А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет12/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

БУЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ 
ҚАҒИДАЛАРЫ 
Адам организміндегі буындардың жіктелуі олардың сәйкес 
сипаттарына байланысты (3-сурет). 
I.
 
Буындардың айналу білігіне және буын беттерінің 
пішініне байланысты жіктелуі. 
Бір білікті буындар
— бұл қандай болса да бір ғана біліктің 
айналасында қозғалатын буындар. Көбінесе мұндай білік не 
фронталды, не вертикалды болады. Егер білік фронталды болса, 
мұндай буындарда бүгу және жазу қозғалыстары жүзеге асады. 
Егер білік вертикалды болса бір ғана қозғалыс — айналу болады. 
Буын беттерінің пішініне байланысты буындардың ішінде бір 
білікті болып табылатын буындар: 
цилиндрлік 
(айналу), 
articulatio 
trochoidea,
және 
шығыршық тәрізді, ginglymus.
Цилиндрлік 
буындар вертикалды білік бойымен, 


Артросиндесмология 
21 
Hyperextensio 
Flexio 
Extensio 
Hyperextensio 
Flexio 
Extensio 
Hyperextensio 
Fexio 
2-сурет. 
Буындардағы қозғалыстар 


22 
Артросиндесмология 
яғни айналма қозғалыстар жасайды. Мұндай буындарға мысал 
ретінде ауыз омыртқа-біліктік буынды, сонымен қатар 
проксималды және дисталды кәрі жілік-шынтақ буынын айтуға 
болады. 
Шығыршық тәрізді буын цилиндр тәріздіге ұқсас, бірақ 
вертикалды емес, горизонталды орналасады және буын басында 
қырқашығы, ал буын шұңқырында — шұңқыршығы болады. 
Қырқашығы және шұңқыршығы арқасында буын беттері 
жан-жаққа жылжи алмайды. Мұндай буындардың қапшығы 
алдыңғы және артқы жағынан бос келеді және әрқашан 


Буындардың жіктелу қағидалары 
23 
3-сурет. 
Буындардың түрлері: 1 — 1 және 2 мойын омырткаларының 
арасында; 2 — шығыршык тәрізді буын — токпан-шынтак жілік; 3 — 
ер-токым тәрізді буын — трапеция мен алакан сүйек арасында; 4 — 
жалпак — тілерсек буындары; 5 — мыщелковый айдаршыкты — радиус 
және білектік; 6 — шар тәрізді — ұршык буыны 


24 
Артросиндесмология 
қозғалыстарға кедергі келтірмейтін бүйір байламдармен бе- 
кітіледі. Шығыршық тәрізді буындар әрқашан фронталды білікте 
айналады. Оның мысалы ретінде бунақ аралық буын- дарды алуға 
болады. 
Шығыршық тәрізді буынның бір түрі ретінде 
ұлу тәрізді, 
articulatio cochlearis,
немесе 
винт тәрізді
буынды алуға болады, 
оларда шұңқыршығы мен қырқашығы қиғаш, винт тәрізді орна- 
ласады. ұлу тәрізді буынға мысал ретінде иық-шынтақ буынын 
алуға болады, ол да фронталды білікте жұмыс істейді. Сөйтіп, бір 
білікті буындарда бір немесе екі түрлі қозғалыстар болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет