А. Амангелді, С. Симбаева


ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет17/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати
English File Pre-intermediate Student’s Book
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
Сіздің назарыңызға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест 
тапсырмалары ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз. 
 
1. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша ... құрылды 
A) Кедендік одақ 
B) Еуропа Одағы
C) Ислам Конференциясы Ұйымы 
D) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы? 
Е) Орталық Азия экономикалық Қоғамдастығы 
2. Сөйлемді толықтырыңыз. Қазақстанның АҚШ-пен өзара қарым-
қатынастарында ... басымдық беріледі 
A) экономикалық ынтымақтастыққа 
B) тату көршілік дәстүрлерді нығайтуға және дамытуға 
C) гуманитарлық сала сияқты байланыстарды дамытуға 
D) қорғаныс өнеркәсібін конференциялау саласындағы ынтымақтастыққа 
Е) Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ полигонындағы денсаулық сақтау 
мен экологияның өткір проблемаларын шешудегі өзара іс-қимылға 
3. 
Сөйлемді аяқтаңыз. Ресей, Қытай және Орталық Азия 
бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясының түпкі мақсаты – ... 
A) инвестиция тарту 
B) елдің егемендігін нығайту 
C) тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыру 
D) Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін 
қамтамасыз ету 
Е) экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды 
құру 
4. Дұрыс жауап(тар)ды табыңыз. Өзбекстан Қазақстанға ... мемлекет 
A) шектес 
B) көршілес 
C) шекаралас 
D) көршілес емес 
Е) шекаралас емес 
5. Дұрыс жауап(тар)ды табыңыз. Қырғызстан Қазақстанның ... 
республика 
A) батысындағы 
B) оңтүстігіндегі 
C) шығысындағы 
D) солтүстігіндегі 
Е) оңтүстік шығысындағы 
6. Біріккен сөз(дер)ді табыңыз 
A) ықпалдастық 
B) көршілік, қауіпсіздік 


18 
C) кеудемсоқтық, көзқарас 
D) халықаралық, шекаралық 
Е) ынтымақтастық, қоғамдастық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   174




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет