А. Р. Боранбае ва шымкент, 2022


Логопед-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселесін тарихи-әдістемелік талдау



бет11/36
Дата18.05.2022
өлшемі471,72 Kb.
#143814
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
Абдезимова (1)
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Логопед-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселесін тарихи-әдістемелік талдау

«Педагогикалық ғылымдар» - педагогикалық жоғары білім бағыты бойынша дескрипторлар студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:
1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;
2) білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, зерттелетін саладағы проблемаларды шешу және дәлелдерді қалыптастыру;
3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар жасау үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;
4) мамандарға да, маман еместерге де ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау;
5) зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру [27].
ЖОО білім алушыларына құзыреттердің келесі жіктелуі ұсынылады: жалпы мәдени (ЖМ) және кәсіби, олар өз кезегінде негізгі жалпы кәсіби, яғни кез-келген кәсіби қызметке (КҚ) және кәсіби, педагогтың (АҚ) қызметіне қатысты. Айта кету керек, мұндай жіктеу біршама дұрыс емес, өйткені бүтін және бөлік бірдей атауларға ие және осы ұғымдардың көлемін біріктіру жаңа тұжырымдаманың көлемін құрмайды. Бұл сәйкессіздікті жою жолдарының бірі мұғалімнің қызметіне қатысты кәсіби құзыреттерді белгілеу үшін қолданылатын «педагогикалық кәсіби құзыреттер» термині болуы мүмкін. Бұл құзыреттер педагогикалық білім беру үшін профиль ерекшеліктерін ескерместен жалпыланған түрде тұжырымдалған [28].
Құзыреттердің жалпылануы оларды профильге сәйкес нақтылау мен толықтыруды қажет етеді. Кәсіби құзыреттерді арнайы құзыреттер жиынтығымен толықтыру әрбір бейін бойынша кәсіби қызметтің ерекшелігін есепке алуды қамтамасыз етеді.
Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, арнайы педагог (дефектолог-мұғалім, дефектолог, логопед-мұғалім, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) біліктілігіне төмендегідей талаптар қойылады:

  • дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған балаларды оқыту диагностикасының әдістерін меңгеруі;

  • арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру;

  • дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы;

  • балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру, кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану [27].

Бакалаврдың арнайы құзыреттерін («Арнайы педагог» профилі) тұжырымдау мүмкіндігі әрбір педагогикалық жоғары оқу орнының негізгі білім беру бағдарламасын (ББ) жобалауында бар. Алайда, мәселе арнайы білім беру мен жоғары кәсіби (педагогикалық) білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу бір уақытта дерлік жүзеге асырылатындығында, сондықтан жүзеге асыруға қойылатын барлық талаптар білім беру нәтижелеріне қойылатын талаптарды тұжырымдауда көрініс таба алмады.
5В010500-Дефектология мамандығының жалпыға міндетті білім беру стандартында (ҚР МЖМБС 6.08.061-2010) кәсіби қызметтік бакалавр дайындау, толыққанды әлеуметтік, интеграциялық және мүмкіншілігі шектеулі балалардың жеке дамуына бағытталған жалпы білім беру және арнайы (коррекциялық) оқытуды ұйымдастыру болып табылады [28]. Стандарт негізінде білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде қалыптастырылатын құзіреттер қатарында жалпы мәдени құзыреттіліктер (ЖМҚ), кәсіби құзыреттіліктер (КҚ), арнайы құзыреттіліктер (АҚ) анықталып, мұғалім-логопедтің арнайы (пəндік) құзыреттіліктері (АҚ) төмендегіше нақтыланған:

  • Арнайы педагогика саласындағы кәсіби іс-әрекеттерді жеткілікті деңгейде меңгеруі, қазіргі түзету педагогикасы теориясы мен практикасының талаптарына сай МШ балаларды тәрбиелеу мен арнайы оқыту сапасын үнемі жетілдіру және өзінің алдағы кәсіби тұрғыдағы біліктілігін дамыту (АҚ-1);

  • Нақты тәжірибелік мәселелерді шешу барысында теориялық білімдерін қолдану; арнайы педагогика мен психологияның, логопедияның соңғы зерттеу нәтижелерін, олигофренопедагогика мен логопедияның танымал тәжірибесін талдау, жинақтау, оқыту-тәрбиелеу процесінде қолдана білуі (АҚ-2).

  • Логопедияның ғылыми-әдістемелік негіздерін, сөйлеу тілінің бұзылыстарының жіктелуін, бұзылыстың себептеріне, механизміне заманауи көзқарастарды, түзету әдістерін және тіл бұзылыстарынан сақтандыру жолдары, күрделі тіл кемістігі бар балаларға арналған мектепте арнайы пәндерді оқытудың негіздерін меңгерту (АҚ-3).

  • Қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің даму онтогенезін, тіл кемістігінің түрлерін, ерекшеліктерін, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы тіл кемістігі бар балалармен логопедиялық-педагогикалық-түзетужұмысының мазмұнын, өзгешелігін білу (АҚ-4).

  • Күрделі тіл кемістігі бар балалар мектебінің бастауыш сыныбында оқытылатын негізгі пәндердің оқыту әдістемелерін игеру (АҚ-5).

  • Сөйлеу тілінің ауытқуларын диагностикалау, сөйлеу тілінің кемістігі бар балалармен түзету-педагогикалық процесінде және алдын-алу шараларын ұйымдастыру және өткізу (АҚ-6).

  • Қалыпты жағдайдағы және әр түрлі ауытқулары бар балалардың ауызша және жазбаша тілінің кемістіктерін айқындау және түзету, балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру (АҚ-7) [28, 7-8 бб.].

Шамамен негізгі білім беру бағдарламасында «Арнайы педагогика» бейіні бойынша бакалаврларды даярлау, педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы білім беру бойынша оқу-әдістемелік бірлестік (ОӘБ) әзірлеген және 2018 жылы 31 қазанда бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ұсынымдық сипатқа ие), стандартты табысты іске асыру үшін қажетті бакалаврдың арнайы құзыреттерінің тізбесі жоқ, соның салдарынан ол педагогикалық ЖОО-лардың негізгі білім беру бағдарламаларында да көрініс таппаған.
Бұл факт жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің сайттарында ұсынылған «Педагогикалық білім» («Арнайы педагогика» бейіні) бағыты бойынша бакалавриаттың негізгі білім беру бағдарламаларын талдау нәтижесімен расталады.
Қазақстан Республикасында 6В01901-Арнайы педагогика білім беру бағдарламасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, Мирас университетінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, «Болашақ» университетінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде, А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде даярланады.
Бакалавриатта білім беру бағдарламасының коды «6В01901-Арнайы педагогика» деп нақтыланғанымен, 5В010500 – Дефектология (арнайы білім беру) атауымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің [29], М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті [30], С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті [31], А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университеті [32]; 6В01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде [33]; 6В01901-Арнайы педагогика І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде [34], Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті [35], Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті [36], Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің [37] сайтында орналастырылған.
Тіпті білім беру бағдарламасының атауы мен коды екі атаумен ұсынылған Мирас университетінде 6В019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау кодымен «6В01901 – «Дефектология» білім беру бағдарламасының өзектілігі сыни ойлауға ие, заманауи жағдайда ықпалдасуға қабілетті, оқытудың озық технологияларын меңгерген, бакалаврлардың білім беру дайындығының, сондай-ақ жалпы, арнайы және инклюзивті білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінде коррекциялық-педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті арнайы педагог-дефектологтарды дайындауда жаңа көзқарасты жүзеге асыру мақсаттарынан тұрады» [38].
Қазіргі таңда елдің әлеуметтік-саяси өміріндегі өзгерістермен «дефектология» терминінің мәні өзгеріп, «ақаулар туралы ғылымнан» дефектология іс жүзінде «арнайы педагогика» атауын иемденді [39]. Солай бола тұра педагогикалық жоғары оқу орындарында әлі де болса «деффект» терминдік қолданыстан түспей тұрғандығы байқалады.
Тараз педагогикалық университетінде [40], Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде [41] білім беру бағдарламасы 6В01901 – Логопедия атауымен ұсынылған.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде [42] негізгі білім беру бағдарламасы 6В01901-Арнайы педагогика (Логопед) атауымен ұсынылып, арнайы педагогика бойынша логопедиялық мамандандыруды таңдау негіздемесін «аймақтық еңбек нарығының қажеттілігіне, университеттің ғылыми-педагогикалық мектебінің дәстүрлері мен мүмкіндіктеріне», «Балалар мен ересектердегі сөйлеу бұзылыстары мәселесінің өзектілігімен» түсіндіреді. Арнайы педагогтің (логопед) педагогика, психология және медицина салаларынан білімі болуы керек, ол оқу жоспарының модульдік мазмұнында көрсетілген. Оқу пәндері модульдік бөліктерге топтастырылған: педагогикалық-психологиялық, медициналық-биологиялық, арнайы (логопедиялық), әдістемелік (бастауыш мектепке арналған арнайы әдістеме) және қолданбалы модуль (практикадан өтуге және диплом жұмысын жазу бағытталған).
Major пәндерде сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды диагностикалау, түзету және оқыту мәселелері қамтылған. Minor пәндері зияты, көру және есту қабілеті зақымданған балаларды диагностикалау, түзету және оқыту мәселелерін қамтиды [42, 9 б.]. Білім беру бағдарламасында бітірушінің моделін пәндік, ұйымдастырушы-әдістемелік, көшбасшылық, мәдени, өмір бойы оқу және ақпараттық құзыреттіліктер негізінде қалыптастырады [42, 10 б.].
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің сайтында орналастырылған 5В010500 – Дефектология (арнайы білім беру) мамандығы бойынша білім беру бағдарламасында 5 мамандандыру (олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика, логопедия, арнайы мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші және әдіскер) бағыты бойынша білім бакалаврларын дайындайды. 5В010502 – Логопед, тіл кемістігі бар балаларға арналған бастауыш сыныптың мұғалімінің арнайы (пәндік) құзыреттіліктер қатарында: «дамуындағы ауытқулардың анықтау мен айқындау технологияларын және теориялық негіздерін меңгерген; мүмкіндігі шектеулі балалармен теориялық негіз білімдерін және түзету-педагогикалық әрекет технологияларын қолдануға дайын; олармен қабылданған дағдыларды күнделікті өмірде қолдануды және олардың танымдық әрекетін ынталандыруды, әлеуметтік-маңызды біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды, оларда психикалық және сөйлеу процестерін дамыту әдістерін меңгерген; дамуында түрлі ауытқулары бар ерте, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды оқытуды және әлеуметтендіруді, тәрбиелеуді жүзеге асыруға қабілетті» деп берілген [29].
Қазақ қыздар Ұлттық педагогикалық университетінің 6В01901-Дефектология айдарымен орналастырылған «6В01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің ЕБҚ балалармен оқу-тәрбие жұмысы; ЕБҚ балалармен әлеуметтік-педагогикалық қызмет; эксперименттік-зерттеу қызметі; ЕБҚ балалармен ұйымдастырушылық басқарушылық қызмет; ЕБҚ балалармен түзету-педагогикалық қызмет; кеңес беру диагностикалық қызмет; ЕБҚ балалармен өндірістік-техникалық қызмет; мәдени-ағартушылық қызмет түрлерін орындай алады» деп көрсетілген. Оқу процесінде еңбек нарығында неғұрлым бәсекеге қабілетті болуға немесе жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетін қосымша құзыреттерге ие болуда қосымша Minor «Логопедиялық массаж» бағдарламасы ұсынылған [43].
Жалпы тұжырымдар келесідей: біз мұғалімнің жүзеге асыруына, атап айтқанда, арнайы сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған. Бағдарламалардың көпшілігінде арнайы құзыреттілік топтары тұжырымдалған (4-дан 7-ге дейін), бірақ олар сонымен бірге жалпыланған және мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру мәселесіне жанама түрде ғана әсер етеді.
«Білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарының білім беру миссиясын қалыптастырудың өзегі болып табылады. Олар студенттерге тасымалданатын, олардың жеке дамуына әсер ете алатын және болашақ мансаптарында қолдана алатын академиялық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етеді» [44, 11 б.] деп көрсетілген . Мұның бәрі білім бакалаврының кәсіби құзыреттілігі құрылымындағы арнайы құзыреттердің рөлі мен орнын анықтау қажеттілігін көрсетеді. Әр түрлі жіктеулерде арнайы кәсіби құзыреттер әр түрлі орын алады. Сондықтан Ережені нақтылау үшін осы жіктеулерді талдау қажеттілігі туындайды.
И.А. Зимня мен В.Д. Шадриковтың зерттеулеріне сәйкес кәсіби маман белгілі бір құзыреттер жиынтығына ие болуы керек.
1. Әлеуметтік және жеке құзыреттер: азаматтық, салауатты өмір салты қажеттілігін түсіну, өз бетінше оқу қабілеті мен дайындығы, қарым – қатынас жасау қабілеті мен дайындығы, кәсіби қызметте шет тілін білу қабілеті мен дайындығы – бакалаврдың құзыреті.
2. Экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттер: қызмет нәтижелерін бағалау қабілеті мен дайындығы, ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерді білу қабілеті мен дайындығы, ұжымның жұмысын ұйымдастыру қабілеті – бакалаврдың құзыреттілігі.
3. Жалпы ғылыми құзыреттер: нақты әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік нысандары, абстрактілі шамалар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы; ақпарат, оны беру және пайдалану тәсілдері туралы; табиғат құбылыстарының неғұрлым жалпы заңдылықтары, материяның қасиеттері мен құрылымы және оның қозғалыс заңдары туралы; химиялық элементтер (атомдар), олар түзетін қарапайым және күрделі заттар (молекулалар) туралы және олардың өзгеру заңдылықтары туралы білімді пайдалану қабілеті мен дайындығы; тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасының принципті заңдылықтары туралы білім; бакалаврдың кәсіби бағытталған жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша білімі мен дағдыларын қолдану қабілеті мен дайындығы.
4. Жалпы кәсіптік құзыреттер (кәсіби қызметке инвариантты).
5. Арнайы құзыреттер: нақты объектіге, еңбек пәніне байланысты міндеттерді шешу үшін кәсіби бағытталған білім мен дағдылар [45, 66 б.].
Көріп отырғанымыздай, сипатталған жіктеу МЖМБС-да ұсынылған құзыреттердің жіктелуінен біршама ерекшеленеді: ұйымдастырушылық және басқарушылық құзыреттер жалпы болып жіктеледі, ал гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы білім жалпы ғылымдардан алынып тасталады.
TUNING жобасында құзыреттер жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпыға құралдық (танымдық), тұлғааралық және жүйелік құзыреттер жатады.
Арнайы құзыреттердің жіктелуі келесідей.
Білім берудің (бакалавриаттың) бірінші деңгейі үшін әртүрлі пәндік салалар үшін мынадай жалпы құзыреттер бөлінді::
- пән негіздерін білуін көрсете білу;
- игерілген білімді дәйекті және қисынды түрде ұсыну қабілеті;
- жаңа ақпаратты контекстке келтіру және оны түсіндіру мүмкіндігі;
- пәннің жалпы құрылымын түсіну және пәндер арасындағы байланысты көрсете білу;
- сыни талдау және теорияларды дамыту әдістерін түсіну және пайдалану қабілеті;
- пәннің әдістері мен техникасын дұрыс қолдану қабілеті;
- осы пән саласындағы зерттеулердің сапасын бағалау қабілеті;
- ғылыми теорияларды тексерудің эксперименттік және бақылау әдістерінің нәтижелерін түсіну қабілеті [19].
Жоғарыда келтірілген классификацияда құзіреттіліктер жалпы және арнайы (кәсіби) болып бөлінеді, бірақ осы топтардың ішінде бөлу басқа негіздер бойынша жүзеге асырылады. Коммуникативті құзыреттер құралдық топқа жатады, ал алғашқы екі классификацияда бұл құзыреттер әлеуметтік және жеке болып табылады. Азаматтық, салауатты өмір салтының қажеттілігін түсіну сияқты құзыреттер соңғы жіктеуге кірмейді, бірақ айырмашылықтар мен көп мәдениетті қабылдау, өзге жіктеулерден айырмашылығы, тұлғааралық құзыреттілік тобына кіреді.
Жіктеудің тағы бір айырмашылығы – топтар бір деңгейлі емес: құралдық және тұлғааралық құзіреттіліктер жүйелік құзыреттер үшін негіз болады. Бұл нақты аспаптық және тұлғааралық құзыреттер жүйелік құзыреттердің құрылымдық компоненттері екенін білдіреді.
Әдебиеттерде басқа негіздер бойынша құзыреттердің жіктелуі келтірілген. құзыреттіліктің келесі түрлерін ажыратады: негізгі, негізгі және функционалды.
Негізгі құзыреттер бойынша автор белгілі бір кәсіби қызметтің ерекшелігін көрсететін құзыреттерді түсінеді. Функционалды құзіреттіліктер белгілі бір қызмет сипаттамаларының жиынтығы болып табылады және белгілі бір жұмыс орнына тән функциялар жиынтығын көрсетеді. Негізгі құзіреттіліктер жалпы сипатқа ие, әмбебап және әртүрлі өндірістік және өмірлік жағдайларда қолданылады. «Негізгі құзіреттіліктер» термині олардың басқа, нақтырақ және тақырыпқа бағытталған кілт, негіз екенін көрсетеді. Негізгі құзыреттердің құрамына субъектіге кез келген түрдегі қызметті табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іс-қимылдың ең жалпы, пәннен тыс тәсілдері кіреді. Негізгі құзыреттер мәселелерді дербес немесе басқалармен бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
Негізгі құзыреттер – бұл әмбебап білім мен дағдылардың тұтас жүйесі, сондай-ақ білім алушылардың өзіндік қызметі мен жеке жауапкершілігі тәжірибесінің болуы.
Негізгі құзыреттер адамның өзіне жеке тұлға ретінде, қызмет, қарым-қатынас субъектісіне қатысты құзыреттерді; адамның әлеуметтік өзара іс-қимылына және әлеуметтік салаға қатысты құзыреттерді; адамның қызметіне қатысты құзыреттерді қамтиды.
Негізгі құзыреттер – бұл пәннен тыс құрылымдар, олар көп өлшемді және көп функциялы.
З.А. Мовкебаева арнайы педагогтердің дайындығындағы негізгі құзіреттілікті (түрді) анықтайды.
1. Қызмет субъектісіне қатысты құзыреттер.
2. Адамның және әлеуметтік саланың әлеуметтік өзара әрекеттесуіне қатысты құзыреттер.
3. Адамның қызметіне қатысты құзыреттер[46, 11-12 б.].
Осылайша, біз құзыреттердің жалпы қабылданған жіктемесі әлі жоқ екенін көреміз. Алайда, көптеген жіктеулерде құзыреттіліктің жалпы (негізгі) және кәсіби болып екілік бөлінуі қабылданады. Біздің зерттеуіміз үшін кәсіби құзыреттер, атап айтқанда кәсіби педагогикалық құзыреттер қызығушылық тудырады.
Кез-келген құзіреттіліктің маңызды сипаттамаларын атап өтеміз:
- интегративтілік;
- құрылымның күрделілігі (жеке қасиеттер, кәсіби білім мен дағдылар, мамандыққа деген көзқарас, құндылықтар жүйесі, кәсіби тәжірибе).
Мұғалім-логпедтің кәсіби құзыреттілік құрылымын талдау бізге келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Мұғалім-логпедтің кәсіби құзіреттілігі құрамындағы құзіреттіліктерді жалпы және арнайы кәсіби құзыреттілікке бөлген жөн. Жалпы кәсіптік құзыреттерге жалпы кәсіптік білім, білік, дағды, қабілет, сондай-ақ оларды кәсіптердің белгілі бір тобы саласында өзектендіруге дайындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет