А. Ерғалиева Аналитикалық химия Сапалық және сандық анализ



бет20/22
Дата29.01.2018
өлшемі3,62 Mb.
#36042
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

4.1 Фотоколориметрия


Фотоколориметрия – оптикалық анализ әдістеріне жатады, ерітіндінің оптикалық тығыздығын (көзге көрінетін спектрдің жарық толқындарын сіңіру қаблетін) анықтауға негізделген әдіс. Түскен жарықтың бір бөлігі ертіндімен сіңіріледі, екінші бөлігі ертінді арқылы өтіп фотоэлементке түседі. Фотоэлемент жарық энергиясын электр тогына айналдырады. Пайда болған электр тогының күшін сезімтал амперметр көрсетеді. Неғұрлым ертінді түсі қою болса солғұрлым ертінді жарықты көп сіңіреді, яғни ертінді арқылы өтетін жарық интенсивтілігі төмен болады, егер ертінді түсі солғын болса, керісінше болады.

Ертіндінің жарықты сіңіру қаблеті (оптикалық тығыздығы) ертіндінің концентрациясына, ертінді қабатының қалыңдығына және ертінді табиғатына тәуелді. Бұл тәуелділік келесі формуламен сипатталады:

А =ε·C· L,

осындағы:

ε – ертіндінің молярлық коэффициенті, заттың табиғатымен байланысты;

C – ертіндінің молярлық концентрациясы, моль/л;

L – ертінді қабатының қалыңдығы, см.

Зертханалық жұмыс № 14


Ертіндідегі мыс мӨлшерін анықтау
Мақсат: Градуирленген (калибрленген) график тәсілін қолданып фотоколориметриялық анализ арқылы ертіндідегі мыс мөлшерін анықтауды игеру.
Құралдар мен жабдықтар:

- Құрал – фотоэлектроколориметр КФК-2;

- Кювета - ені 1 см болатын екі кювета қажет;

-Светофильтр монохроматты – толқын ұзындықтары 590 нм болатын жарықты өткізетін сары светофильтр қажет;

- Өлшеуіш колба - мыс (Сu2+) бойынша титрі әртүрлі стандартты ертінділер қатарын дайындау үшін 50 мл-лік алты өлшеуіш колба қажет.
Реактивтер:

- СuSO4·5Н2О (мыс купоросы);

- 10% NН4ОН ертіндісі;

- 96% Н2SO4 ертіндісі.
Анализді жүргізу сатылары:
1. Алғашқы стандартты ертіндіні дайындау;

2. Стандартты ертінділер қатарын және салыстыру ертіндісін дайындау;

3. Стандартты ертінділердің оптикалық тығыздығын фотоэлектроколориметрде (сурет 13) өлшеу;

4. Калибрленген графикті сызу;

5. Зерттелетін ертіндінің оптикалық тығыздығын анықтау;

6. Зерттелетін ертіндінің оптикалық тығыздығына сәйкес концентрацияны калибрленген график бойынша табу.





Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет