әдістері қолданылады. Бұл әдістерде жұмыстық маршруттар торы бүкіл территорияны біркелкі қамтиды, онда жер бедерлерінің барлық контурларының қиылысуы мен олардың шекараларының картаға сызылуы көрсетіледі. Нақты көрсетілген бедердің шекараларын картаға түсірудің шекті қателігі 2мм-ді құрайды, ал топографиялық негізде 0,2мм болады. Кешенді физикалық - географиялық профильдерді құрастыру өз беттік тапсырма немесе ландшафттылық картографиялау және физикалық - географиялық аудандастыру мақсатындағы жұмыстардың көмекші сатысы болуы мүмкін. Профильдеу әдісі ТАК құрылымын, картографиялауды, динамикалық құбылыстарды және ТАК-ның жұмыс жасауын оқып-білуде қолданылады. Ландшфтылық профиль берілген территорияға қатысты бірнеше геокешенді қиып өтетін жер бетіндегі жіңішке ұзын жолақ. Профильдерді құрастырудың мақсаты – ТАК ішіндегі өзара байланыстарды және кешендердің өзара қиылысуын көрсету. Ландшафттылық профильеу үшін мәліметтер далалық бақылаулар нәтижесінде, сондай-ақ салалық карталар мен анықтамалықтар арқылы да алынады. Профильдің сызығын таңдаған кезде оның зерттелінетін территорияға қатысты жер бедердің барлық түрлерін қиып өтетіндей, геологиялық құрылымының және өсімдік жамылғысының әркелкілігін көрсететіндей, ландшафттының морфологиялық құрылымының әркелкілігін мінездеп беретіндей етіп таңдау керек. Зерттеулердің барлық мәліметтерін көрсететін гипсометриялық қисық топографиялық карта бойынша сызылуы мүмкін немесе аспаптық түсіріс жолымен алынуы да мүмкін. Профильді жүргізу барысында территорияның барлық табиғи кешендері және олардың иерархиялық байланыстары көрсетіледі. Профильдің мінездемесі, оның ұзақтығы, бейнелеу нүктлерінің орналасу жиілігі жұмыстардың масштабына байланысты болады. Профильді тұрғызу қиындығына байланысты толық кешенді бейнелеудің төрт пен он аралығында нүктелерін бекітеді. Кешенді бейнелеудің нүктелерін рельефтің негізгі элементтеріне бекітеді, олардан алынған мәліметтерді бланкілерге жазып алады және шартты белгілермен профильдің гипсометриялық қисығын салады. Далалық жағдайда профильді күнделікте сызбалық түрде көрсетіп, оған кешенді бейнелеудің барлық нүктелерін түсіреді. Геологиялық құрылымы, топырақ, топырақ түзуші тұқымдар, грунттық сулар, өсімдік жамылғысы, ТАК шекаралары жөніндегі мәліметтер. Камералды жағдайда профильдің сызығын таңдалып алынған масштабта сызады және оған бар мәліметтерді түсіреді. 22 Профильде микроклиматтық бақылаулар да көрсетілуі мүмкін. Метеорологиялық мәліметтер сәйкес ретпен профильдің сызығының үстіне жазылады. Ортамасштабты ландшафттылық картографиялау маршрутттық бақылаулар әдісін және маңызды учаскілердегі зерттеулер әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Маршруттың сызықтары барлық жер бедерлері арқылы өтпейді, бірақ бұрын зерттелінбегендерді міндетті түрде басып өтеді. Интерполяция және экстраполяция бақылау тәсілдері геокомплекстерді зерттеген кезде қолданылады. Негізгі алқаптарда бақылау немесе тірек ландшафтты кескінделу және маршрутты зерттелу жолымен ұсақмасштабты ландшафтты картографиялану жасалады. Ұсақ масштабты зерттеулер ландшафтты картада алдын-ала белгіленген геокомплекстер мазмұнын құрайтын контурлардың дәлдігін тексеруге бағытталған. Соңғы уақытта ғарыштық түсірістер ғылыми-конструктивті картографиялық модельдеудің көптеген түрлерінің нақты негізі болып табылады. Рационалды табиғатты қолдану мен табиғатты қорғауға ұсынылған, ғылыми шешімдер негізінде жасалған, жергілікті жерге көшіру мен дәл территориялық байланыс сенімді моделі болып, аэрофототүсіріс материалдарымен қатар ғарыштық түсірістер қолданылады. Ландшафттың даму динамикасын үздіксіз бақылаудың мүмкіндігі туды. Аэроғарыштық суреттерде өмірде бар табиғи және табиғиантропогендік геожүйелер бейнеленген. Эвристикалық, трансляциялық, экстраполяциялық, аппроксимациялық, орынбасарлық міндеттерді атқара отырып, ғылыми модельдерге ұсынылатын талаптарға толық мәнінде ғарыштық суреттер жауап береді. Қазіргі кезде геоақпараттық технологиялар негізінде территорияны модельдеу арқылы зерттеу аса маңызды болып отыр. Табиғи ақпаратты кеңістіктік және логикалық ұйымдастырылуында маңызды орын ландшафтты бөлімдегі ГАЖ берілген. Ол ландшафтағы заттық - энергетикалық ағынның құрамын көрсетеді. Ландшафтты блок иерархиялық жүйе ретінде ТАК сандық моделі болып құрылады. Динамикалық, морфологиялық, компонентті жағдайларында ландшафтты ақпарат ТАК сипаттайды. Әртүрлі масштабтағы карталар жинағы морфологиялық құрамды бейнелеуде қолданылады. ТАК қасиеттер немесе жеке компоненттер карталары, заттардың биогендік гравитациялық тасымалдану карталары, ауа, ауа жүйесінің карталары, ландшафттардың антропогендік модификациялар, жалпығылыми ландшафтты карталар ландшафтты блок құрамына енеді. Компонентішілік байланыс пен ішкіландшафтты мәліметтер және құрылыстың қалыптасуы ландшафттық моделдеу кезінде қажет. Ландшафтты кадастр – барлық көрсеткіштер бойынша геожүйесінің сұрыпталуын қамтамасыз ететін, аса толық формадағы біріңғай мәліметтер жүйесі. Бұл ұғымды А.Г. Исаченко ғалымы енгізді. Әртүрлі картографиялық материалдар, сонымен қатар, ландшафт қасиеттерінің негізгі сандық және сапалық 23 көрсеткіштер жиынтығы кадастр құрамына енеді. Адамның ландшафтқа әсері; медико-географиялық; морфологиялық ландшафта; топырақтық-биотикалық; криогенез; жер үсті және жер асты сулар; климат; геологиялық құрамы және жер беті ландшафттық кадастрдың негізгі бөлігіне жатады.


Бақылау сұрақтары:
1 Физикалық география моделі дегеніміз не?
2 Геожүйе моделінің классификациясы қандай?
3 Физикалық географиядағы моделдер қандай қасиеттермен сипатталады?
4 Ландшафтанудағы картографиялық моделдеудің маңызын ашыңыз.
5 Геожүйе моделі ретінде аэроғарыштық түсірістер қандай міндет атқарады?
6 Геожүйені моделдеуде қандай жаңа тәсілдер мен қабылданулар, әдістер бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет