Механикалық немесе
тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет береді.
Оның жасушалары тірі (қабық талшығы) немесе өлі (сүрек талшығы) бо-
луы мүмкін. Олар әрқашан берік және қатты жасушалық қабырғаға ие.
Ешқашан құра мында хлоропласт болмайды.
Бөліп шығарушы ұлпалар алуан түрлі. Жасуша қабық шасы тірі және
жұқа күйінде ұзақ сақталады. Оларда түрлі заттар түзіледі. Бөлінген
иісті және тәтті заттар тозаңдандыратын жәндіктерді өзіне еліктіреді, ал
эфир майлары малға жем болудан сақтайды.
Жануарларда ұлпалардың 4 типі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет,
жүйке ұлпалары болады.