А Лексикалық тақыры



бет2/2
Дата12.01.2023
өлшемі1,17 Mb.
#165372
1   2
Байланысты:
9-сабақ
педагогика, Физра т.к 7
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық материал бойынша 1. Климат және жыл мезгілдері
2. Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
ә) грамматикалық материал бойынша
Сан есімдер мен зат есімдердің байланысы. 5. Сабақ өткізу жоспары:
А)Ұйымдастыру.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
­ Мәтін бойынша жұмыс. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.
- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс. - Жаңа сабақты қорыту
В) Студенттердің білімін бағалау
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату.
7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма Сурет бойынша жыл мезгілдеріне мәтін құрау.


2-тапсырма. Мәтінді әңгімелеп беріңіз.Мәтінге сұрақ қойыңыз. Мәтінге байланысты тірек сөздерді жазыңыз.

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П.Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа масса-ларының қасиеттері мен эсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.


Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді.Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді. Экватор аймағында экваторлық климаттық белдеу орналасқан. Бұл белдеуде қысым төмен,жыл бойы экваторлық ауа массалары эсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температураеы жоғары болады. Жоғары өрлеген ауа қозғалысының басым болуы, пассат желдері арқылы ылғалды мұхиттық ауа массаларының тұрақты енуі нәтижесінде жыл бойы жауын-шашын мол түседі. Ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.Тропиктік белдеулер жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым.
Жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте қүрғақ.Өйткені 10-
12 км биіктіктіңөзінде экватор аймағынан тропиктергебағытталған ауа ылғалы едәуір азайған күйде келеді (ол неліктен?). Ауа төмендеген сайын қызып, бүрынғысынан да қүрғақтығы арта түседі. Бұл белдеуде жаңбыр құрлықтың жазық бөліктерінде ғана емес, ашық мүхит үстінде де өте сирек жауады. Сондықтан тропиктік белдеулерде Жер шарындағы аса ірі континенттік шөлдер: Сахара, Арабия, Калахари, Виктория орналасқан.





3-тапсырма . Есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау сан есімдеріне мысалдар жазыңыз.
4-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер.

Жағдаят
5-тапсырма. «Болашақ – жастардың қолында» дегенді жиі айтамыз. Расымен солай. Бірақ қазіргі жастардың көпшілігінде өз өміріне деген жауапкершілік азайып бара жатқандай. Тіпті кейде олардың тірліктеріне қарап отырып, отбасы деген киелі ұғымды жете түсінбей ме дейсің. Сіздің ойыңыз қалай?
6-тапсырма. Сан есім болатын 5 мақал-мәтел айтыңыз.
7-тапсырма. Үй тапсырмасы. Жыл мезгілдеріне арналған қандай ақындардың өлеңдерін білесіз? Жылдың 4 мезгіліне арналған өлең жолдарын және мақал-мәтел, қанатты сөздер жаттау.
8. Әдебиеттер:
1. Мамырбекова Г.М. «Қазақ тілі» (жалғастырушы деңгейге арналған). Алматы, 2015 ж. 2. Күзекова З.С., Байтелиева Ж.Д. Қазақ тілі: орта деңгейге арналған оқулық. – Астана, 2016.
3. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет