А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология
8апта, Патфиз. Каз. С отв
Буын қапшығы

capsula articularis, —
бұл буын қапшығын 
герметикалық қоршап орналасқан, буын беттерінің жиектеріне 
немесе одан сәл әрі бекінетін қап. Ол сыртқы — фиброзды және 
ішкі — синовиалдық жарғақтан тұрады. Фиброзды жарғақ өз 
кезегінде екі қабат тығыз дәнекер тінді қабаттан тұрады — 


16 
Артросиндесмология 
сыртқы бойлық және ішкі дөңгелек қабат, мұнда қан тамырлары 
орналасады. Ол сыртынан көбірек жүктеме түсетін жерлерде 
буылтықтар түзе орналасатын байламдармен бекітіледі. Бай- 
ламдар көбінесе буын қапшығымен тығыз байланысып жатады да, 
оларды тек қолмен ғана бөліп алуға болады. Буын қапшығынан 
бөлек тұратын байламдар сирек кездеседі, мысалы, кіші 
жіліншіктік жанама байлам. Аз қозғалатын буындарда фиброзды 
жарғақ қалыңдаған. Көп қозғалатын буындарда ол жұқа, әлсіз 
тартылған, кейбір жерлерінде жұқалығы сондай, синовиалдық 
жарғақ сыртқа қарай бұлтиып шығып тұрады. Осылайша 
синовиалдық айналулар (синовиалдық қаптар) пайда болады, олар 
көбінесе сіңірлердің астында орналасады. 
Синовиалдық жарғақ буын қуысына қарап орналасқан, қанмен 
молынан қамтамасыз етілген, ішінен буын сұйықтығын бөлетін 
синовиоциттермен астарланған. Синовиалдық жарғақ ішінен буын 
қуысын түгелдей қаптап, сүйектерге және буын ішілік байламдарға 
ауысады. Ол тек шеміршегі бар жерлерді ғана бос қалдырады. 
Синовиалдық жарғақ тегіс, жылтыр, көптеген өсінділер — бұрлер 
түзуі мүмкін. Кейде бұл бұрлер үзіліп, бөгде дене сияқты буын 
беттерінің арасына түсіп кетеді де, аз уақытқа ауырсыну тудырып, 
қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайды «буындық 
тышқан» деп атайды. Синовиалдық жарғақ бірден фиброзды 
жарғақтың үстінде жатуы мүмкін немесе одан синовиалдық асты 
не майлы қабатпен бөлініп жатады, сондықтан фиброзды
ареолалық және майлы синовиалдық жарғақтарды ажыратады. 
Синовиалдық сұйықтық құрамы және түзілу сипаты бойынша 
синовиалдық жарғаққа жақын жатқан капиллярлардан алынған қан 
плазмасы немесе лимфадан алынатын сұйықтық — транссудат 
болып табылады. Буын қуысында бұл сұйықтық түсіп қалған сино- 
виоцит жасушалары мен үйкелген шеміршек детриттерімен 
араласады. Бүдан басқа, синовиалдық сұйықтықтың құрамына 
муцин, мукополисахаридтер және жабысқақ сипат беретін 
гиалурон қышқылы кіреді. Сұйықтықтың мөлшері буынның 


Артросиндесмология 
17 
көлеміне байланысты және 5 мм-ден 5 см-ге дейін болады. 
Синовиалдық сұйықтықтың қызметі: 
буындық беттерді майлайды (қозғалыс кезіндегі үйкелісті 
азайтады, жылжуды күшейтеді); 
буындық беттерді бекітіп, бір-бірімен белгілі бір қашық- 
тықта ұстап тұрады; 
жүктемені азайтады; 
буындық шеміршекті қоректендіреді; 
зат алмасуға қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет