А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет7/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova
Caspian university
Қазақ тілін 
оқытуды 
қаржыландыру 
Қазақ тілін оқыту 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 
Қазақ тілін сапалы оқытудың басқару 
жүйесі 
Қазақ тілінен сапалы білім беру нәтижесі 
(қазақша меңгерген маман моделі) 


3-сурет – Қазақ тілінен білім берудің сапалылығын 
қалыптастырушы негізгі факторлар 
 
Өзгетілді дәрісханада қазақ
 тілін мемлекеттік тіл мәрте-
бесінде оқытудың әлеуеті
осы қойылған мақсатқа жетудің мүм-
кіншіліктерін, ресурстары мен обьективті шарттарын танытады.
Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада жобалай оқыту технологиясы 
арқылы меңгертуді ұйымдастыруда студенттердің қазақ тілінен 
өз бетімен білім іздеу, білім мазмұнын өз бетімен жобалар 
орындау барысында меңгеру, қазақша ауызша және жазбаша
сөйлеу дағдыларын білім жобаларын орындау барысында иге-
руін мүмкін етудің арналары мол екендігі танылады.
Студенттер түрлі жобалар орындау барысында қазақ тілін 
мемлекеттік тіл мәртебесінде саналықпен игере алады. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін дамытуға тілдік 
тұлғаның өз мамандығы бойынша ғана қатысымға түсуі арқылы
емес, күнделікті қарым-қатынаста, тұрмыста да қолдануы ар-
қылы үлес қоса алатынын жобалар орындау барысында айқын 
түйсінеді. 
Бұл көрсетілген екі фактор бұл жерде нақты «Қазақ тілі» 
пәнін оқытуға байланысты сөз етіліп отырғанымен, нақтырақ 
айтсақ, тек қазақ тілін оқытуда ғана емес, жалпы білім беру 
жүйесіндегі барлық пәндерді меңгертуге тән болып келеді. Сон-
дықтан оларды ары қарай таратып, ашып берудің маңызы үлкен. 
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану ба-
рысында сапалы білім беру мақсатының жүйелілікке, белгілі бір 
қағидаларға бағынуының маңызы өте үлкен. Бұл мақсаттың
анық қойылуы да қазақ тілін оқыту жүйесін ұйымдастыруда 
шешуші қызмет атқарады. Ал ондай қуатқа ие мақсат өзіне 
әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттерді үйіріп, 
түпкі нәтижеге қызмет етуге бағындырады. Қазақ тілінен 
жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім 
беру мақсатының анықтамасы неғұрлым нақты, дәл белгіленсе, 
онда оның қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану 
барысында сапалы білім беру бағытындағы қоғамдық-
әлеуметтік маңызы арта түсер еді. Бүгінгі таңда оқытудың түпкі 
нәтижелері құзыреттіліктер түрінде анықталып отырғаны аян. 
Олай болса, осы мақсатта көрсетілген әрбір бағыт түпкі нәти-


жеде құзыреттіліктерді де белгілеуге жол ашады. Сондықтан 
қазақ тілінен сапалы білім беру мақсатының нақты нәтижелерге 
қол жеткізе алатындай жүйеде құрылуы осы білім сапасы тура-
лы қоғамның, студенттің, оқытушылардың көзқарастарының 
бір арнаға тоғысатындай анық болуын қамтамасыз етеді. 
Қазақ тілін оқытудың сапасын анықтау мақсатындағы із-
дену жұмыстары барысында мемлекеттік және мемлекеттік емес
жоғары оқу орындарының барлығында дерлік қазақ тілінің мем-
лекеттік тіл мәртебесінде меңгертуді Қазақстан Республика-
сының Конституциясымен, «Тіл туралы» Заңымен байланыс-
тыруда осалдық танытатыны байқалды. Бұл ЖОО басшылары-
ның да, қазақ тілі пәні оқытушыларының да қазақ тілін мемле-
кеттік тіл мәртебесінде оқытуда студенттердің қызығушылығын 
арттыруды (мотивациясын) нық сеніммен қоя алмай отырғанына 
нақты дәлел болады. 
Бүгінде ЖОО-да «Мемлекеттік тілді дамыту орталық-
тары» ашылып жатыр. Бірақ көп ретте олардың қызметі мен 
қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда оқытуды үйлестіру (коор-
динация) мәселелері бір-бірінен алшақ жатқан сияқты әсер 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет