А. С., Сарсенбаев М. М. ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі «Прометей» бағдарламасы шеңберінде Павлодар 2008


ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДАМУ САТЫСЫМЕН ТАНЫСУ



бет16/20
Дата18.02.2017
өлшемі4,32 Mb.
#9817
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДАМУ САТЫСЫМЕН ТАНЫСУ
Материал:

  1. Петри табақшасындағы немесе қорапқа салып дайындаған жанаркөз, сібірлік немесе қарағай піллә көбелегінің, тал бұйра көбелегінің, шанқан көбелегінің, жұпсыз жібек көбелегінің және т.б. жәндіктердің жұмыртқалары.

  2. Жендет қандала, шиланның дернәсілі мен ересегі, барылдақ қоңыздың, жапырақжегінің, қиғының, мамыр зауза қоңызының, бізтұмсық қоңыздың спиртте салып сақтаған дернәсілдері.

  3. Сүген қоңызының, көбелектің, шыбынның, қарағай жібек көбелегінің, қарағай қырқарының қуыршақтары.

Құрал-жабдық: 10 есе үлкейтіп көрсететін лупа, Петри табақшасы, қабылға кестелер.
Тапсырманы орындау барысы

  1. Жәндіктердің әр түрлерінің жұмыртқаларын қарап, суретін салып, баяндау.

  2. Шала түрленетін жәндіктердің дернәсілдерін қарап, олардың еркек жәндікпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажырату.

  3. Толық түрленіп дамитын жәндіктердің дернәсілдерін қарап, суретін салу.

  4. Жәндіктердің дернәсілдері мен қуыршақтарының негізгі типтерін қарастырып, суретін салып алу.


Тапсырмаға түсініктеме

Жәндіктер жеке даму барысында дамудың немесе онтогенездің үш-төрт сатысынан өтеді: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ (барлығында емес) – ересек жәндік деген негізгі төрт сатысы бар.



Жұмыртқа түрлері мен оларды салу жолдары.

Жұмыртқа сыртынан тығыз қабықпен, яғни қауызбен (скорлупа) немесе хорионмен қапталады. Хорионның өзгеше белгісі болып табылатын нақты микроқұрылымы болады. Хорионның үстіңгі жағында ұрықтану барысында сперматозойд емін-еркін өтетін микропиле деген тесік болады. Осы микропиленің айналасында хорионның құрылымы күрделене түсуі жиі кездеседі. Жұмыртқаның морфологиялық белгілеріне оның формасы (сабақ тәрізді, бұршақ тәрізді, күбі тәрізді, сопақша шар тәрізді, бөтелке тәрізді т.б.), микропилярлық аппараттың орналасуы мен құрылымы, жұмыртқа қабығының түсі мен суреттері жатады (31-сурет).





31 – сурет. Жұмыртқа және оның әртүрлілігі

А – шыбын жұмыртқасының құрылысы; Б – шегірткенің жұмыртқасы; В – шегірткенің жұмыртқасының хорион бөлігінің үлкейтіп көрсетілген бейнесі; Г – жапырақ бүргесінің жұмыртқасы; Д – қандаланың жұмыртқаы; Е – ақкөбелектің жұмыртқасы;

Ж – сұр көбелектің жұмыртқасы; З – жапырақжемір қоңыздың жұмыртқасы; И – орамжапырақ шыбынының жұмыртқасы

к – жұмыртқаның тесікшесі (микропиле); х – хорион жабындысы; жо – сарыуыз қабықшасы; яд – ядро; пт – поляр денесі; ж – сарыуыз.
Жұмыртқаны бір-бірден немесе топтастырып салады (31 - сурет). Топтап салғанда немесе жекелеп салғанда олардың қатары бей-берекет болуы да мүмкін. Кейде бірінің үстіне бірін орналастырып, бірнеше қабаттан да салады. Жұмыртқаны өсімдіктің кез-келген жеріне немесе ұлпалардың ішіне, жануарларға да, оның денесінің ішіне де, жер бетіне де, жердің астыңғы қабаттарына да немесе суға да сала береді.

Жұмыртқалар қорғаныш қызметін атқарып тұратын жабын ретінде экскременттермен, талшықтармен, субстрат бөліктерімен, т.б. қапталып тұрады (31 - сурет г, з.).



Суретте көрсетілген жұмыртқаларға қарап, олардың жұмыртқа салудың ашық не жабық, қайда орналасқандары, жұмыртқа салу түрлері, салынған жұмыртқалардың санын анықтау, түсі, хорионның пішіні туралы суреттеп айтыңыз. Жұмыртқаның морфологиялық белгілері және жұмыртқа түрі мен орналасуына қарап, қандай зиянкестің жұмыртқасы екенін де анықтауға болады.
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет