9-сынып білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестацияны (эссе) өткізу және бағалау туралы



Дата12.12.2022
өлшемі23,07 Kb.
#162426
Байланысты:
9-сынып әд ұсыным
Қазақ топырағынан шыққан ұлы ғұламалар

9-сынып білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестацияны (эссе) өткізу және бағалау туралы
әдістемелік ұсынымдар
9-сынып білім алушылары үшін қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестацияны өткізу және бағалау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына, 2020-2021 оқу жылында 9(10)-сыныптардың білім алушыларын қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулыққа, Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Ескерілетін жағдайлар:



  • эссе тақырыбы бірінші жолдың ортасына жазылады;

  • эссе тақырыбы мен жұмыс мәтінінің арасында жол қалдырылмайды;

  • жіберілген қатенің асты сызылады, бірақ түзетілмейді;

  • кеткен қате бойынша белгі беттің шетіне қойылады;

  • жазылған эссе жұмысы (оқыту қазақ тілінде) жалпы 20 балмен бағаланады;

  • жазба жұмысы (оқыту қазақ тілінде емес) жалпы 30 балмен бағаланады;

  • балды бағаға айналдыру «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен қорытынды аттестаттау спецификациясында берілген Балл қою кестесіне сәйкес балын қойып, сонда берілген шәкіл негізге алынып бағаға айналдырылады;

  • баға тырнақшасыз қойылады, баға араб санымен және жақшаның ішіне сөзбен жазылып қойылады, мысалы: 5 (өте жақсы);

  • соңында емтихан комиссиясы мүшелерінің қолы қойылады, мұғалімдердің аты-жөні жазылады.

Үлгі:
Жазба жұмысының сыртқы бетін толтыру

7 жол тастап, 8-жолға жазылады.


Штамп ұшынан
9 «А» сынып оқушысы
Балтабаева Алуаның
негізгі орта мектеп курсы үшін
қазақ тілі пәнінен жазған
емтихан (эссе) жұмысы

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің білім алушылары үшін (мақала/әңгіме/эссе) оқушының таңдаған жұмыс атауы жазылады.




Жазба жұмысының ішін толтыру


Оқыту қазақ тіліндегі сыныптар бойынша:

Коммуникативтік құзырлық – 10 балл


Тілдік құзырлық – 10 балл
Бағасы: 5 (өте жақсы),


Оқыту қазақ тілінде емес сыныптар бойынша:

Коммуникативтік құзырлық – 20 балл


Тілдік құзырлық – 10 балл


Комиссия төрағасы (төрайымы) (қолы) С.И. Мұратова
Емтихан алушы мұғалім (қолы) С.И. Мұратова
Ассистенттер: 1. (қолы) С.И. Мұратова
2. (қолы) С.И. Мұратова


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет