42
Артросиндесмология
VI, VII, VIII ал кейде V қабырғалардың шеміршектерінің
арасында
artt. interchondrales,
деп
аталатын қосылыстар бар,
олардың буындық қапшығы шеміршек қабы болып табылады.
Қабырғалардың төспен қосылыстары және
art. sternocia- vularis
(кейін қараңыз) қанды
a. thoracica interna-дан
алады. Тамырлық
қаны аттас тамырларға құйылады.
Лимфасы терең лимфа
тамырлары арқылы
nodi lymphatici parasternales et cervicales
profundi-ге
барады. Жүйкеленуі
rr. anteriores nn. intercostales
арқылы (3-кесте).
ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ОМЫРТҚАЛАРМЕН
ҚОСЫЛЫСТАРЫ
1.
Artt. capitis costae
қабырғалар бастарының буындық бет-
терінен және кеуде омыртқаларының
foveae costales-
терінен
түзілген. II—X қабырғалардың бастарының буындық
беттерінің әрқайсысы көршілес екі омыртқаның
foveae
costales-терімен
қосылысады,
бұл кезде қабырғалар
бастарының қырынан омыртқа аралық дискіге буын ішілік
байлам,
lig. capitis costae intraarticularis
кетеді де, буын
қуысын 2 бөлімге бөледі. I, XI және XII
қабырғалардың
қосылыстарында
lig. mtraarticulare
болмайды.
2.
Artt. costotransversariae
қабырғалардың
төмпешіктері және
көлденең
өсінділердің
қабырғалық
шұңқырларының
арасында түзіледі. Соңғы 2 қабырғаларда (XI және XII) бұл
буын болмайды.
Artt. costotransversariae
— көмекші байламдар,
ligg. costo-
transversarii,
арқылы бекітіледі. Қабырғалардың омыртқалармен
қосылыстарының екеуі де қабырғалар
мойнымен өтетін айналу
білігі бойымен қозғалатын біртұтас үйлесімді буын түзеді.
Сөйтіп, қабырғалар омыртқалармен және төспен қосы-
лыстардың барлық түрі бойынша байланысады. Бұл жерде
Кол сүйектерінің қосылыстары
43
синдесмоз түріндегі (әр түрлі байламдар) синартроздар және
синхондроздар, симфиздер (кейбір қабырғалардың шеміршек-
терінің және төстің арасындағы) және диартроздар (қабырғалар
мен омыртқалар арасындағы және II—V қабырғалардың
шеміршектері мен төстің арасындағы) бар.
Достарыңызбен бөлісу: