9-сынып Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары



Дата25.04.2023
өлшемі15,81 Kb.
#175403
Байланысты:
2-нұсқа терең


9-сынып
Қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырмалары
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз


А мәтіні


Латын әліпбиіне көшу мәселесі

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.
(194 сөз)
https://e-history.kz/kz/seo-materials/show/31165/
Ә мәтіні
Латын әліпбиіне көшу қажет пе?
...Президентіміз әліпбиіміздің толықтай латын тіліне көшуін 2025 жылға қарай жүзеге асыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәселеге кейбір азаматтарымыз наразылығын танытуда. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі: «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқын екіге бөледі» деп, халқымыздың болашағы үшін шыбын жаны қиналып, шырылдап жүр. Айтқан сөзінің де жаны бар, астарында ақиқат жатқаны рас. Бұл мәселе елде қарама-қайшы пікірлі екі таптың пайда болуына әкеп соқтырады. Тіпті жақын көршілеріміз Өзбекстан мен Әзірбайжан халықтарының әліпбиі өзгеруі себепті бұрынғы жазылған тарихтарына көз жүгірте алмай отыруы да соңғы кездерде мәлім болуда , себебі – латын алфавитіне көшу арқылы кириллицаны ұмытқан. Осы сөздерімізге мына бір проблема айқын дәлел. Латын әрпіне ауысу – оңай шаруа емес. Бұл еліміз үшін өте ерте қадам. Себебі тарихымызды енді-енді айқындап жатқанда, бұл – теріс қадам басушылық. Әріптерімізді азайтамыз деп, болашағымызды бұлыңғырландырып, тарихымызды өшіріп алмасақ игі еді.
Ақын Бақытжан Тобаяқовтың пікірі бойынша, алдымен тілімізді түзеп алуымыз керек . Мемлекеттік тілді жиырма жылдың ішінде толық меңгермей жатып латын әліпбиіне көшіру еш қисынға келмейді. 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгергендер 95 пайызды құрайды дейміз. Қазірдің өзінде еліміздегі адамдардың елу пайыздан астамы қазақ тілін толық меңгермеген. Егер басқа әліпбиге көшу маңызды болса, онда көне түркі жазуына ауысқанымыз дұрыс шығар. Әрі әліпби ауыстыру қыруар қаржыны керек етеді. Ал бұл тұрғыдан келгенде біздің әдеби-мәдени мұралар қайда қалмақ? Онсыз да латынша әріпті меңгеріп, кейін ауыса берерміз. Бірақ түбегейлі ауысудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді толық меңгеру ұзақ уақытқа созылғанымен, соңы нәтижесіз аяқталып келеді. Оның қасында ресми тіл жоғары тұр. Ал латынға көшу арқылы біз орыстан құтыла алмаймыз. Болмаса тәуелсіздік жылдарында біржола латынды таңдауымыз керек еді.
(248 сөз)
https://bilim-all.kz/article/5931-Latyn-alipbiine-koshu-qazhet-pe

Тапсырма
Эссе үшін тапсырма үлгісі

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, « Латын әліпбиіне көшу - өркениет биігіне көтерілудің кепілі бола ала ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.


[20]

Мақала үшін тапсырма үлгісі


«Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» деген тақырыпта мақала жазу тапсырылды. Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, мақала мәтінін жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20]
Әңгіме үшін тапсырма үлгісі
Сізге, латын әліпбиін үйрену қаншалықты қиын немесе оңай? Аталған мәселені негізге алып, «Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі 150-200 сөз болуы қажет.
[20]

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет