А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет9/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova
Caspian university
жүйелі әдіс
ретінде танып, ол жүйедегі адамдық 
және техникалық ресурстардың барлығын өзара байланыс негі-
зінде таңдауды және негізгі мақсаты ретінде білім беру форма-
ларын оптималдандыру немесе сапаландыруы деп анықталады. 
Жалпы, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымына байла-
нысты айтар болсақ, бұл салада «педагогикалық технология», 
«оқыту технологиясы» деген ұғымдар кеңейе қарастырыла бас-
тады. Қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту мен екінші тіл ретінде 
оқыту салаларының екеуінде де «оқыту технологиясы» мәселе-
лері кандидаттық және докторлық диссертациялар деңгейінде 
зерттеу қолға алынуда. Атап айтсақ:

профессор Ф.Оразбаева тілдік қатынас теориясын да-
мытып, соның нәтижесінде қазақ тілін қатысымдық технология 
тұрғысынан кешенді меңгертудің жаңа жүйесін зерттеді, ол 
сөйлесім әрекетінің (оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға 
қоса) бесінші тілдесім компонентін ғылыми негіздеп, әлемдік 
әдістеме ғылымында жаңа өріс ашты; 

профессор Қ.Қ.Қадашева өзінің докторлық диссерта-
циясында қазақ тілін оқыту әдістемесі саласының ғылыми не-
гізіне «Деңгейлік оқыту технологиясы», «компьютерді, 
ИНТЕРНЕТ-ті қолдана оқыту технологиясы» ұғымдарын алғаш 
енгізді;

Н.Ж.Құрманова ғылыми зерттеуінде қазақ тілін оқыту 
әдістемесінде «дамыта оқыту технологиясы» ұғымын алғаш 
қолданды. Сонымен қатар Н.Құрманованың ғылыми зерттеуі не-
гізінде алғаш рет қазақ тілін оқытудың технологиялық жүйесі 
туралы аппараттық ұғымдар жүйесі қалыптасты; 



Ж.Сүлейменованың ғылыми жұмысында жоғары оқу 
орындарында грамматиканы белсенді оқыту технологиясы ал-
ғаш рет компьютерді пайдалана отырып қарастырылған. 

К.Жақсылықова мен З.Бейсенбаеваның зерттеуінде
«қазақ тілін модульдік технологиямен оқыту» ұғымдары енгізі-
ліп, олардың сипаты жан-жақты қарастырылады. 
Оқыту технологиясының білім берудегі осындай мүм-
кіндіктері мен ерекшеліктеріне, оны оқыту үрдісіне енгізудің қа-
жеттіліктеріне байланысты олардың түрлерін зерттеген ғылыми 
еңбектер де білім беру саласына ене бастады.
Н.Құрманованың айтуынша, оқытудың жаңа технология-
лары қажеттіліктен пайда болады [22]. Заманның әр кезеңінде 
ғылымда қандай да бір теориялар алдыңғы қатарға шығып, сол 
заманның ғылымы мен техникасы дамуында өзіндік орындарын 
алып отыратыны белгілі. Біздің дәуірімізге оптималдық теория-
сы, жүйелілік теориясы, интеграциялау теориясы, модульдік 
теория, білімнің дамытушылық болмысын зерттеумен байла-
нысты теориялар, функционалдық теория т.б. тән.
Негізінде зерттеудің жаңа материалын анықтау, бақылау, 
сипаттау жекелеген әдістердің тұтасқан технологиясын таныта-
тыны белгілі. Қазақстандық білім беру аясында бүгінгі күні кең 
орын алып отырған вариативтік ұстаным бойынша оқу орын-
дары қандай оқыту технологиясын да таңдап алуға құқылы. 
Мұндай бағыт білім берудегі догмалық жолды бұзып, қажеттісін 
таңдау, тиімділігін анықтау, педагогикалық-әдістемелік ой-пі-
кірлерді салыстыру сияқты жаңа леп, жаңа сапаларға көтерілуге 
мүмкіндік беріп отыр. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегідей оқушыны 
объектісі деп емес, білімді ізденуші субъекті деп тану арқылы 
дамыта оқыту технологиясының басты қағидасы анықталады.
Профессор Р.Шаханова: «Педагогикалық технологияны 
енгізу – оқытушылардың шығармашылық жұмысы нәтижесінде 
әдістемелік жүйені дамытады, оқытушылар мен студенттердің 
міндеттері мен құқықтарын орындауды, білім ордасында өзін-
өзі ұйымдастырудың құралдары, әдістері, түрлері сияқты өзара 
байланысты компоненттер кіретін оқу мазмұнын тарату тәсілі», 
- деп оқыту технологиясын қолдану жөнінде өз пікірін білдіреді 
[23]. К.Жақсылықова оқыту технологиясының бір түрі – мо-
дульдік жүйені былайша сипаттайды: «Модуль – іс-әрекеттің 


мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрып-
талған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағды мазмұнының 
бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы мен оқытудың негізгі құ-
ралы, басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы.
Ол модульге ену және одан шығу дегеніміз – студенттердің 
модуль материалын игермей тұрғандағы олардың бастапқы бі-
лім деңгейін тексеру жұмысы. Ал, модульден шығу үшін бақы-
лаудағы студенттердің модульді игеру деңгейі тексеріледі. Мо-
дульден шығу бақылауының нәтижесі студенттің келесі мо-
дульге ену-енбеуінің шарты болып есептеледі. Модульмен 
оқыту – толық немесе жекелей түрде модульге негізделген 
оқыту. Енді модульмен оқыту түсінігін белгілейтін не деген 
сұраққа жауап беру үшін, «оқытып, үйрету белсенділігін 
арттыру» деген ұғымды енгізу қажет деп ойлаймыз. Біз сол 
арқылы оқытушы мен оқушылар әрекетінің модульдік сипатын 
сөз қылуға мүмкіндік аламыз» [24].
З.Бейсенбаева қазақ дәрісханасында модульдік техно-
логия туралы: «Оқыту технологиясы - өзінің мәні жағынан тұтас 
дидактикалық жүйе. Ол оқу үрдісін ұйымдастыруда, оқытудың 
мақсаты мен мазмұнын, басқару жүйесін, материалдық, психо-
логиялық жағдайын, оқытудың тиімділігі мен нәтижесін, 
бағалау межелерін өзгертуді талап етеді. 
Технология педагогикалық жүйенің процессуальды психо-
логиялық тұжырымдарына сүйенеді. Оқыту технологиясы, ең 
алдымен, педагогикалық мақсат пен ұстанымдарды, білім маз-
мұнын іске асырудың амалы. 
Оның өзіне тән әдістер жүйесі, оны қамтамасыз ететін 
формалары, жабдықтары болады. Оған жоспарлылық (мақсатты 
айқындау, оқу-тәрбие үрдісін ғылыми негізде құру, материалды 
тиімді игерудің әдісі мен тәсілдерін анықтау, оқытудың тиім-
ділігін көтерудің жолдарын қарастыру), оқу үдерісін стандарт-
тау, үйлестіру (жобалау, тексеру), жүйелілік, икемділік, нәтиже-
лілік, кәсіби сапаларды қалыптастыруға бағыттылық сипаттар 
тән. Оның өзіне тән жүйесі бар. Атап айтқанда: 

оқу жоспарына, бағдарламаға сай берілетін білім маз-
мұнын айқындау; 

оқытудың (жалпы және жеке) мақсатын анықтау; 

мақсатқа сай технологияның түрін таңдау; 



оны оқыту үдерісінде қолдануға дайындау», - деп баға 
береді [25]. 
М.М.Жанпейсова: «Оқыту технологиясының біз әзірлеген 
нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұл-
ғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: 
яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ой-
лауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және 
танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қа-
уіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, 
ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағат-
тандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамы-
туға бағытталуы», -дейді [26].
Қ.Қ.Мұқанова: «Қазақ тілін журналистика бөлімі студент-
теріне қарқынды оқыту технологиясы» атты кандидаттық дис-
сертациясында қарқынды оқыту технологиясы бойынша қазақ 
тілін оқытудың ұтымды әдістемесін ұсына отырып: «Педагоги-
калық технология – педагогика ғылымының оқыту, білім беру, 
оның мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп айқындайтын 
және педагогикалық үрдісті алдын ала жобалайтын, алға қойған 
мақсатқа жетуге кепілдік беретін бір бөлшегі. Ол – білім стан-
дартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы 
мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бей-
нелейтін үрдіс», – деп пікір айтады [27].
Ж.Н.Сүлейменова «Қазіргі қазақ тілі морфологиясын жо-
ғары мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты 
зерттеу еңбегінде: «...инновациялық оқу үдерісінде оқу әрекеті-
нің оқытушы мен студенттің ынтымақтастық қарым-қатынасы 
негізінде жүзеге асуының нәтижелілігі көрсетіледі. Оқу әрекеті, 
негізінен, студенттің білімді игеруі, меңгеруі болса, екіншіден, 
оқытушының өз шәкіртінің білімге ынта-ықыласын оятып, бел-
сенділігін көтеріп, дүниеге саналы көзқарасын қалыптастыру 
жолындағы әрекетінің тоғысы», – деп, қазақ тілін оқыту тех-
нологиясы туралы пікір айтады [28]. Бұл тұжырымдар оқыту 
технологиясының білім беру үрдісінде, оның ішінде қазақ тілін 
оқыту үдерісінде кеңінен қолданыла бастағанын айқын көр-
сетеді.
Бір жағынан қарағанда, оқыту технологиясы, айтып кетке-
німіздей, жаңа заманға бет бұрған оқыту жүйесі болса, екінші 


жағынан, оқыту технологиясы мұғалім мен оқушының, оқыту-
шы мен студенттің арасындағы ықпалдастық, білім беру мен 
білім алу арасындағы ерекше дидактикалық қарым-қатынастың 
заңдылықтарын зерттейтін сала болып танылады. Педагогика-
лық және оқыту технологияларының сапалы да нәтижелі білім 
беру мүмкіндігін Қазақстан ғалымдары да жан-жақты қарасты-
рып, оның тиімділігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп жүр. Осы са-
ладағы зерттеулер төмендегі суретте ұсынылды (5-сурет):
5-сурет – Қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылып 
жүрген белгілі оқыту технологиялары 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет