А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка


МУЗЫКА ЖƏНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ



бет55/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92

МУЗЫКА ЖƏНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
Сабақта:


  1. Музыка жəне бейнелеу өнерінің өзара байланысы ту-ралы білеміз;




  1. Музыкадағы импрессионизм бағытымен танысамыз;




  1. К.Дебюссидің «Ай сəулесі» («Лунный свет»), М.Равельдің «Су ойыны» («Игра воды») шығармаларын тыңдаймыз;




  1. Ш.Сариевтің сөзіне жазылған К.Дүйсекеевтің «Астана» əнін үйренеміз.




    • Музыка мен бейнелеу өнері арасында байланыс бар ма?

    • Олардың көркемдік құралдарын атай аласың ба?

    • Өнердегі қандай стильдерді білесің?

Импрессионизм (французша «impression» – əсер) – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде пайда болған ағым. Негізінен, суреткердің өмірден алған өткінші əсері мен бір сəттік көңіл күйін бейнелейді. Бейнелеу өнерінде импрессионизмнің жекелеген белгілері 1860 жылдары француз суретшілерінің (Э.Мане, О.Ренуар, Э.Дега) еңбектерінде көріне бастады.


Музыкадағы импрессионизмнің негізін салушы Клод Дебюсси өз шығармашылығында музыканың бейнелеу тəсілдеріне көптеген жаңалықтар енгізді. Ол қазіргі заманғы композиторлық шеберліктің барлық аспектілерін: əуенді, музыканың гармониялық, тембрлік бояуларын, оркестрлік өңдеуді, музыкалық форманы байытты. Морис Равель (Франция) жəне Мануэль де Фалья (Испания) – музыкалық импрессионизмнің шеберлері.

Музыка тыңдарманның қиялында нақты көріністерді тудырып, айшықты суреттеп беруге қабілетті, яғни, композиторларға «музыкалық картина» жазуға мүмкіндік береді («Москва өзеніндегі таң» – М.Мусоргский, «Таң» – Э.Григ, «Ай сəулесі» – К.Дебюсси, «Су ойыны» – М.Равель).




Музыка мен бейнелеу өнеріне ортақ «контраст» де-ген ұғым бар. Кескіндемеде контраст – түстердің немесе масштабтардың сəйкестігін білдіреді. Музыкада – мажор мен минордың, тез жəне жай қарқындардың, қатты неме-се ақырын дыбыстардың (динамика), жоғары немесе төмен дыбыстардың қарама-қайшылығын білдіреді. Контраст кез келген музыкалық шығармаларда бар.




М.Мусоргский. –
«Көрмедегі суреттер» циклынан «Екі еврей – бай жəне кедей»
Контрастың айшықты мысалы М.Мусоргскийдің «Екі еврей- бай жəне кедей» пьесасында берілген. Бұл жердегі контраст шығарма
атауынан-ақ көрініп тұр. Осы пьесаның музыкасы екі түрлі адамдардың мінездерін суреттейді. Бірінші байдың бейнесі сенімділігімен, қатты, маңызды дыбыстарымен ерекшеленсе, кедей бейнесі сасқалақтық, аянышты, жалынышты интонациялармен бейнеленген.




86 87


Морис Равель – француз композиторы. Музыкалық импрессионизмнің көрнекті өкілдерінің бірі ретінде аты тарихта қалған (К.Дебюссимен қатар).



Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет