9. Мен соқырмын, көмектесіңізші



бет1/2
Дата09.01.2020
өлшемі228,5 Kb.
#55606
  1   2
Байланысты:
Əнгіме
90, Seixas-2015-A-Model-of-Historical-Thinking (1), практические занятия 2 семестр В2, Практика Махметова Раушан 2022ж!!, 1сынып. Ана тілі 104-110 сабақтар. Ләззат (копия), Тәрбие сағаты ОТБАСЫ- БАҚЫТ МЕКЕНІ (копия)
Мазмұны
1.Кіріспе..........................................................................................................................................3

2.Бақыт............................................................................................................................................4

3. Әйел неге жылайды...................................................................................................................5

4. Махаббат туралы әпсана...........................................................................................................6

5.Алма толы шелек........................................................................................................................7

6. Жүрек жақындығы.....................................................................................................................7

7. Мінезді тәрбиелеу......................................................................................................................8

8. Адамда жан бар ма?...................................................................................................................9

9. Мен соқырмын, көмектесіңізші.............................................................................................10

10.Басқа пәле тілден....................................................................................................................11

11. Ұлылар биіктеген сайын аласарады...................................................................................12

12. Адамды сүю – адамгершіліктің түп қазығы....................................................................13

13. Адам болып қалу..................................................................................................................14

14. Кедейлік және Байлық.........................................................................................................17

15. Лотерея билеті.......................................................................................................................18

16. Ана туралы әпсана...............................................................................................................19

17. Конфуцийдің айтқан әңгімесінен.......................................................................................20

18. Жақсы мен жаман – біздің өміріміздің бөлігі....................................................................21

19. Өмір сүргің келсе қозғалыс жаса.........................................................................................22

20.Құдық туралы әпсана.............................................................................................................22

21. Өзіңнен басқа ешкімді түзете алмайсың..........................................................................23

22.Болмыс туралы әпсана............................................................................................................24

26. Адамның үш түрі...................................................................................................................25

27.Кешір мені, Жаратқан............................................................................................................26

28. Кәмпиттен жасалған көйлек.................................................................................................27

29. Түсіністік................................................................................................................................28

30. Екі соқа...................................................................................................................................29

31. Кім маңыздырақ.....................................................................................................................30

32. Шебер өсиеті..........................................................................................................................32

Бақыт

Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кетті де жылай бастады.

Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлады: «Қайырымды адам! Менің мына жерден шығуыма көмектесші».

«Сен маған бұл үшін не бересің?» - деп сұрады адам.

«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.

«Мен теңізге қарап тұрған зәулім, қымбат үйім болғанын қалаймын».

Бақыт адамға үй берді, ал адам үйіне қарай жүгіре жөнелді де, Бақытты ұмытты.

Бақыт шұңқыр ішінде жылап отырды.

Жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп, айғай салды:

«Қайырымды адам! Маған көмектесші».

«Сен маған не бересің?»

«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.

«Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын».

Бақыт адамға қалағанын берді, адам қатты қуанғанынан Бақытты ұмытып, өз жөніне кетті.

Бақыттың үміті мүлдем үзілді.

Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп, Бақыт айғай салды:

«Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!».

Адам Бақытты шығарды да өз жөніне кетті. Бақыт қатты қуанып, адамның артынан ілесті:

«Адам! Маған көмектескенің үшін не қалайсың?»

«Маған ештеңе керек емес» - деп жауап берді адам.



Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді.

Әйел неге жылайды?

Кішкентай бала анасынан сұрады:

-Сен неге жылайсың?

- Өйткені мен әйелмін.

- Мен түсінбеймін!

Анасы оны құшағына алды да, былай деді:

«Сен мұны ешқашан да түсінбейсің».

Бала әкесіне барып сұрады: «Мамам неге себепсіз жылай береді?», «Барлық әйелдер де кейде себепсіз жылайды», - дегеннен басқа жауап таба алмады әкесі.

Бала өсіп,ержеткен соң да таңырқауын қоймады: «Әйелдер неге жылайды?»

Ақырында ол Жаратушыдан сұрады.

Жаратушы былай деп жауап берді:

«Мен әйелді жаратқанда оның жан – жақты болғанын қаладым».

Мен оған бүкіл әлемді ұстап тұратын мықты, сонымен бірге сәби басын сүйейтін нәзік иықтар бердім.

Мен оған түрлі ауыртпалықтарды көтере алатын мықты рух бердім.

Мен оған өзгелер сүрінгенде өзі алға қарай жүретін және құлағанға көмектесетін, қамқорлық жасайтын, онысы үшін ешкімге шағынбайтын ерік – жігер бердім.

Мен оған баланы, тіпті оны ренжітсе де жақсы көретін мейірімділік бердім.

Мен оған ерінің көптеген кемшіліктеріне қарамастан қолдау көрсететін күш бердім.

Мен оны ерінің жүрегін қорғасын деп оның қабырғасынан жараттым.

Мен оған еріне күш беретін, қиналғанда қасында болатын даналық бердім.

Ақыр соңында, мен оған керек уақытында қашан болса да төгіп тұруға көз жасын бердім.

Саған, ұлым, мынаны түсінуің керек, әйелдің сұлулығы сырт пішінінде немесе киімінде, шашында емес, оның сұлулығы жүрегіне есік ашатын көздерінде. Ал жүректе махаббат мекен етеді , - де
Махаббат туралы әпсана
Бір аралда түрлі сезімдер өмір сүрді,

Олар: Бақыт, Қайғы, Махаббат т.б. еді. Бір күні аралды су басуы мүмкін болғандықтан, кемелерге мініп аралдан кету қажеттігі туралы хабарланды.

Барлығы аралдан кетті. Тек қана Махаббат қалды. Аралды су басқанда ол өзіне көмекке өзгелерді шақыруға ұйғарды. Оған көмекке алғашқы болып Байлық келді. Махаббат айтты:

- Байлық, сен мені әкете аласың ба?

- Жоқ, менің кемемде ақша мен алтын көп болғандықтан, саған орын жоқ.

Махаббат кемемен өтіп бара жатқан Мақтанышты көріп көмек сұрауды ұйғарды:

- Мақтаныш, маған көмектесуіңді өтінемін!

- Мен саған ешқандай көмек бере алмаймын, өйткені сенің үстің су болыпты, кемемді бүлдіруің мүмкін.

Махаббат Өкініштен сұрады:

- Өкініш, мені өзіңмен бірге ала кетші.

- ....Ой... Махаббат, мен сондай көңілсізбін, дәл қазір жалғыз қалғым келеді.

Бақыт аралдың жанынан жүзіп өтіп бара жатты, бірақ өзі бақыттан басы айналғаны сонша, Махаббаттың өзін шақырғанын естімеді.

Кенеттен біреудің даусы естілді:

«Махаббат, бері кел, мен сені өзіммен бірге алып жүремін». Оны шақырған қарт адам болатын. Махаббат қатты қуанғанынан қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.

Жерге аяқ басқан соң Махаббат Білімнен сұрады: - Маған көмектескен кім?

- Бұл Уақыт болатын

- Уақыт? Ол неліктен маған көмектесті? – деп сұрады Махаббат.

Білім даналықпен жымиып, былай деді:

- Сондықтан, өйткені өмірде Махаббатың қаншалықты маңызды екенін тек Уақыт қана түсіне алады.

Алма толы шелек
Адам өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алды. Үйдің жанындағы ескі үйде қызғаншақ көршісі тұратын еді.

Ол үнемі жаңа көршісінің ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысты.

Бір күні адам көтеріңкі көңілмен сыртқа шықса, лас су толы шелек алдында тұр еді. Ол шелекті алды да, лас суды төгіп, шелектің ішін жарқыратып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің есігін қақты.

Есік қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстің бе, бәлем!» деп жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы шелек толы алманы ұсынып: - әркім өз байлығымен бөліседі! – деді.


Жүрек жақындығы
Ұстаз өз шәкірттерінен сұрады:

- Неліктен адамдар жанжалдасып, айқайласады?

- Өйткені олар өздерін ұстай алмайды, - деді біреуі.

- Егер адам жаныңда тұрса оған айқайлаудың қажеті не? – деді Ұстаз. Бір – бірімен жай сөйлесуге болмай ма?

Шәкірттері түрлі жауап ұсынса да, Ұстаздың көңілі толмады.

Ақыры ол былай деп түсіндірді:

- Адамдар бір – біріне көңілдері толмай, дауласқанда олардың жүректері алшақтайды. Осы қашықтықты толтыру үшін және бір – бірін есту үшін оларға айқайласуға тура келеді.

Олар қатты ашуланса, қаттырақ айқайлайды.

- Ал адамдар бір – біріне ғашық болса қалай болады?

Олар айқайламайды, керісінше жай сөйлеседі, өйткені олардың жүректері өте жақын болғандықтан, ара қашықтық та кішкентай.

Ал сүйіспеншілік тереңдеген сайын сыбырласудың да қажеті болмайды.

Олар бір – біріне қарағаннан – ақ сөзсіз түсініседі.

Бір – бірін жақсы көретін адамдар бірге болғанда осылай болады, - деді Ұстаз.

Сондықтан, біреумен ренжіскенде, өз жүректеріңе бір – бірінен алшақтауға жол бермеңдер, бір – біріңнің араларыңды алыстататын сөздер айтпауға тырысыңдар. Өйткені ара қашықтық алыстағаны соншалықты, кейін қайтуға жол таба алмайтын күн тууы әбден мүмкін.



Мінезді тәрбиелеу
Ертеде бір кісі баласы тұрмай жүріп көрген баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрсыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: «Балам, мені сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді - өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес, беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де ,кезіңде айтылған сөздерді қалай өшірерсің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалды ғой. Әрине, бұл күндерің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», - дейді.




Адамда жан бар ма?
Үш оқымысты өзара пікір таластырады.
Біреуі айтыпты:

  • Өз басым жан бар дегенге сенбеймін. Қаншама рет адамның ішкі құрылысын ашып көрсем де, жанды көрген емеспін. Сондықтан, ол адамда жоқ деген қорытынды шығардым.


Екіншісі айтты:

Осылайша талдайтын болсақ не болады? Мен де бірнеше рет ми сауытын аштым, бірақ онда ақылды тапқан жоқпын.


Үшіншісі айтты:

  • Ал мен болсам, өмір бойы жүрекке ота жасасам да , махаббатты тапқан емеспін.

1. Қалай ойлайсыңдар, адамның жан дүниесі бар ма?

2. Адамда не маңызды – жан ба , дене ме?

3. Адамды адам ететін не?

Мен соқырмын, көмектесіңізші.
Бір күні соқыр адам бір мекеменің баспалдағында қайыр сұрап отырды. Алдында қалпағы бар еді.

Кестеде «Мен соқырмын, көмектесіңіздерші» деген жазу бар еді.

Қасынан өтіп бара жатқан ақкөңіл адам тоқтады да, бірнеше тиын тастап, кестеге жаңа сөздер жазып іліп кетті.

Таңертең ол қайтып келгенде қалпақ ақшаға толғанын көреді. Соқыр қасына келген адамды жүрісінен танып, не жазып кеткенін сұрайды. Ол ерекше ештеңе жазбағанын, аздап өзгеше жазғанын айтады да ,

кетіп қалады.

Ол сөздер мынау еді: «Қазір көктем , бірақ мен оны көре алмаймын».




  • Сіздер бұл жағдай туралы не ойлайсыздар?

  • Неліктен адамдар екінші жазуға көңіл аударды?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет