30
Артросиндесмология
Буын қапшығын латералды жағынан латералды байлам,
ligamentum laterale
бекітеді. Ол самай сүйектің бет сүйектік
өсіндісінің негізінен басталып, желпуіш тәрізді артқа және төмен
бағытталып, айдаршықты өсінді
мойнының артқы латералды
бетіне бекінеді. Бұл байлам төменгі жақ сүйектің артқа жылжуын
шектейді.
Буынды сонымен қатар сына тәрізді төменгі жақ сүйектік
байлам,
ligamentum sphenomandibulare,
және біз тәрізді-төменгі
жақ сүйектік байлам,
liamentum stylomandibulare
да бекітеді.
Бірінші байлам сына тәрізді сүйектің қылқанынан басталады және
төменгі жақ сүйектің
тілшігіне бекінеді, ал екіншісі біз тәрізді
өсіндіден төменгі жақ сүйек тармағының төменгі жиегінің ішкі
бетіне барады.
Шықшыт буынында мынадай қозғалыстар болады:
1)
фронталды білікте — төменгі жақ сүйекті түсіру және
көтеру;
2)
фронталды білікті алға қарай жылжыту — төменгі жақ
сүйекті алға жылжыту және артқа қайтып әкелу;
3)
вертикалды білікте — айналдыру.
Төменгі жақ сүйекті төмен түсіргенде
иек шодыры доға
жасағандай болады. Мұндай қозғалыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші
кезеңде аз көлемді қозғалыс тек төменгі қабатта жүзеге асады.
Екінші кезеңде төменгі жақ сүйек айтарлықтай төмен түсіріледі,
бұл кезде шеміршекті диск төменгі жақ сүйектің басымен бірге
алға сырғып, буындық төмпешікке шығады. Қозғалыс бір мезгілде
екі қабатта да болады. Үшінші кезеңде төменгі жақ сүйек барынша
төмен түсіріледі. Ол буынның төменгі қабатында жүзеге асады, бұл
кезде диск буындық төмпешікке жабысады. Төменгі жақ сүйекті
шектен тыс төмен түсіргенде ол орнынан шығып кетуі мүмкін.
Төменгі жақ сүйекті жоғары көтергенде осы кезеңдер бірінен кейін
бірі кері бағытта жүзеге асады.
Төменгі жақ сүйектің айдаршықты өсіндісін буындық диск-
терімен бірге жылжытқанда ол
алға қарай сырғиды және екі
буында да буындық төмпешікке шығып кетеді. Қозғалыстар бір
мезгілде жоғарғы және төменгі қабаттарда жүзеге асады.
Омыртқалар арасындағы қосылыстар
31
Төменгі жақ сүйекті бүйіріне қарай жылжытқанда, екі буында
да айналу қозғалысы болады, бірақ
оң және сол буындарда бұл
қозғалыстар әр түрлі. Мысалы, төменгі жақ сүйекті оңға
жылжытқанда, аттас буындардың біреуінде шұңқырдың ішінде
айналу болса, екіншісінде — басы дискісімен бірге төмпешікке
шығып, айналма қозғалыс жасайды (4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: