А. Ж. Сисенбердиева


Ептілік және оны дамыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет24/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


                              Ептілік және оны дамыту әдістемесі 
 
Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, ӛзінің қозғалыс әрекетін 
ӛзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу қабілетілігін - ептілік 
дейміз. Ептілікті дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз 
керек: 
1. Күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделілендіре отырып 
жетілдіру.  
2. Қозғалыс әрекетін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар жағдайында).  
3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру. 
Ептілікті  тәрбиелеудің  негізгі  амалдары:  жаңа  немесе  жаңадан  пайда  болған 
элементтері  бар  спорттық  қозғалмалы  ойындар,  гимнастика  акробатика 
жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. 
Сондықтан  педагог  әрбір  дене  тәрбиесі  сабағында  1-2  жаңа  жаттығу  немесе 
бұрын  үйренген  жаттығудың  элементтерін  жаңалап  үйретіп  отыруы  қажет. 
Ептілікті  дамыту  жаттығуларын  сабақтың  бірінші  жартысында  кіргізген 
дұрыс,  ӛйткені  организм  болдыра  бастағанда  ол  жаттығулардың  нәтижесі  аз 
болады. 
Ептілікті 
козғалыс, 
кӛру, 
есту, 
дене 
арқылы 
сезіну 
анализаторларының  екпінді  ӛсуі  кезінде  дамытқан  тиімді.  Ептілік-жаңа 
қозғалыстарды  тез  игеру  қабілеті  (тез  үйрену  қабілеті),  тосыннан  ӛзгеріп 
отыратын  жағдайдың  талаптарына  сәйкес  қозғалту  қызметін  тез  ӛзгерту. 
Ептіліктің  дамуы  жүйке  жүйесінің  бейімділігі,  ӛзінің  қозғалысы  мен 
айналадағы  жағдайды  сезіну  және  қабылдау  қабілеті  негізінде  жүзеге  асады. 
Қозғау міндетінің табысты орындалуы сол  қозғалыстың кеңістік, уақыт және 
күш компоненттерінің дәлдігімен анықталады. Мектеп жасына дейінгі баланы 
ептілікке  тәрбиелеу  қимыл  үйлесімін  дамытумен,  келісімділікпен,  дәйекті 
қимыл  жасай  білумен  байланысты.  Ептілік  кез  келген  қозғалыстың  (жүгіру, 
секіру, лақтыру, ӛрмелеу, т. б.) қажетті компоненті болып табылады. 
Балаларды  ептілікке  тәрбиелеу  үшін  негізгі  қозғалыстарда  дене  тәрбиесінің 
сан  алуан  жаттығулары  пайдаланылады  (заттардың  арасымен  жүру  және 

 
204 
жүгіру, әртүрлі кедергілерді жоя отырып шығырға кіру, отырғыштың үстімен 
жүріп келе жатып қарсы кездескен баладан бұрылып кету, заттан секіріп ӛту 
және  т.  б.,  сондай-ақ  лақтыру,  доп  ойнау  секіру,  ӛрмелеу,  денені  жалпы 
дамытатын,  әсіресе,  заттармен  және  тағы  басқалармен  жасалатын 
жаттығулар). Ептілікті жетілдіру үшін ең жақсы жағдай қимыл-қозғалысы кӛп 
ойындарда  жасалады:  бала  тез  ойлап  табу,  кӛз  жеткізу,  заттардың  арасымен 
ептілікпен  жүре  білу  күтпеген  жерден  жағдай  ӛзгерген  кезде  кеңістік  және 
уақыт  бағдарының  кӛмегімен  қолайлы  сәтті  пайдалана  отырып,  инициатива 
жасау  қасиетін  кӛрсетуі  керек.  Ептілікті  жетілдіру  үшін  заттармен-секіргіш 
жіппен,  доппен,  шығырмен,  таяқпен  және  т.с.  жаттығуды  жақсы  жасауға 
тапсырма  беру  тиімді  болады.  Екеу-екеу,  шағын  топ  боп  бірлесіп-доппен, 
құрсаумен,  сырықтармен,  жіптермен  және  басқалармен  жаттығу  жасау 
пайдалы.  Ептілікті  дамыту  міндеті  жаттығуларды  жүйелі  түрде  ӛзгертіп 
отыруды  немесе  жаңалықты  қолдап  отыру  және  үйлесімділік  қиындығын 
біршама  арттыру  үшін  олардың  жаңа  варианттарын  қолдануды  талап  етеді. 
Баланың  қозғалыс  дағылары  неғұрлым  қалыптасқан  сайын  жаңа  қозғалысты 
игеру жеңілдей түседі және ептілік жетіледі. 
 
Икемділік және оны дамыту әдістері 
Адамның  жаттығуды  үлкен  амплитудамен  орындай  алу  қабілеттілігін 
икемділік  дейміз.  Икемділіктің  ӛсуі  буын  құрылыстарына:  бұлшық  еттің, 
сіңірдің  созылымдылығына;  кӛңіл-күйге  (жоғары  кӛңіл-күйде  икемділік 
артады); бой қыздыруға, сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-
ге дейін ол кӛп); жасқа (15-16 жаста икемділік кӛп кезі;) күш даму деңгейіне 
(күші  кӛп  адамдардың  икемі  аз);  спорттық  мамандыққа  және  т.с.с. 
байланысты.  Икемділік  белсенді  және  енжар  (бәсең)  болады.  Бұлшық  ет 
күшімен,  үлкен  амплитудамен  қозғалысты  орындау  қабілеттілігін  белсенді 
икемділік  дейміз.  Сыртқы  орта  әрекеті  күшімен,  үлкен  амплитудамен 
қозғалысты  орындау  қабілеттілігін  енжар  (бәсең)  икемділік  дейміз  (штанга, 
бірге жаттыққан спортшы, бапкер, т.б.). 
  
Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Икемділікті дамытудың 
негізгі амалы: ӛзінді ұстау, сыртқы кӛмек, т.с.с. Икемділік жаттығуларын бой 
қыздырудан  кейін  қай  сабак  бӛліміне  де  кіргізуге  болады.  Икемділік 
жаттығуларын  орындағанда  нақтылы  міндет  қою  қажет.  Мәселен,  белгілі 
затты алу бір затқа допты дәл тигізу, т.с.с. Созылу жаттығу сериясынан кейін, 
босаңсу жаттығулары  орындалады (2-3 апта). Икемділікті  дамытудың негізгі 
әдісі-қайталау.  Жаттығуларды  ретті,    сериялармен  қол  буындарына,  кеудеге, 
аяқ  буындарына  арнап  орындау  қажет.  Икемділік  жаттығуларын  қайталау 
мӛлшері  әртүрлі.  Жамбас  буынындағы  иілу  және  жазу  жаттығуларындағы  
амплитуданың  қозғалу  шегі  30-40  рет.  11-14  жастағыларда  30-40  рет,  15 
жастағыларда  45  рет    қайталанғаннан  кейін  жетіледі.  Одан  ары  қарай 
амплитуда қозғалысы азаяды,  жаттығуды тоқтатқан дұрыс. Сонымен, созылу  
жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни  буындарда жеңіл 
ауру  сезімдерін  сезінгенше  орындау  қажет.  Икемділікті  дамытқанда  жас 

 
205 
ерекшеліктері  үлкен  рӛл  атқарады.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
буын жылдамдылығын дамыту, жоғары сынып окушыларына қарағанда, 
оңай.  Сондықтан  да  бастауыш  сыныптарда  оны  дамытып,  жоғары 
сыныптарда  сол  дамыған  деңгейде  сақтап  қалу  міндеті  тұрады.  15-20 
жастан  кейін  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  қозғалыс  амплитудасы 
азаяды.  Бәсең  икемділіктің  кӛбеюі  10-14  жаста  байқалады.  15-17  жас  –   
икемділікті жетілдірудің ең соңғы шегі.  
  
Қыз  балалардың 
буындарындағы 
жылжымалылық, 
ер 
балаларға  карағанда,  20-30  %  кӛп,  сондықтан  күш  түсіруді  оларға 
кӛбірек  беруге  болады.  Икемділік  -  тірек-қимыл  аппараты  бӛлшектерінің 
қозғалғыштық 
дәрежесін 
айқындайтын 
тірек-қимыл 
аппаратының 
морфофункциялық қасиеттері.
 
 Икемділік бұлшық еттер мен буын сіңірлерінің 
иілгіштігімен  айқындалады.  Мектеп  жасына  дейінгілердің  тірек-қимыл 
аппараты,  әсіресе,  омыртқасы  созылғыштығымен  ерекшеленетіндігін  ескере 
отырып, дене шынықтыру сабақтарында және ертеңгілік гимнастика жасаған 
кезде  денені  жалпы  дамытатын  жаттығулармен  (затпен  немесе  затсыз) 
шектеуген  жӛн.  Икемділікті  дамытуға  арналған  жаттығулардың  қӛлемі  мен 
интенсивтілігі біртіндеп арттырылуы керек (әсіресе, омыртқаның икемділігін 
дамыту кезінде). 
 
Жылдамдық  (шапшаңдық) және оны дамыту әдістемесі 
 
Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. 
Жылдамдық үш түрде пайда болады:  
1.Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы.  
2.Жалғыз қимыл жылдамдығы.  
3.Қимыл жиілігі. 
1.Қарапайым  жауап  дегеніміз  алдын-ала  белгілі  қозғалыспен,  бірақ  кенеттен 
берілетін  дыбысқа  жауап  (мысалы,  старттық  тапаншаның  атылуына  жауап). 
Қарапайым  кӛру  қозғалыс  жауабының  ұзақтығы  спортшыларда  орташа  0,10-
0,20  секундта,  спортпен  жаттықпайтындарда  0,15-0,25  секундтан  кӛбірек 
уақытта  болады.  Берілген  дыбысқа  жауап  спортшыларда  0,05-16  секундқа 
дейін, жай адамдарда 0,20-0,35 секундтан кӛбірек уақыт мӛлшерінде болады. 
Қозғалыс  жауабының  жылдамдығын  тәрбиелеу  әдістемесі  екі  кезеңнен 
тұрады. Бірінші кезеңде кең тараған әдістер мыналар: қайталау әдісі кенеттен 
болған  дабылға  кӛп  рет,  әрбір  ретте  тезірек  сезіну  реакциясы.  Мысалы: 
тӛменгі стартты орындау, дабыл бойынша қозғалыс ӛзгеруі, жүріп келе жатып 
кілт  тоқтау,  т.б.,  ойын  әдісі  (түрлі  қимылдағы  ойындар,  баскетбол,  стол 
теннисі  т.б.),  жарыстық  әдіс  (кешігіп,  жарыстан  шығып  қалу,  т.б.).    Екінші 
кезеңде  "сенсомоторлык"  әдістеме  қолданылады.  Ол  жылдам  және  аз  уақыт 
аралығын  айыра  білу  қабілеттілігіне  негізделген.  Iс  жүзінде  ол  мынадай 
болып  байқалады:  спортшы  жаттықтырушының  уақытқа  жауабы  туралы 
хабарын ала отырып, старттық дабылды ӛте тез сезінуге тырысады. Сонан соң 
келесі  жаттығу  сериясында  ол  сезіну  шапшаңдығын  ӛзі  бағалайды, 

 
206 
жаттықтырушы  бұдан  соң  уақыт  ұзақтығын  бағалауы  бірдей  болған  кезде, 
жаттығушыға  алдын  ала  келісілген  шапшаңдық  сезіну  тапсырмасы  беріледі. 
Ақырында  спортшыда  уақытты  дәл  қабылдау  қабілеттілігі  қалыптасады,  ол 
сезіну жылдамдығыньң жақсаруына кӛмектеседі. 
Күрделі козғалыс жауабының жылдамдығы дегеніміз – белгісіз қозғырғышты 
сезіну, кӛру, жауап қайтару уақыты. Күрделі қозғалыс жауабы кӛбінесе, спорт 
ойындарында, жеке сайыс түрлерінде кездеседі. Мұнда қозғалып келе жаткан 
объектіні (доп, семсер) сезіну және бірнеше мүмкіндіктен, бір дұрыс әрекетті 
тауып,  тез  қолдану  міндеті  тұрады.  Мысалы,  доп  соғылғанда  қақпашының 
алдында  тӛрт  міндет  тұрады:  допты  кӛру,  бағытын  және  ұшу  жылдамдығын 
бағалау,  әрекет  жоспарын  кұру.  оны  орындауға  кірісу.  Күрделі  қозғалыс 
уақыты  қарапайымға  қарағанда,  ұзағырақ  0,25-0,80  секундқа  созылады. 
Күрделі  қозғалыс  жауабын  жетілдіру  үшін  берілетін  жаттығулар  біртіндеп 
қарапайымнан күрделілендіре орындалады (мысалы, бокста қарсыластың соғу 
жылдамдығын  арттыру,  футболда  ойын  алаңының  кӛлемін  кішірейту,  жеке 
сайыста  қашықтықтықты  азайту,  жазу  блоктары  бар  тренажерлық 
қондырылғыларды  пайдалану,  т.б.).  Күрделі  қозғалыс  жауабын  жетілдіруге 
ойын  және  жарыс  әдістері  қолданылады.  Негізгі  қолданылатын  -  қайталау 
әдісі.  Кенеттен  пайда  болатын  дыбысты  сезіну,  басында  бір  (бокстегі  оң 
қолмен  соғатын  соққы) сонан  соң екі, үш,  тӛрт және  с.с. серия  соққылармен 
жауап қайтару. 
2.Жалғыз  қимыл  жылдамдығы.  Жалғыз  қимыл  жылдамдығы  (семсерлесудегі 
үйрету,  футболдағы  доп  тебу,  баскетболдағы  доп  лақтыру  т.б.)  спорт 
ойындарында,  жеке  сайыста  жергілікті  жаттығулар  бұлшық  ет  жұмысы 
кезінде  пайда  болады  және  қозғалыс  реакциясы  шапшандығымен  қатар 
тәрбиеленеді.  Жалғыз  қимыл  жылдамдығын  тәрбиелеу  үшін  әртүрлі  бұлшық 
ет  топтарына  арналған  шапшаңдықпен  орындалатын  жергілікті  жаттығулар 
(еңкею,  сермеу,  секіру,  түйреу,  т.с.с.)  қолданылады.  Бұл  жаттығулар,  жалпы 
дамытатын  жаттығулар  кешеніне  кіргізіліп,  сабақтың  кіріспе  бӛлімінде 
орындалады.  
3.Қимыл 
жиілігі.  Циклді  сипаттағы  жаттығуларда  кимыл  жиілігі, 
жылдамдығы  пайда  болады  (мысалы,  10  секундта  орында    тұрып  жүгірудегі 
ӛте  кӛп  қадам  саны).  Қимыл  жылдамдығын  тәрбиелеу  үшін  ӛте  жоғары 
шапшаңдықта  орындауға  болатын  жаттығулар  пайдаланылады  (мысалы,  10 
секунд  бойы  жүгіру).  Бұл  жағдайда  шапшаңдығыңды  дамыту  үшін,  аз 
қашықтықта  қатты  (шапшаңдық  кашықтықтың  аяғына  дейін  бәсеңдемеу 
керек)  жүгіру  кажет.  Жылдамдық  жаттығулары  сабақтың  негізгі  бӛлімінде, 
орталық  жүйке  жүйесі  қалыпты  жағдайға  түскен  кезде  беріледі.  Қимыл 
жиілігін  дамыту  үшін  қайталау,  ӛзгермелі  орындау,  ойын,  жарыс  әдістері 
қолданылады.  Жарыс  әдісіндегі  жоғарғы  сезім,  қоздыру  күші  жылдамдық 
мүмкіншіліктерінің  пайда  болуына  жақсы  жағдай  тудырады.  Жоғары  шекте 
жылдамдық  жаттығуларын  кӛп  рет  қайталау  "шапшаңдық  кедергісін" 
тудырады,  ол  оқушылардың  жылдамдық  мүмкіншіліктерінің  ӛсуіне  бӛгет 
болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін (мысалы, таудан кеңістікке жүгіру, бір 

 
207 
нәрсеге  тіркеле  жүгіру,  жеңіл  снарядты  лақтыру,  т.б.)  жылдамдық 
қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. Жылдамдық мүмкіншіліктерінің 
дамыту жағдайына қолайлы жас қыздарда  11-12 жас, жасӛспірім ұл балаларда - 
12-13 
жас.  Мектепке  дейінгі  жастағылардың  негізінен  қарапайым  
жылдамдығы  жақсы  дамиды.  Сондықтан  да  оларға  аз  уақыт  тез  жылжып, 
орын  ауыстыратын  жергілікті  қимылдары  бар  әртүрлі  жаттығулар  беріледі. 
Мысалы,  эстафеталар,  қозғалмалы  ойындар,  доп  лақтыру,  оны  қағып  алу 
жаттығулары, т.б. Орта мектеп жасында жылдам күш жаттығуларын кӛп 
жасатудың  маңызы  зор.  Мәселен,  секіру,  кӛп  ретте  жоғары  секіру,  
үдемелі  жаттығулар.  қысқа  қашықтыққа  қатты  жүгіру  (30-60) 
жаттығулары,  т.с.с.  Жоғары  сынып  окушыларына  мұндай  жаттығулар 
күрделенеді.  Ӛз  жылдамдығын,  күш  жылдамдығын  және  тӛзімділік 
жылдамдығын  дамыту  жаттығуларының  саны  (100-200)  кӛбейеді. 
Спорттық  және  қозғалмалы  ойындар  қолданылады.  Балаларға 
жылдамдық  жаттығуларын  бұлшық  ет  босаңситын  жаттығулармен 
араластыра орындату  керек  (жорғалай  жүгіру,  аяқты, қолды сілку,  т.б.). 
Жаттықтырушы  ӛзінің  практикалық  жұмысында  мүмкіншілігі  қысқа 
қашықтыққа  жүгіруде  ғана  емес,  жылдамдық  күші  қасиетінің  даму 
денгейіне  де  байланысты  екенін  ескеруге  тиіс.  Жылдамдық (шапшаңдық) 
дене  тәрбиесі  теориясында  «тікелей  және  басымдығы  жағынан  қозғалыстың 
шапшаңдық сипатын, сондай-ақ қимыл реакциясының уақытын айқындайтын 
адамның функциялық  қасиетінің кешені» ретінде қарастырылады.  Iс жүзінде 
бұл қимыл әрекеттерін ең қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен кӛрінеді. 
Шапшаңдық 
қимыл 
реакциясының, 
жекелеген 
қозғалыстардың 
жылдамдығымен,  әлденеше  рет  қайталанатын  қозғалыстардың  жиілігімен 
анықталады. Реакциялар қарапайым және күрделі болып бӛлінеді. Қарапайым 
реакция алдын ала белгілі қозғалысқа, сонымен бірге алдын ала белгілі, бірақ 
тосыннан пайда болатын сигналға орай әрекет етуден кӛрініс табады (мысалы, 
балалар  үшін  «Жүгіріп  ӛту»  ойынындағы  «Жүгір!»  деген  сигнал).  Күрделі 
реакция  –  бұл  қозғалыстағы  объектіге  реакция  және  таңдау  реакциясы. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  қозғалыстағы  зат  реакциясын  сезудің 
қарапайым  формасы  қолайлы  (мысалы,  доп  ойнау,  бір-біріне  доп  лақтыру, 
тордан  асырып  лақтыру  және  т.  с.)  болады.  Шапшаңдық  балаларды  негізгі 
қозғалыстарға  үйрету  процесінде  дамиды.  Е.Н.Вавилованың  деректеріне 
қарағанда,  шапшаңдық  қабілеттін  дамыту  үшін  тез  және  жай  жүгіру 
жаттығуын:  қысқа  аралыққа  ең  жоғары  қарқынмен  жүгіруден  неғұрлым 
байыпты  қарқынға  кӛшумен  алмастыруды  пайдалану  керек.  Әртүрлі  қар-
қынмен  жаттығуларды  орындау  балалардың  ұсынылған  қарқынға  сәйкес  сан 
алуан бұлшық ет күшін жұмсай білуін дамытуға кӛмектеседі. Сабақтарда және 
ойнау әрекетінде күрделенген стартты жағдайдағы (отырып, жүрелей отырып, 
бір тізерлеп тұрып және т.б.) жүгіру  қолданылады. Шапшаңдықтың дамуына 
қозғалысы кӛп ойындар да кӛмектеседі. Бұл ойындарда бала сигнал бойынша 
жылдамдық  тапсырмасын  орындай  отырып,  қимыл-қозғалыс  сипатын, 
жағдайдың  ӛзгеруіне  байланысты  оның  шапшаңдығын  ӛз  бетімен  ӛзгерте 
алады (мысалы, жетекшінің қағып алу, қуып жету және т.б. кезіндегі әрекеті). 

 
208 
Баланың  дұрыс  қимыл  реакциясы  қозғалыстағы  заттың  («қағып  алынатын») 
бағыты  мен  жылдамдығын,  аралық  пен  оның  жақындау  уақытын  ескере 
отырып,  тез  барлай  білуімен  анықталады.  Бұл  жүйке  процестерінің 
ширақтығын белгілі дәрежеде дамытуды талап етеді және олардың жетілуіне, 
сондай-ақ  кейбір  арақашықтықтың,  мерзімдік  және  кӛз  ӛлшемі  бағалауына 
кӛмектеседі.  Мұның  бәрі  ӛзгеріп  отыратын  жағдайда  баланың  дұрыс  бағдар 
ұстауына мүмкіндік береді. 
 
Денені  жалпы  дамытатын  жаттығулар.  Денені  жалпы  дамытатын 
жаттығулар - бұлшық еттердің жекелеген топтарын - иіннің, кеуденің, құрсақ 
шандырының, аяқтың және басқа  жерлердің бұлшық еттерін дамытуға және 
нығайтуға  арналған  жаттығулар.  Олардың  міндеті  сүйек-бұлшық  ет 
аппаратын  дамыту  және  нығайту,  организмның  негізгі  физиологиялық 
жүйелерін  жаттықтыру  жолымен  баланың  дене  бітімін  дұрыс  қалыптастыру 
болып  табылады.  Бұл  жаттығулар  қозғалыстарды  басқаратын  жоғары 
психомотор  орталығында  жаттықтырады,  бірінші  және  екінші  сигнал 
жүйесінің  ӛзара  байланысты  қызметін  жетілдіреді  және  саналылықты, 
еркіндікті,  орындалу  дәлдігін  талап  етеді.  Денені  жалпы  дамытатын 
жаттығулар  біртіндеп  бүкіл  организмді  әрекет  ететін  жағдайға  тартуға, 
организмнің  жалпы  ӛмірлік  қызметіне  кӛмектесетін  физиологиялық 
процестерді күшейтуге бағытталған.  
  
Жаттығулардың  бірінші  тобы  иық  белдеуі  бұлшық  еттерін  дамытуға 
және  күшейтуге  бағытталған.  Олар  кӛкірек  қуысы  тыныс  ӛрісінің  кеңеюіне 
және ұлғаюына кӛмектеседі, диафрагманы, барлық тыныс алу бұлшық еттерін 
күшейтеді,  терең  тыныс  алуға  мүмкіндік  жасайды  (жауырындарды 
жақындастыруға  және  олардың  арасындағы  алшақтықты  азайтуға  кӛмектесе 
отырып) арқаның бұлшық еттерін күшейтеді, омыртқаны тікейтеді. 
  
Жаттығулардың екінші тобы құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық ететтерін 
дамытуға  және  күшейтуге  бағытталған.  Олар  қарынның  бұлшық  еттерін 
күшейтуге  кӛмектеседі,  ол  бұлшық  еттер  ішкі  органдарды  жедел  қимыл 
кезінде шайқалудан сақтайды (секіру, секіріп түсу және т.б.). Бұл жаттығулар 
аяқ  пен  табан  бұлшық  еттерін  дамытады,  күре  тамырларда  қанның  іркілуіне 
кедергі  жасайды  (алақанды  тізеге  тіреу,  жартылай  тізе  бүгу,  жүрелеп  отыру 
және т.б.). 
  
Жаттығулардың үшінші тобы арқаның бұлшық еттері мен омыртқаның 
иілгіштігін дамытуға және күшейтуге бағытталган. Бұл жаттығулар тұлғаның 
дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды және кеуде алға қарай иілген және жан-
жаққа  қисайған  кезде,  сондай-ақ  оңға,  солға  бұрылған  және  кеуде  айналған 
кезде  омыртқаның  иілгіштігін  дамытуға  кӛмектеседі.  Осыған  орай  соңғы 
жаттығудың негізгі шарты-омыртқаның иілгіштігін қамтамасыз ету, бұл үшін 
жаттығуды  отырып  орындау  кезінде  малдас  құрып  отырып,  жамбастың 
орналасуын  бекіту  немесе  аяқтар  бір-бірінен  ажырап,  тік  тұрған  кезде 
(кеуденің  айналуы  кезінде)  аяқты  нық  басу  (оларды  қозғалтпау)  тиімді 
болады. 

 
209 
Сӛйтіп,  бір  мезгілде  пайдаланатын  жаттығуларды  кӛрсетілгеніндей  іріктеу 
бала  организміне  жан-жақты  күшейтуші  ықпал  жасайды.  Дәлдікті, 
айқындықты,  белгілі  бір  бӛлшектенушілікті  және  сонымен  бірге  тұтастықты 
талап  ететін  денені  жалпы  дамытатын  жаттығуларды  орындау  баланы  ой 
тоқтатуға,  ерік-жігерге,  мақсаттылыққа,  тежеу  сезімталдығына,  ӛз  қимылын 
үйлестіре білуге баулуға кӛмектеседі. 
А л ғ а ш қ ы   т ұ р у   қ а л п ы .   Кез  келген  жаттығу  алғашқы  тұру  қалпынан: 
дененің дұрыс қалпында тұруынан (түрегеп, отырып, жатып) және қолы мен 
аяқтың  жасалатын  жаттығуға  қажетті  қалыпта  тұруынан  басталады.  Иық 
белдеуі  бұлшық  еттерін  дамытатын  жаттығулар  үшін  тӛмендегідей  алғашқы 
тұру  қалпы  қолданылады:  аяқ  үшін-аяқ  алшақ,  табаны  иықтың  еніндей 
кеңдікте  бір-біріне  параллель  тұрады  (бұл  кішкентайлар  мен  естиярлар 
тобындағы  балаларға  ұсынылады),  ересектер  мен  мектепке  даярлық 
тобындағы балалар үшін бұл жаттығулар негізгі тұруда ӛкшені қосып, аяқтың 
ұшын  алшақ  салып  тұру  (кейде  аяқтың  ұшынан  басып,  кӛтерілу)  берілуі 
мүмкін.  Қол  үшін  -  қолды  денені  бойлай,  тӛмен  қарай  түсіру,  алақанды 
кеудеге  қарату,  қолды  артқа  ұстау,  қолды  бүйірге  таяу,  қолды  шынтақтан 
бүгіп  артқа  созу,  қолды  кеудеге  қою,  қолды  екі  жаққа  созу,  қолды  жоғары 
кӛтеру, қолды түзу ұстап артқа қарай созу, қолдың ұшын иыққа тіреу, қолды 
тӛбеден  асырып  ұстау.  Кӛрсетілген  барлық  алғашқы  тұру  қалпы 
жауырындарды  жақындастырып,  омыртқаны  тікейтіп,  кӛкірек  қуысын 
кеңейте келіп, дене тұлғасын дұрыс қалыптастыруға кӛмектеседі. Бұлар бүкіл 
денені  ыңғайлы,  қалыпқа  келтіреді.  Кішкентайлар  мен  орта  топтың 
балаларында  құрсақ  шандыры  мен  аяқ  бұлшық  еттерін  дамытатын 
жаттығуларға  түрегеп  тұрған  қалпында  аяқ  үшін  мынадай  алғашқы  тұру 
қалпы  қолданылады:  тік  тұру-аяқ  иықтың  кеңдігінде  керіледі,  табаны  бір-
біріне  параллель  немесе  аяғын  қосып  тұрады.  Ересектер  мен  дайындық 
тобының  балалары  үшін:  негізгі  қалып  –  ӛкше  бірге,  аяқтың  ұшы  алшақ. 
Мұндай қалыпты сақтау жартылай отыру, толық отыру кезінде қолданылады, 
баланың  тізенің  аралығын  кеңейтуіне  арқаны  тікейтуіне  және  ӛкшені 
кӛтеруіне  мүмкіндік  туады,  ол  әрі  аяқты  жеке  кӛтеру  және  бүгу,  аяқты  алға, 
оңға  солға,  артқа  созу  кезінде  қолайлы.  Кішкентайлар  мен  ортаңғы  топтағы 
балалар  үшін  отырған  кездегі  алғашқы  қалып:  аяғы  алға  қарай  созылған; 
ересектер мен дайындық тобындағы балалар үшін: аяғы алға қарай созылған, 
аяғының  ұшы  қосылған  және  тартылған,  аяғы  айқасқан.  Арқаның  бұлшық 
еттері  мен  омыртқаның  иілгіштігін  дамытатын  жаттығулар  үшін  түрегеп 
тұрған  кезде  аяқтың  мынадай  алғашқы  тұру  қалпы  пайдаланылады:  барлық 
жастағы топтар үшін аяқ алшақ тұрады. Ол денені тұрақты қалыпқа келтіреді, 
тура,  қапталға  иілу  үшін  және  кеуденің  әртүрлі  бұрылулары  (айналу)  үшін 
ыңғайлы.  Ересектер  тобындағылар  үшін  отырған  кездегі  қалып:  аяқтар  алға 
қарай  созылған,  табандар  қосылған,  аяқтың  ұшы  тӛмен  қарай  тартылған. 
Шалқадан  жату  кезіндегі  қалып:  аяқ  созылған,  табан  қосылған,  аяқтың  ұшы 
тартылған, қол денені бойлап, жанбастан асыра созылған. 
Т ы н ы с   а  л  у.  Кейін  кӛкірек  қуысының  құрылысында  жасқа  байланысты 
ерекшелік болатын балада (қабырғасының сәл ғана иілуі және жоғары тұрған 

 
210 
диафрагма)  тыныс  беретін  жоғары  серпінді  қозғалыс  болмайды,  тыныс  алу 
үстіртін,  баяу  болады.  Шапшаң  дене  шынықтыру  жаттығулары  процесінде 
оттегіге  деген  кӛп  қажетсіну  пайда  болады:  бала  таза  ауаны  сіміре  жұтып 
терең тыныс ала бастайды және сонымен бірге организмде пайда болған кӛмір 
қышқылын  сыртқа  шығару  қажеттігін  сезеді,  мұның  ӛзі  дем  шығару 
қажеттігін туғызады. Жаттығу тыныс алуды реттейді және күшейтеді, кӛкірек 
қуысының дамуына  және  ширақ  қозғалуына  кӛмектеседі,  ӛкпенің  тыныс  алу 
сыйымдылығын  ұлғайтады,  оттегі  мен  қоректік  заттардың  ағылып  келуі 
арқасында қанның құрамы жақсарады. Барлық жаттығуларды орындау кезінде 
баланың  дұрыс  тыныс  алуы  маңызды  рӛл  атқарады.  Ол  ретімен  белгілі  (тс, 
шш, пф және т.б.) дыбыстарды шығарып, толық интенсивті терең тыныс алу 
және  біртіндеп  баяу  дем  шығару  болып  табылады.  Мұның,  әсіресе,  оттегі 
тәртібіне  ӛте  сезімтал  дамып  келе  жатқан  бала  организмі  үшін  зор  маңызы 
бар. Балаларды дене шынықтыру жаттығулары процесінде қимыл фазасы мен 
тыныс  алу  фазасының  дұрыс  ұштастыруға  үйретіп,  сол  арқылы  тыныс  алу 
аппаратының  жұмысын  жетілдіру  керек.  Балабақшаның  тәрбиесінде  әрбір 
жекелеген  жаттығуда  дұрыс  тыныс  алу  және  дем  шығару  сәтін  айқын  білу 
қажет.  Иық  белдеуі  бұлшық  еттерін  дамытатын  жаттығулардағы  тыныс  алу 
қолды  жан-жаққа  созу,  артқа  қарай  сермеу,  жоғары  кӛтеру  кезіндегі  кӛкірек 
қуысының  кеңеюімен  әрдайым  ұштасады,  дем  шығару  қолды  тӛмен  түсіру, 
алға  созу,  алға  созып  шапалақтау  кезіндегі  кӛкірек  қуысының  тарылуымен 
байланысты.  Құрсақ  шандыры  мен  аяқ  бұлшық  еттерін  дамытатын 
жаттығуларда  аяқ  тікейген  кезде  тынысы  алынады,  аяқты  тізеден  бүккен, 
отырған  кезде  дем  шығарылады.  Арқаның  бұлшық  еттері  мен  омыртқаның 
иілгіштігін  дамытатын  жаттығуларда  алға  қарай  еңкейгенде  тыныс  алу 
тіктелумен, дем шығару- кеудені алға-тӛмен июмен, қапталға қисайған кезде 
дем  шығару-бір  жаққа  қарай,  мысалы  оңға,  ал  тыныс  алу    кезек  орындалып 
басқа (солға) қисаюмен ұштасады немесе, тыныс алу бір жаққа қарай иілумен, 
дем  шығару  тіктелумен  ұштасады.  Кеуде  толық  бұрылған  кезде:  бір  жаққа 
бұрылғанда  тыныс  алынады,  екінші  жаққа  бұрылғанда  дем  шығарылады  (әр 
жаққа бұрылған сайын кезекпен). Жартылай бұрылғанда тыныс алу бір жаққа 
бұрылумен, дем шығару тура тұрумен ұштасады, екінші жаққа бұрылғанда да 
дәл  солай.  Жаттығуларды  орындау  процесінде  балаларды  мұрыннан  тыныс 
алуға  үйрету  керек,  мұның  ӛзі  ауаның  ӛкпеге  бір  қалыпты  барып  жетуін 
қамтамасыз  ететіні  белгілі,  оның  үстіне  мұрын  жолдары  арқылы  ӛткен  ауа 
жылиды,  тазарады,  содан  кейін  барып  кӛмейге  жетеді.  Дене  шынықтыру 
жаттығуларын  жүйелі  түрде  жүргізу  қажетті  шартты  рефлекторлық 
байланыстарды  қалыптастыруға  кӛмектеседі,  балаларда  біртіндеп  ырғақты 
тыныс алу стереотипі пайда болады. 
Балаларға  қойылатын  талаптарды  күрделендіру.  2  жасар  балаларды  үйрету 
кезінде қарапайым жаттығулар пайдаланылады. Бұл кезде қимылдар үйлесімі 
дамуының  жеткіліксіздігі  және  сәбилердің  қимыл  актілерін  бӛлшектей 
алмайтындығы  ескеріледі.  Ойын  әдістерін,  бейнелі  жаттығуларды  қолдану, 
балалардың  қимылдарды  тәрбиешімен  бір  мезгілде  орындауы  неғұрлым 
тиімді болады.  

 
211 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет