АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау


» газетінің эрмитаж концертін жоғары бағалаған номері де жетіп келді. Номерде орыстың сол кездегі атақты ориенталисы40



Pdf көрінісі
бет51/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

39» газетінің эрмитаж концертін жоғары бағалаған номері

де жетіп келді. Номерде орыстың сол кездегі атақты ориенталисы40 белгілі

тіл  маманы,  қазақ,  тұрмысының  білгірі  Владимир  Дальдің  «күй  теңізі»

аталатын  мақаласы  қазақ  даласының  əн-күйге  ерекше  байлығын  баяндай

келе,  сол  үлкен  өнердің  өкілдері:  Дəулеткерей  Сығаевтың  жəне  Тəттімбет

Қазанғаповтың  күй  тартуға  өте  шебер  адамдар  екенін  шұқшия  талдап,

мақала  аяғын:  «Өнерпаздар  государь  императордың  өз  қолынан

шеберліктеріне

лайықты

алтын


медаль

алысты!»

деп

бітіріпті.



«Ұзынқұлақ»  хабарынан  да  қуанған  Шоқанның,  газет  мақаласын

оқығаннан кейінгі шаттығында шек болған жоқ. Оны ерекше шаттандырған

нəрсе  қазақ  күйін  патшаның,  өз  құлағымен  естіп,  өзі  алақан  соғып,

күйшілерге өз қолынан алтын медаль тапсыруы.

Бұл  Россияның  сол  кездегі  «көзі  ашық»  аталатын  қауымының,  олардың

ішінде  Шоқанның  екінші  Александрға  ең  биік  романтикалық  көзбен

қарайтынын  білеміз.  Олардың  естуінше,  бұл  патша  балалық  шағында,

орыстың  сол  кездегі  көркем  əдебиетінде  сентименталист  атағы  жайылған

көрнекті  ақыны  –  Василий  Андреевич  Жуковскийдің  тəрбиесінде  болған,


сондықтан, оқыған көпшіліктің мөлшерлеуінде, екінші Александрдың нəзік

жанды  адам  болуға  тиіс,  оның  Россиядағы  крепостнойлық  правоны  жою

шарасына кірісуі де, осыған байланысты болу керек.

«Эрмитажда  Россиядағы  отар  елдердің  əн-күйлерін  тыңдауы  да

сондықтан  емес  пе  екен,  –  деп  жорамалдады  Шоқан  іштей  музыкаларын

бағалағанда,  өздерін  де  бағаламас  па  екен  олардың?..  Оның  арты  Россия

ұлттарының өзара теңдесуіне соқса тамаша болар еді-ау!..»

Шоқанның  өзі  жалпы  музыканы,  оның  ішінде  қазақ  музыкасын  ерекше

сүйетін  адамның  бірі  еді.  «Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең»  деп  Абай

айтқандай,  жалпы  қазақтың  бала  туғанда  «шылдақана»  аталатын  сауықты

əн-күймен  өткізетіні  мəлім.  Сол  сауық  Шоқан  туғанда  да  жасалып.

Зейнептің  бірінші  перзенті  ұл  болуын  хан  тұқымы  жəне  елі  болып  зор

қуанышпен  қарсы  алып,  қалжасына  бие  сойып  дегендей,  шылдақананы

ұлан-асыр ғып жасаған.

Баланың құлағы үнді қырқынан шыға ести бастайды деседі. Шоқанның

құлағы  үнді  неше  күннен  кейін  естігенін  кім  білсін,  қашан  естісе  де

құлағына  шалынған  алғашқы  үн,  бізге  белгілі  –  Күнсұлудың  (Күнтай)

аузынан шыққан əлдилеу.

Сондықтан  да  есін  біле  Шоқан  оны  да  шеше  көріп,  атын  атамай,

«Күнтай апа» дейтін еді. Күнтай бірсыпыра əнші болатын. Есі кіре бастаған

кезде де, Шоқан оның əн құшағына бөленіп қалғитын...

Шыңғыстың  сол  бір  тұстағы  ордасынан  əнші,  күйші  жыршы  дегендер

арылмайтын  еді.  Олардың  үніне  де  бала  шағынан  құлағы  қанған  Шоқан,

оқуға  аттанғанша  өлеңші,  күйші  болам  деп  те  біраз  талпынды;  бірақ

қабілеті жетпегендей, босқа əуреленді: əнге үні келіспеді, күйге саусақтары

оралымсыз  болды...  Біреулер  бұны,  хан  тұқымына  əн-күй  дарымауына

жорыды. Онысы бекер сияқты, егер рас болса, Шыңғыстың бірге туған інісі

Қанқожа неге бармағынан бал тамған күйшілердің бірі?!..

Əнге,  күйге  олақтығын  өз  басының  дарынсыздығына  жорыған  Шоқан,

ауылынан оқуға аттанарда бұл тілегіне жете алмай арманда кеткен еді.

Кадет корпусында музыка сабағы да жүретін еді. Шоқан оны да ынтамен

оқып,  корпусты  бітіргенде  музыкалық  сауаты  кадет  болып  шықты.  Сол

білімін  іске  асырмақ  болып,  Атбасар  жəрмеңкесіне  жиналған  əнші,

күйшілердің  өнерін  нотаға  түсіріп  те  байқады.  Өзінше,  тəп-тəуір  жазған

сияқты.  Соны  корпустағы  оқытушысы  –  Вагнердің  өңдеуіне  берермін  деп

ұйғарғанда,  «құдай  ұрып»  дегендей,  қолжазбаларын,  сүгіреттерін  ұрлаған

жауыз, ноталарын қоса əкетті...

Сол  өкініші  кеудесінен  кетпеген  Шоқан  Омбыда  қолына  түскен  əнші,

күйшілердің өнерлерін, шамасы келгенше өзі, шамасы келмегенде Вагнерға

нотаға  түсіртетін  еді.  Бірақ,  Омбыға  ондай  өнерпаздар  аз  келетіндіктен,



мардымды ештеңе құрала қоймаған.

Сөйтіп  жүргенде,  жаңа  патшаның  таққа  отыру  тойына  баратындардың

ішінен  Тəттімбетке  кездесе  қалды.  Оның  ойнаған  күйлеріне  қарағанда,

бұған дейін күйші көріп жүргендердің бəрі түкке тұрмайтын сияқты. Соны

көрген  Шоқан,  «шіркін,  Петербургтағы  музыка  шеберлері  тыңдар  ма  еді,

бұл ойнауды?!..» деп арман еткен еді.

Міне  сол  арманына  жетті.  Қазақтың  күйлерін  патшаның  өзі  ұнатып,

күйшілерге сыйлық бергізуі, – қазақ күйлерінің абыройы аспанға ұшуы...

«Шіркін, енді осы ұшқан абыройды, биіктетіп, кеңейтіп əкетсе!..»

Шоқан  осындай  тəтті  қиялға  ғарып  болып  жүрген  күндерде,

Петербургқа кеткен жолаушылар да Омбыға оралып қалды. Олар жеткенше

«ұзын құлақтан» естіген, газеттен оқыған хабарларға, көргендердің ауызша

əңгімелерінен  молырақ  қанармын  деген  ойда  еді  ол,  бірақ  күткені  болмай

қалды  оның.  Жолаушылардың  Петербургта  күйшілерге.  қарсы  тұтанған

қызғаныш оты сену орнына дауылдай түскен еді, сондықтан «патша еледі»

деген абыройды қиғысы келмеген олардан Шоқан:

– Ие, қалай болды өзі?! – деп өзеурей сұрағанда:

– Жəй, əншейін, желікпе көңілдің ісі де; əйтпесе, қыра қойған ештеңесі

болған жоқ, – дей салысты.

Бұл  «нем  құрайды»  сөздеріне  Шоқан  оншалық  ренжи  де  қойған  жоқ.

Несіне  ренжиді?..  Қазақтың  «шонжар»  аталатындарының  басым  көпшілігі

əнді еріккеннің ермегіне санаған, сондықтан да «ерінбеген етікші, ұялмаған

өлеңші  болады»  деген  мақал  шығарған,  ал  күй  атаулы  оларға  «бақсының

бал  ашатын  сарыны»  сияқты  бірдеме.  Сондықтан  да  кей  шонжарлар

«тұқымымыздан əнші, күйші шықпады» дегенді мақтан көретін.

Ал, қарапайым халық ше?

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең»–

деп,

«Бала туса күзетер шылдақана.



Шуласып өлең айтар сонда жəне»–

деп,


«Біреулердің кісісі өлсе қаралы ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге əнге салады ол?!»

деп,  данышпан  Абай  айтқандай,  қазақтың  тууы  мен  өлу  арасындағы

өмірі  түгелімен  əн-күйге  бөленіп  өтпей  ме?  Өмірінде  кездескен  нелер

қуанышты жəне қайғылы оқиғалардың айқын ізі тек əн-күй мен аңыздарда

ғана қалмай ма? Өз өмірі əн мен күйге бөленген қазаққа, ата-бабаларының

əн-күйлері  «ұзынқұлақ»  арқылы  жетпей  ме?  Олардың  өз  əн-күйлерін

кейінгі  ұрпақтарға  «ұзынқұлақ»  алып  ұшпай  ма?  Ендеше,  халықтікі  емес

пе,  «ұзын»  аталатын  құлақ?  Ал,  «қысқа»  дегені  күнделік  тойғанына  мəз

болатын тоғышар топастардікі емес пе?

Құлақтардың жалпы жайы осылай болғанмен, қоғамдық тұрмыстың əрі

түйесінде  де  «ала»,  «құла»  дегендері  барлығы  сияқты,  қысқа  құлақтылар

ішінде  де,  өзгелерінен  аз  да  болса  түрігіректері  болмайды  емес,

сондайлардың  біреуі  Шыңғыс  еді.  Жас  шағында  қазақтың,  орыстың

музыкалық  құралдарын  ойнауға  əуестенген  ол,  домбыраны,  гитараны,

мандалинді,  сырнайды  жап-жақсы  үйреніп,  кейбіреулеріне  даусын  да  қоса

бастаған. Сондайға үйірін естіген, егде тарта діншілдікке салынған шешесі

–  Айғаным,  жасырып  ұстайтын  құралдарын  бірде  көріп  қап,  бəрін  де

көзінше қиратып, сынықтарын отқа жаққан. Содан көңілі қайтқан Шыңғыс,

шешесі  өлген  соң  да  жолай  алмаған.  Бірақ,  оңашада  əсем  əн,  тəтті  күй

дегендерді тыңдаудан қашпайтын. Той сапарында да сол салтына бағып, өз

күйшісі Тəттімбетке де, Бөкей күйшісі Дəулеткерейге де жеке жолғасқанда

күйлер  ойнатып  рахаттанатын,  кейде  екеуін  егестіріп  те  көретін;  сондағы

бағасы  əділ  боп,  біреуін  «хан  тұқымынан  шыққан»  деп,  біреуін  «жол

серігім» деп ешқайсысына жан тартпайтын.

Ол  осы  əділеттігіне  Омбыға  оралғанда  да  бағып,  қай  күйшінің  несіне

сүйсінгенін жиналған жұртқа айтып берді.

Той  сапарында  көрген-білгендерін  Шыңғыстан  басқа  түгелдеп  баяндай

алғандары  болған  жоқ.  Олардың  бар  айтатыны  «тамаша,  керемет!»  деген

сияқты  үстірт  мадақтау  ғана  болды.  Несімен  тамаша,  несімен  керемет

екенін біреуі де байыптап бере алмады.

Петербургтан  аттанар  алдындағы  бас  қосқан  мəжілісте  бəрінің  бір

ауыздан  пəтуа  қылғаны,  елдеріне  орала,  орыс  өнерін  мақтау,  халықты  сол

өнердің  қайнар  бұлағы  –  орыс  оқуына  шақыру  еді.  Қайту  жолының

үзеңгісіне аяқ сала, ол уəделерінен ең алдымен өздері тайып, Омбыға келе,

«ал,  кəне,  қайсыңның,  балаңды  жазайық»  деген  сұрау  туғанда,  біреуі  де

«менікін» дей алған жоқ.

Тойдан  Гасфорт  та  аса  көңілді  қайтты.  Ең  алдымен  оның  мансабы

жоғарылап,

генерал-полковниктік

даражаға

жетті.

Оның


үстіне,

«адъютант» лақабы қосылып, патша сарайына еркін кіру правосына ілекті;

оның  үстіне,  көгілдір  жолаққа  (лента)  қадалған  əулие  Владимирдің  екінші

даражалы  ордені  берілді;  оның,  үстіне  алтынмен  үш  мың  сом  ақша

сыйланды...  Осынша  құрметке  көңілі  судай  тасыған  Гасфорт,  алғашқы

дақпыртпен  Омбыдағы  қызметін  уақытша  атқаруға  қалдырған  генерал-

лейтенант  Александр  Михайлович  Павловскийге  хат  жазып,  арнайы

шабарманнан  беріп  жіберді;  жаңа  императордың  таққа  отыру  тойының

жалғасын қазақ, даласында да еткізу қамына кірісуді бұйырды. Павловский

жорықтық  жабдықтардан  басқаға  шорқақ  адам  еді,  сондықтан  Шоқанды

жақсы  білетін  ол,  бұл  шараны  іске  асыруды  ұйымдастыру  жағын  соған

тапсырды.  Ұсынысты  қабыл  алған  Шоқан,  бұл  жайда  жасаған  жоспарын

Павловскийге бекіттіріп ап, ұйымдастыру істеріне кірісті.

Оның  жоспарында  той  қалың  қазақтың  арасында  өтуге  тиісті,  сондағы

өз  қалағаны  –  Бурабай  тауының  бауыры.  Оны  таңдауы:  арғы  атасы

Абылайдың хан көтерілген жері, бергі атасы Уəлінің хандық құрған мекені

болғандықтан,  ол  мекеннің  тарихы  жəне  көркемдігі  туралы  нелер  əдемі

аңыздар естігендіктен өз көзімен аралап көруге мейлінше ынтық еді.

Сол  ынтығының  басылу  сəті  түсіп,  Павловский  мақұлдаған  жоспарды,

Петербург  сапарынан  оралған  Гасфорт  та  ұнатып,  дуан  бастықтарына

нұсқау  хат  жазылды  да,  Бурабай  тауында  бастары  түйісетін  жұртты  иіріп-

жусату ісі Шоқанға тапсырылды.

Омбыдан  Бурабайға  баратын  жол  сан  тарам,  солардан  алғашқы

ұйғарылғаны:  Баянауыл,  Қарқаралы,  Көкбекті  дуандарын  аралай  отырып,

қайтар бетте Шыңғысты бөктерлей, Аягөзге соғып, одан Балқашты сағалай

жортып,  Шерубай  Нұрасы  арқылы  Есілге  құлап,  жолшыбай  Ақмола  мен

Атбасарға  түсіп,  одан  «Құлаайғырды»  жайлап  отырған  туған  еліне  бару,

Бурабайға той тақалған кезде ғана келу еді. Сонда ол сібірлік қазақтардың

алты  дуанын  түгелге  жақын  аралап  түседі.  Өйтуіне  уақыты  жетеді.

Алғашқы  жоба  бойынша,  Орта  Азияны  аралау  сапарына  ол  биылғы  күзде

жетуге  тиісті  еді.  Патшаның  ұйғаруы  басқаша  болған.  Ол  қарамағындағы

материалды  екшелей  келе,  əуелі  əлі  толық  меңгеріп  болмаған  Жетісу

өлкесін  тағы  да  барлап  қайтуды,  сол  кездің  белгілі  саяхатшысы  –  Петр

Петрович  Семеновке  тапсырып,  тойы  тарқай  аттандырған.  Омбыға

Шыңғыстармен  бірге  келген  Семенов,  жұмсалған  жолынан  алдағы

көктемге  дейін  оралмақ  болып  əуелі  Семейге,  одан  өрі  Жетісуға  бармақ

болған.  Шоқан  екеуі  Семейге  дейін  бірге  бармақ  болған.  Шоқанның  Орта

Азия сапарына Семенов орала шықпақ.

Шоқанның осындай жол жөнін кенеттен естілген бір «ұзынқұлақ» бөлді

де жіберді, ол – бізге осы кітаптың «Сəтті сапар» аталатын тарауынан аты

мəлім Қожық қызы Нарғыздың əдейі суға кетіп өлу хабары еді.

«Білемін»  деген  əлдекімдердің  айтуынша,  бұл  бүкіл  «Уақ»  аталатын

елдің  қабырғасын  қатты  қайыстырған  оқиға  болған;  бұл  жайда  ақындар

жоқтау  жырын  шығарған,  сол  бір  тұста  Орта  жүздің  ең  күшті  қобызшысы


танылған  Сіргелі  Уақ  Дайрабай:  «Қапыда  өтті-ау  қарындас!»  жəне  «Суға

кетті-ау,  Еркетай!»  деген  керемет  күйлер  шығарған;  оларды  тыңдаған

жанның «иманы қасым» боп, «құйқа тамыры шымырлайды» деседі.

«Бұл  өлімге  бас  айыпты  өзіммін»  деп  санаған  Шоқанның  құлағына

алыстағы  жырлар  мен  күйлердің  аңыраған  зары  талықси  естілген

сияқтанды  да  тұрды.  «Қайтейін  енді...  Қожықтың  ұрлығынан,  зорлығынан

қалың ел зар илемеді ме?! Əкемді тоқтатам деп ең, сен тұрдың ба уəдеңе?

Жоқ...»  –  деп  ойлады  Шоқан.  Əйтсе  де  ол  өз  құлағымен  естімей,  оқиға

болған  жерді  өз  көзімен  көрмей  дегбірі  қалмады,  сондықтан.  Бурабайға

бару сапарын өзгертпек болды.

Бастапқы  бару  сапарын  да  жасаған  өзі  еді.  Ондағы  ойы,  той  жабдығын

ұйымдастыруды  сылтау  ғып  сібірлік  қазақтардың  дуандарын  еркін  аралап

көру  еді.  Енді  Нарғыздың  тағдырына  байланысты,  сапарды  өзгерту  керек.

Бірақ, оны істеу оңай емес, генерал-губернатор мақұлдап қойған. Не дəлел

табу керек оны өзгерту үшін?

Шоқан бір ғана дəлел тапты да, Гасфортқа естіртті.

–  Шешем  қатты  ауырып  қалған  екен,  –  деді  ол,  –  тығыз  шапқыншы

жіберіп, тез келсін депті.

Мұнысы бекер сылтауы емес еді: кейінгі кезде тым етейіп кеткендіктен

бе,  əлде  Шоқанның,  жоламай  жүруіне  жаны  күйзелгендіктен  бе,  –  соңғы

бірер  жылда  Зейнептің  жүрегіне  қыспа  пайда  болуы  рас  та.  Кейбір

қаттырақ  қысыла  қалғанда,  оның  басына  «жүріп  кетем  бе»  деген  қауіп  те

туатын.

Петербургтан  оралған  Шыңғыстың  Жайнақты  ертіп  аулына  асығыс



қайтып  кетуіне  де,  «бəйбіше  төсек  тартып  қалды»  деген  хабар  алуы  себеп

болған. Барса, Зейнептің ондай ұстамалысы болып өткені рас та екен, бірақ,

қазір тəуірленген екен.

Шыңғыстың  «Қанашжан  үйге  ұзақ  жолмен  орағытып  кететін  болды»

деген хабарына, оны сағынып жүрген Зейнеп қатты ренжіді де:

– Бар, əл үстінде жатыр деп хабарла, сонда қалай келмес екен! – деп қос

атпен Абаны жəне Жайнақты жұмсады.

Енді қалай бармасқа?..

Шоқанның  əкеден  шешеге  бейімін  жақсы  білетін  Гасфорт,  амалсыз

ризаласты.  Оның  тек  қана  айтқаны:  «Əлдеқалай  той  емес,  государь

императордың  тойы.  Ел  де,  Петербург  та  құлақтанып  қалды.  Шешең,  тек,

аман  сауықсын.  Барып  көңілін  жұбат  та,  Бурабайға  тез  жетіп,  тойдың

ұйымдастыру жабдығын тығыз қолға ал!»


Шоқан  «мақұл»  деді  де,  қасына  жалғыз  Жайнақты  ғана  ертіп,  асығыс

жүріп  кетті.  Мақсаты  Қызылжардан  əрі  Есілді  бойлай  отырып,  Қожықтың

мекені  Меңзейге  соғып,  Нарғыздың  жай-күйіне  қанбақ  та,  «Алакөл-

Салпық»  аталатын  мекен  арқылы,  «Құлаайғыр»  өзенін  жайлап  отырған

аулына  соқпақ.  Шоқанның  Нарғыз  туралы  ойын  білмейтін  Жайнақ,  оның

Құлаайғыр  жайлауына  Омбыдан  төте  кетпей,  əуелі  Қызылжар  келіп,  одан

Есілді өрлеуіне түсінбей, мəнін сұрап еді:

– Онда жұмысын, .болмасын, жүрген жаққа жорта бер! – деген кесімді,

қысқа жауап қайтарды.

Жайнақтың  соңғы  кезде  байқауынша,  балалық  шағында  икемшіл,

жұғымды Шоқан Омбыға келе кекір мінезді болып кеткен. Бет алған ісінен

қайтпайды, өзінікі ғана жөн, өзгелердікі қисық сияқты. Сол мінезін білетін

Жайнақ тіл қайтармай, беттеген жағына салпақтап ере берді...


КҮЙДІҢ КҮШІ

Есіл  бойын  өрлеп  келе  жатқан  Шоқанға  ат  жүрісінің  жолы  жырақтай

күңіренген  күйдің  алыстан  талмаусырай  естілген  үні  жақындай  түскен

сияқтанды.

Жайшылықта  жадыраңқы  ол,  бұл  бетінде  жабырқаңқы.  Жолшыбайғы

елге  жай-күйін  білдіргісі  келмеген  ол,  киімдерін  де  жарқыратып,  жорық

формасында жобалғы, қоңыр дүрсін келе жатыр.

Бұл сапарының жайын өзгелер түгіл, ертіп əкеле жатқан жалғыз серігі –

Жайнаққа  да  айтқан  жоқ.  Əскерлік  чині  əзірге  корнеттіктен  аспаған  ол,

жоғарғы


чиндерден

үміт


еткенде,

бір


қызығатыны:

майордан


жоғарғыларының  қарамағында,  ең  кішісі  денщик  аталатын  күтушілерінің

болуы  еді.  Сондай  біреу  өзінде  де  болуын  арман  етіп  жүрген  шағында,

«құдай  айдап»  дегендей,  Жайнақ  келе  қалды.  Ол  бұрынғысынан  да

ысылып,  қазір  «бір  сырлы,  сегіз  қырлы»  дегендей,  жүзіктің  көзінен  өтетін

жылпос  болып  апты.  Əрі  бірсыдырғы  домбыра  да  тартатын,  өлең  де

айтатын серілеу, оның үстіне, аяқ астынан қалжың табатын күлдіргі.

Омбыға  Шыңғыс  ертіп  əкелген  Жайнақты,  ол  Петербурға  аттанғанда,

өнеріне  қызыққан  Шоқан  қасында  қалдырды  да,  қаланы  жатырқап,

қайтқысы келгенмен, «əкеммен бірге келдің бірге кетерсің» деп босатпады.

Жайнақ,  Шоқанның  Есілді  өрлей  сапар  шегу  жайын  да  іштей

жорамалдайды:  «Шоқан  Қожықтың  сіңір  қара  қызына  қызығып  қапты

дейді» деген хабар, оның Атбасар жəрмеңкесінде жүрген шағында дүңк ете

қалған. Сонда жұрт:

«Төре – төбет сияқты, оған ұрғашының бəрі бір бас» деген рас екен-ау!..

Əйтпесе,  Қожықтың  қанішер  қара  қаншығына  қызығар  ма  еді?!  –  деп

таңданысқан.

Шоқанның  Айжанды  əурелеуін  аң  құмарлыққа  санаған  жұрт,  Нарғызға

қызығуын  да  сондай  қылығына  жорыған.  «Сол  қыз  суға  кетіпті»  деген

қаңқуды  Жайнақтың  құлағы  да  шалған.  Одан  кейін  Нарғызға  арналып

шыққан  əн-күйлер  де  жетіп,  ондайға  əуесқой  Жайнақ  кейбірін  өзі  де

орындайтын  болған.  Мысалы,  «Дайрабай  қобызшы  шығарыпты»  деген

күйлерді  əлдекімнен  үйреніп  ап,  домбыраға  тəп-тəуір  дыңылдататын,

Шоқан  бұл  күйлерді  ең  алғаш  Жайнақтан  естіген.  Сонан  соң  Нарғызға

арналған  жоқтау  жырлар  мен  күйлерге  құлақ  түре  бастап  ақыры  бұл

қайғылы оқиғаның ізін қууға соққан.

Шоқанның бұл оқиғаға неге елеңдеу себебін, Жайнақ қанша ойланса да

таба алмайды. Жолшыбай тұнжырап келе жатуына қарағанда, – «бұл елімге

іші  аши  ма?!»  деген  де  ой  көп  кетеді.  «Неге?»  деген  сұрауына  жауап

таппайды. Несі болса да жүре, бара көруге бекінеді...


Жайнақпен  шүйіркелесе  қоймағанмен,  Омбыда  да,  одан  аттанғаннан

кейін  де,  Шоқан  өзі  мен  өзі  іштей  үздіксіз  кеңесуде.  Өзімен  емес-ау,

Нарғызбен...

Ана  жылғы  Атбасар  жəрмеңкесінде  жалғасуларынан  кейін  оның

Нарғызды көруі, шығыс сібірлік сапарынан оралғаннан кейін Омбыда.

Бұл Омбыдан келген бір рота əскердің қапысын тапқан Қожықты, оның

тоғыз  ұлын  түгелімен  байлап  ап,  бəрін  солдаттың  жайпақ  арбасына

тұтастыра таңып Омбыға əкелген шағы еді.

Сонда  үкіметтен  қорыққан  ағайын-туыстан,  дос-жараннан,  құдандадан

ерерлік ешкім табылмағанда, «өлтіріп кетпесеңдер қалмаймын» деп жалғыз

Нарғыз ғана ерген. Жұдырық, мылтық, тілдеу сияқты ешбір қорқыту батыр

қыздың  бетін  қайтара  алмаған;  ол  алғашында  жортқан  арбалы  аттардың

шаңына  ілесіп,  өкпесін  қолына  ала  ұшқан  да  отырған.  Соны  көріп,  əрі

ерлігіне сүйсінген, əрі аяған рота командирі, бауырлары мен əкесін таңған

арбаға мінгізіп алған. Сонда əкесі:

–  «Қыз  да  болса  нар  болсын»  деген  тілекпен  атыңды  «Нарғыз»  қойып

ем,  балам.  Үмітімді  ақтадың.  Ендігі  ескертерім:  жауға  жалбарынба,

намысыңды  таптатпа!..–  деген  «кесінің  сол  сөзі  тасқа  шапқан  таңбадай

бекіп  қалған.  Сондықтан  да  хан  тұқымын  жауына  санаған  ол,  тұтқындар

Омбы абақтысына қамалғанда, «кілті соның қолында» деп естіген Шоқанға

жолықпастан кеткен.

Əкесі,  бауырлары  «Итжеккенге»  айдалуға  бұйырылғанын  естіген

Нарғыз, олармен бірге кетуге де бекінген еді. Бірақ, ол ниетіне жете алмай,

тұтқындар белгісіз бір уақытта айдалып кетті де, іздерін сипалаған Нарғыз

əлдеқалай жүргіншілерге еріп амалсыз мекеніне қайтты.

Шоқан  оның  Омбыға  келгенін  естіген  жоқ.  «Ұзынқұлақ»  –  «осында»

деген  хабарды  жеткізгеннен  кейін,  «өзі  келіп  жолығар»  деген  үмітпен

жолықпай  жүрді  де,  кейін  іздеткенде  жоқ  боп  шықты.  Шоқанның  Қожық

тұқымына  қалай  қарауын  естіген  үй  иесі,  Нарғыздың  жөнін  айтпай,

«осында қонып жүретін еді, кенет жоғалды, қайда кеткенін білмеймін деді.

Шоқан, тек, «қайда кетеді?!» деген ойда қалды.

Туған  жеріне  жөн  тартқан  Нарғыз,  бетімен  қаңғырған  жоқ.  Соңғы

жолыққан  сəтте,  əкесінің  «бата  бұзба,  балам.  Екі  аруақ  бір  құдайға  шет

болма!»  деген  сөзі  құлағында  қалған  еді.  Онысы  «Медебай  –  Қожық»

атанып  жүрген  шақтарында,  «Керейдің  кер  азуы»  Шағалақ  керей  –

Ертісбайдың  Медебайы  деген  кісі,  Нарғызды  кішкене  күнінде  Құлғара

дейтін  баласына  атастырып  қойған.  Оның  кескін-кейпі  сіңір-қара

болғандықтан,  елі  «Құлғара!»  деп,  сол  есіммен  атап  кете  барған.  Қылық-

мінез  жағынан  да  дөрекі  болып  ескен.  Сол  жайларын  естіген  Нарғыз  бой

жете,  Құлғараға  «бармаймын»  деген  сөз  шығарған.  Медебай  бұл  кезде

өлген.  Өмірлік  дос  болып  өткен  Медебайдың  аруағын  сыйлайтын


Қожықтың Нарғызға «бата бұзба» дейтіні содан да.

Нарғыз  Медебайдың  аруағын  сыйлаған  жоқ,  əкесінің  сөзін  сыйлады;

сондықтан, Омбыдан еліне беттеп келе жатқан жолында, «Шалғақ шұбары»

аталатын  деңгейлес  Кіндікті  көлін  жайлап,  қаннен-қаперсіз  отырған

Медебай аулына түсе қалды да, қаннен қаперсіз отырған Құлғараға:

– Ырғап-жырғап ұзатылар күнім жоқ, қаралы басымды қақырайтпай, түн

жамылып кел де, ырың-жырыңсыз алып кет! – деді.

Тигісі  келмей  жүргенін  естіген  Құлғара,  Нарғыздың  тапсырғанын

бұлжытпай  орындап,  «келмейді-міс»  деген  Нарғыз,  ел-жұрттың  ойында

жоқта, Медебай үйінің келіні бола кетті.

Бірақ,  ұзаққа  созылмады  бұл  келіндік.  Құлғара  ауыл-аймағына  «ақ

қабақ»  атанған  ашуланшақ,  долы  жігіт  болушы  еді.  Нарғыздың  өзі  келген

қадырына қарамаған ол, аз күн отасқаннан кейін, қыз күнінде менсінбеуін

бетіне салық қып, қымс етсе тілдеуге, келе-келе қол жұмсауға айналды.

Ауыл  тəрбиесінде  өскен  Нарғыздың  ұғымында,  ері  не  істесе  де,  көне

беру керек. Сол ұғыммен Құлғараның тілі, қолы тиюіне көне берер ме еді,

қайтер еді, егер намысына қатты тиген бір жағдай бола қалмаса!

Шағалақ  ол  кезде,  іргелес  кеп  қонған  орыс  поселкелерінің  үлгісімен

қыстау  салып,  зəулім  қалың  ағаштық  ішінде  отырып,  үйлерін  шымнан

қалайтын.  Жаз  жайлауға  шығатын  ауыл,  ала  қыстай  шым  үйде  тұратын.

Осындай  бір  үй,  үлкен  шаңырақта  қалған  Құлғарада  да  болатын.  Одан

басқа Шота, Шотбай дейтіндерінің еншісі бөлек, ені басқа.

Биылғы  күз,  ауыл  қыстауына  қонған  шақта,  Құлғара  мен  Нарғыз  бір

мəселеде қатты керкілдесе қалды. Оған себеп: Медебай қартайған шағында

қыздай  тоқал  алып,  кешікпей  ұл  көрген  де,  «Сексенімде  туды»  деп  атын

Сексембай  қойған.  Содан  кейін  тоқал  тағы  бір  ұл  туғанда,  «менікі  емес»

деп, «сасық иісті құлдардың бірінен» деп санаған Медебай, атын «Бүксік»

қойған.  Ел  ол  баланы  «Мүк»  деп  атаған.  Жұрт  аузы  не  демейді:  біреулер

«құлдың  емес,  Құлғараның  баласы»  деп,  біреулер  «Шотбайдың

Сауытбегінің баласы» деп, əркім əр саққа жүгірткен.

Осы  қауесет  құлағына  шалынған  Нарғыз,  оңашаланған  бір  шақта,

Құлғараға  «шыныңды  айт!»  деп  қысып,  арам  болғандықтан  ба,  жаладан

қысылғандықтан  ба,–  жауап  бере  алмаған  Құлғара,  машығына  бағып,

«қоясын,  ба,  жоқ  ма?»  деп  өршеленген  де,  Нарғызды  тұра  сабаған,  жəне

жəй  сабамай,  «айдауға  кеткен  əкеңнің  аузын...»  деп  сабаған.  15  ұл  сөгу

Нарғыздың  намысына  инедей  қадалған.  Оның  есіне  əкесінің  «намысыңды

таптатпа!» деген сөзі түсіп кеткен. Қатты кектеніп қалған ол Құлғараға...

Ал сол кегін қалай қайтару керек?



Нарғыз ұзақ ойланған жоқ: күз шым үйде ері мен екеуі ғана қонып, өзге

жандары  кигіз  үйде  жататын  еді.  Шым  үйдің  пешіне  қойдың  қыйы

жағылатын.  Нарғыз  іңірде  қыйды  пешке  толтыра  тұтатты  да,  Құлғараның

ұйықтар  алдында  сусындайтын  қымызына  меңдуананың  суын  қатып,

есінен  тана  сұлаған  ерін  төсегіне  сұлата  жатқызып,  өзі  сытылып  шыққан

қалпында пештің мұржасын сыртынан жауып тастады.

Ендігі  жəй  мəлім:  шала  жанған  қидың  иісінен  ерінің  сеспей  қататыны

анық.  Құлғараның  соны  көрген  туыстары,  əрине,  бұл  өлімнің  жаласын

Нарғызға жабады. Жапса-ақ жəй жібермей азаптайды, өлтіреді...

Ендеше  не  істеу  керек?..  Əрине,  қашудан  басқа  жол  жоқ.  Қашқанда

қайда барады?..

Нарғыз  саспады.  Ол  арада  іргелес  отырған  қазақ-орыстардың  қазақша

Ақжар,  орысша  Петровка  аталатын  станицасы  бар.  Қазақтардың,  олардың

ішінде, Нарғыздың естуінше, əділеттік орыстан шығады, олар не істесе де

заңға  сүйенеді.  Ал,  намысы  қозған  қазақтың  қаталдығы  қасқыр  сияқты:

қанын сорғалата, тірідей талап жеуден шімірікпейді...

Осындай ойға келген Нарғыз, түн жамылды да, Ақжарға зытып отырды.

Артынан  қуған  қазақтар  ізін  ғана  сипап  қалды.  Жолығып  шынын  айтқан

Нарғызды орыстың жергілікті əкімдері «не десе де сот шешер» деп Омбыға

жылдам  жөнелтіп  жіберіпті.  Омбы  оны  «ісі  ақталғанша»  деп  абақтыға

жатқызыпты.

Шоқан  бұл  кезде  Шығыс  Сібірде  жүреді.  Ол  Омбыға  орала,  тұтқындар

ісін  бақылауды  қолына  алып,  өзі  жоқта  не  жаңалықтар  болғанын

қарастырғанда, Нарғыздың қылмысты ісі сопаң етіп шыға келді.

Ісімен  танысқан  Шоқан  Нарғызды  көруге  ынтықты.  Ол  үшін,  генерал-

губернатордың  кеңсесіне  келтіруді  лайықсыз  көрді  де,  Батыс  сібірдің

прокуроры – Верберьдің кабинетіне шақыртты.

Нарғызды  кабинетте  көргенде  Шоқан  шошып  кетті:  ең  алдымен

киімсымақтан  үстіне  ілгені  жалба-жұлба  жыртылған,  əрі  баттасқан  кір

жалғыз  кенеп  көйлек,  денесі  əр  жерінен  жылтырап  көрінген,  оның  ішінде

не киім бары белгісіз; Шоқанның естуінше, қазақтар қылмыстыға, əсіресе,

əйелге қара құрымнан жасаған «кебенек» атты масқаралау киімін орап, қара

есекке  я  қара  сиырға  теріс  қарата  міңгізеді  екен  де,  елді  аралатады  екен

деседі.  «Кебін  киген  келмейді,  кебенек  киген  келеді»  деген  мақал  содан

қалған:  Нарғыздың  үстіндегі  мына  көйлегі  де  дəл  сол  кебенек!  Кебенек

ішінен  Қаусай  көрінген  оның  денесі,  жамылтқы  ішінен  елестеген  –  тірі

аруақ!..  Бет  бейнесіне  қарағанда,  бар  сүйегін  сыртынан  санап  аларлық.

Қылқиған мойны, қозғап қалса үзілгелі тұрғандай!..

Оңаша кабинетке кірген Нарғыздың осындай қалпын көзі шалған Шоқан

сөзді неден бастарын білмей:



–  Отыр,  Нарғыз!  –  деді  күрең  былғарыдан  жасалған  жұмсақ  креслоны

нұсқап.


Шоқанның шақыртқанын білмеген, əлдеқалай кезігуіне таң қалып, оған

деген іштегі бар кегін, көз жанарынан атқылай қараған Нарғыз:

–  Мен  отыра-отыра  шаршаған  кісімін,  төрем.  Түрегеп  тұру  да  жетеді

маған.  Айтарың  болса,  осылай  тұрып-ақ  тыңдаймын,  –  деді  отты  көздерін

ойнақшытып.

Не десін Шоқан оған? Бəрі белгілі, бəрі түсінікті... Оның аузына түскен

сөз:

– Көргім келген еді де, Нарғыз!..



–  Көрсең  тұрмын,  міне!  Түрім  де,  тіршілігім  де  осы!  Тағы  неменемді

көргін, келіп еді?

– Ештеңеңді де. Ендігі көргім келмейтіні – өлімің.

– Қалай тірі болады дейсің бұл күйімде...

– Егер тұтқыннан босатса ше?.

– Қалай?


– Оның тетігі қолда.

– Қайда бар дейсің сонда?

– Оны тіршілігің көрсетер.

Тіршілік  бар  ма  менде?  Алдыңда  қаңқаң  тұр  демесең,  мен  қабірде

жатқан кісімін.

– «Содан босатсам» дедім ғой?

– Босатпа, төрем!

– Неге?


– Мен өлмесем, сен өлесің!

Шоқан қарқылдап күліп жіберді.

– Неге күлесің, төрем?

– Сөзің қызық та.

– Түк те қызығы жоқ. Мен босансам, сен өлесің.


– Неге, қалай?

–  Немене  сен  оқ  етпейтін,  қылыш  кеспейтін,  отқа  күймейтін,  суға

батпайтын біреу ме ең?..

–  Ал,  ерегістім,  онда!  –  деді  Шоқан,  –  босаттырам  сені!  Содан  кейін

білгеніңді қыл! Қазір жатқан жеріңе қайтасың. Тез босайсың.

Əкесі мен ағаларын абақтыға алдырғаннан кейін, Нарғыз Шоқанға деген

махаббатын  сөнді  деп  санайтын  еді,  сондықтан  іштей,  «шіркін,  сəті  түсіп

кездесе  ғап,  жарып  өлтіріп,  қанын  ұрттар  ма  едім!»  деп  арман  ететін.

Шоқанды  көре,  сол  арманына  жетудің  сəті  түсе  қалған  сияқтанды.  Екеуі

Веберьдің кабинетінде кездескен шақта не істерін білмеген Нарғыздың ойы

балқыған қорғасындай толқып кетті. Бірақ, бұл арада қолданар қаруы жоқ...

Көп кеңесуде мəн жоғын көрген Шоқан:

–  Əзірге  осы  «сыйыңмен»  бара  тұр,  –  деді  көз  қарасымен  ішіп-жеген

Нарғызға,  –  абақтыдан  босана  салысымен  жолық.  Үсті-басыңды

бүтіндейін. Сөйлесетін сөздер бар...

Тағы  да  жолығу  сəті  түскелі  тұрғанына  көзі  жеткен  Нарғыз,  Шоқаннан

ажырай  оны  өлтіру  жайындағы  ойына  құныға  түсті.  Екінші  жолығарда

қойнына  пышақ  тыға  келеді  де,  қапыда  талмау  тұсынан  сұғып  алмақ.

Аржағында  не  күйге  ұшыраса  да  мейлі.  Ол  өзін  «бəрібір  өлікпін»  деп

санаған адам...

Шоқанмен  жүздескенше  өлтіру  ниетінен  таймаған  Нарғыз,  кескінін

көріп,  лебізін  естігеннен  кейін,  жүрегіндегі  оған  деген  махаббатын  тағы

тұтатып алды да, қаншама сөндіргісі келгенмен əлі жетпей қойды, махаббат

сену  орнына  өрши  түсті.  «Бұның  арты  не  болады?»  деген  ойды  санасына

салмақтап  көрсе,  аспандағы  ай  мен  күннің,  я  жұлдыздардың  біреуіне  қол

созған сияқты арман!..

Ендеше несіне дəмеленеді?..

Қалай  ойласа  да  дəмесі  үзіле  берген  Нарғыз,  жүрегінде  лаулаған

махаббат отын сөндіруге, елімнен басқа себеп таба алған жоқ.

Ойы  осыған  тірелген  Нарғыз  қастық  жасауға  Шоқанды  қимады  да,

былайша көрінуді мағынасыз санап, абақтыдан босана қалса өлуге бекінді.

Бірақ, қайда, қалай?

Құлағына  еміс-еміс  тиген  хабарға  қарағанда,  туған  ағаларының  біреуі

Есқара,  Итжеккеннен  қашып  кеп,  елінде  тығылып  жүрген  сияқты.

Нарғыздың  соңғы  арманы  сол  ағасын  көріп,  айдалған  əкесі  мен  өзге

ағаларының жəй-жапсарын есітіп, өмірімен содан кейін қоштаспақ болды.



Ол  абақтыдан  көп  кешікпей  босады  да,  Шоқанға  емес,  ана  жылы  əкесі

мен ағалары Итжеккенге айдаларда түскен үйге барып, еркектің ескі-құсқы

киімін тапты да, Қызылжарға баратын əлдене жолаушыға еріп жүріп кетті.

Нарғыздың  босанғанын  біліп  отырған  Шоқан,  өзі  келер  деген  дəмемен

біраз  күн  тосты  да,  келмеген  соң  сұрастырып  байқап  еді,  із-тұзын  таба

алмай қалды.

«Келер  ме  екен,  Алпамыс?!  Келмес  пе  екен,  Алпамыс?!  Осы  тойдың

ішінде,  тығылып  та  жүрмесін,  ақылы  көп  қартамыш»  –  деп  жырда

айтылатындай, Нарғыздың қайда жүргенін біле алмаған, оның кек аларлық

ойы барын байқаған Шоқанға «əлде, осы қалада тығылып жүріп мақсатына

жетпек  пе  екен?!»  деген  де  қауіп  кірді.  «Өжет  қыз  ол  ойын  орындауы  да

мүмкін!..»

Жаяулап-жалпылап,  арып-талып...  дегендей  Нарғыз  туған  еліне  əрең

жетті. Ел ішінде тығылып жүрген ағасы Есқараны табу қиындыққа соққан

жоқ.  Өзгеге  өлсе  айтпайтын  ағайын,  Нарғызбен  жыласып  амандасқаннан,

жай-күйіне  қанғаннан  кейін,  «аяқ  астынан...»  дегендей,  екеуін  тым  тез

жалғастырды.

Есқара  сол  елдегі  «үш  мың  шұбарлы  Өте»  атанған  бір  байдың  бойдақ

жылқыларын  бағады  екен.  Ол  жүдеп-жадап  келген  қарындасын  қасына

алып, тез торалту қамына кірісті. Нарғыз алысқа айдалған ағаларының хал-

жайын  сұраса,  бəрі  де  алтын  кенін  қазатын  шахты  опырылғанда,  астында

қалып  қойыпты.  Қайсар  əкесі  бастықтармен  ерегісем  деп  соққыдан  жəне

аштықтан  өліпті.  Қарағай  кесу  жұмысындағы  Есқара  ауыр  бейнеттен

қашыпты. Оның жолшыбай көрген азабы да ұлан-байтақ.

Сол  жайларға  қанып  алған  Нарғызға  енді  тіршіліктің  мəні  тіпті  де  жоқ

сияқтанды.  Өлімге  белін  оралымсыз  бекіткен  ол,  айлы  əдемі  түндердің

біреуінде ағасы Есқараға еріп жылқы күзетіне аттанды.

Жылқының  ол  кездегі  жайылымы  «Ақан  Борлық»  аталатын  өзеннің

Есілге  тоғысар  тұсы  еді.  Дəл  құйылыстың  қасында  биіктігі  тауға

таласарлық,  текшеленген  тастарының  тіктігі  қолдан  қалағандай,  төбесіне

аршаның  шытырманы  өскен,  сүйриген  тұмсығы  екі  өзеннің  бұрқырай

сапырылысып жатқан суының тұңғиығына төнген жарқабақ бар. Табысқан

Есқараның  қасында  болған  алғашқы  күннен  бастап,  Нарғыз  «Құз  қия»

аталатын  осы  шыңның  ұшар  басына  күн  сайын  көтерілетін  дағды

шығарды.  Ағасы  оған,  «қалың  аршаның  түбі  толған  у  жылан»  деп

қорқытқанмен,  –  ажалым  содан  жетіп  тұрса  амал  нешік»  деп  Нарғыз

сескене қоймады. Ағасының:

– Неге бара бересің, қарғашым-ау, ол қияға?! – деген сұрауына:

–  Аржағындағы  жазық  кең  далаға  қарау  қызық.  Қия  үстінде  тұрған

шағымда,  көзіме  өзіміздің  Қойбағар,  Жасылбағардағы  жайлау,  жағасында

отыратын  ауыл,  біздің  үй,  сəн-салтанатты  тұрмысымыз  елестегендей


болады! – деп жауап береді Нарғыз күрсініп.

Кейбір  шақта,  Есқара  «Құз  қияға»  қарындасымен  бірге  көтеріледі  де,

оған елестеген ата жайлау, бұған да елестеп, бұл да демін соза алып, қатты

күрсінеді...

Қожықтың  төрт  құбыласы  түгел  тұрған  шақта,  Есқара  бұл  үйдің  ең

жаманына саналып, оның үлесіне үй жабдығының тезек теру, құрт қайнату,

түйені,  биені,  қойды  сауу  сияқты,  қымыз  пісу  сияқтылар  ғана  тиетін  еді.

«Иіс  алмас»  есептелетін  Есқара,  бұлардың  біреуіне  де  арланбай,

ерінбей,жалықпай  жүре  беретін;  қанша  қимыл  жұмсаса  да  қажымайтын

қарулы  болатын;  əке  балаға  сыншы  дегендей,  төрт  көзі  түгелденіп,  ошақ

басы кеңескен шақтарында, – «қара» сын емес, «Есім» ғана айтатын Қожық

өзге балаларына:

–  «Асық  ойнаған  азар,  доп  ойнаған  тозар,  бəрінен  де  қой  бағып,  көтен

жеген  озар»  дегендей,  түптегенде  бəріңнен  осы  Есім  озады,  атаның  қара

шаңырағына  түбінде  осы  ие  болады,  жұқана  да  түптеп  барып  осыған

бітеді,– дейтін.

Əке солай бағалағанмен, туыстары олардың ішінде – Нарғыз, не бейнет

болса  да  үнсіз  атқара  беретін  оны  «жаманға»  санап,  кісілік  шығады  деп

ойламайтын.

Нарғыз  енді,  Есқарамен  «Құз  қияда»  кезіккен  шағында  байқаса,  туған

ағасы болғанмен, көп жыл бірге жасасқанмен, білмейді екен оны; əкесінің

бағалауы  дұрыс  екен:  сөзі  де  орнықты,  намысы  да  күшті,  қайраты  да

қажымастық.  Ондайлығын  қарындасы  бір  сөзінен  тіпті  қатты  аңғарып

қалды:  жылқы  жусап,  «Құз  қияның»  ұшар  басында  аға-қарындас  боп

жандары жайлана сырласып отырған бір шағында:

– Наржан! – деді Есқара қарындасына.

– Əу, Ес-аға!

– Біздің түбімізге хан тұқымы жетті-ау, осы!

–  «Қай  жағынан»  дейсің,  Ес-аға!  –  деді  Нарғыз  біле  тұра  сұрап,  ағасын

сынай түскісі кеп.

–  Кенесары  біздің  атамыз  –  Мақаштың  бар  жылқысын  айдап  кетпесе

ғой,  –  деді  Есқара,  бұл  жайды  қарындасы  «білмейтін  шығар»,  білсе  шала-

шарпы  білетін  шығар»  деген  оймен,  осындай  оңашада  толық  білдіріп

қойғысы кеп. – Əкеміз тақыр кедей боп қалмас еді...

– Рас, аға!..

– Хан тұқымына өшікпесе ғой, əкеміз атқа да мінбес еді?



– Ол да рас...

–  Содан  əкем  –  Ұшпақты,  мықтыны  барымталау,  кек  алудың  жолы  деп

түсініп, ақырында «Ұры Қожық» атанып кетті.

– Рас!..


– «Ұяда не көрсе, соны іледі» дегенде, одан туған балалар да əке жолын

қуып, жорықсыз отыра алмайтын болды...

–  Жалғыз  сен  ғана  болдың  ғой,  Ес-аға,  адал  еңбек  атқарып,  абыройды

құдайдан ғана тілеген?

– Сонымен, не берді маған құдай?

–  Тірі  қалдырғаны  –  бергені  емес  пе?  Əкем  айтқандай,  тірі  жүрсең

Мақаштың шаңырағын сен ғана көтере аласың.

– Бірақ, Наржан, маған ол тіршіліктің керегі жоқ!

– Неге?!..

– Мақаштың өзге ұрпағы құрығанда, мен неменеге тұлға бола алам?

– Сондағы ойың?

–  Жастығымды  ала  жығылсам  арманым  жоқ.  Ендігі  мақсатым  біреу

ғана...

– Қандай мақсат?..



Есқара  қарындасына  Шығыс  Сібірдегі  «тірілерді»  топтан  қамайтын

көрден  қалай  қашқаның  жолда  əлдеқалай  Шыңғыстың  əпесер  баласына

қалай кездесуін, оны өлтірмек болғаның бірақ, қолы жетпей қалғанын тілі

жеткенше  айтып  берді.  Ықылас  қоя  тыңдаған  ағасының  сөзін  естігенде,

Шоқанды  өлтіру  туралы  екеуінің  ойлары  қабысуына  Нарғыз  таң  қалды.

Несіне таңданады? – Екеуінікі бір топырақтан енген кек!..

Ендігі мəселе осы кектің арты неге соғуда.

Нарғыздікі  қайраты  қайтқан  кек.  Оны  жоғарыда  баяндағамыз.  Ал,

ағасының  əу-жайына  қараса,  өлтірмей  тынар  түрі  жоқ.  Оның  қылыштай

қайралған  өткір  намысын  қалай  тойтару  керек?  Шоқанды  өзі  өлтіре

алмаған,  арасына  өлтіртуге  қимаған  Нарғыздың  ендігі  тіршілігінде  мəн

жоғына көзі жетті де, барлық ауыртпалықтан құтқарар өлім ғана екендігіне

біржола бекінді.

Ойын  осыған  тіреген  Нарғыз  алатын  ажал  –  «Құз  қияның»  етегіне

тоғысқан  екі  өзеннің  қоспағындағы  терең  тұңғиық.  Бұған  дейін  бірер  рет


сүңгіп  көргенде,  ол  тұңғиықтың  тереңдігінде  түп  жоқ  сияқтанған,  соған

«Құл қияның» шоқтығынан қарғыса, күп періп түбіне батып кете барады.

Бірақ,  Есілдің  жағасында,  туып-өскен  жүзу  жарысында  балықтан

басқаға оздырмайтын Нарғыз, суға қарғығанмен, жан таласта малтып шыға

келуі мүмкін, оны істей алмау үшін, мойнына тас байлауы керек...

Бүгінгі  маужыраған  айлы  əдемі  түнде  Нарғыз  «Құз  қияның»  төбесіне

осы  ойын  орындау  ниетімен  шыққан  еді.  Қасында  –  Есқара.  Оған  ішкі

пікірін сездірген емес. Тек қана айтқаны:

– Айдың жарықтығы сүттей екен, төңіректі тамашалап біраз отырайық.

– Мақұл, – деді қаннен қаперсіз Есқара.

Екеуі «Құз қияның» шоқтығына атпен көтерілді де, аттарын арша түбіне

қаңтара байлап, биік шыңның нақ құлай берісіне тақала, Нарғыз аяқтарын

кемерге  асып,  Есқара  бір  тасты  жастана  кейінірек  жатып,  екеуі  өткен-

кеткен  кейбір  жайларды  кеңесе  бастады.  Əңгімелерінің  ұзын-ырғасы,

бастан кешкен күндерінің ащы-тұщы жайлары...

Төңірек  əдемі-ақ!..  Айлы  түнде  де  мұнартқан  жырақ  жерлердің  талай

тамашалары көзге шалынады екен.

Сол  тамашалар,  ай  мен  күн  сəулесіндей  жұрттың  бəріне  неліктен  ортақ

болмайды екен?!.. Бұл дүние біреуге неге тар, біреуге неге кең?!.. Біреулер

неге  мол,  біреулер  неге  қымқа  тұрады?!  Неліктен  біреулер  қайғыда,

біреулер қуанышта?!.».

Аяқтары шыңнан салбыраған, ағасымен бір тасты жастанған Нарғыздың

миын осындай ойлардан қылады...

Есқара  ұйқышыл  адам  еді.  Бір  ұйықтаса,  оянуы  оңай  да  болмайтын,

кейде  алай-дүлей  дауыл  көтеріліп,  сатыр-күтір  күн  күркіреп  жатса  да

қозғала  қоймайтын.  Ұйқыға  бөккендегі  əдеті,  –  төңірегін  басына  көтеріп

қорылдау!..

«Құз  қияның»  шоқысында  да  сөйтті  ол.  Өйтпегенде,  қарындасы  бүгін

өлмес  пе  еді,  қайтер  еді!  Онымен  бастаса  жатқан  Нарғыз  əлде  не

əңгімелерді  айту  үстінде  қалғып  кеткен  еді.  Оның  бала  кезінен  бергі

дағдысы, – кісі қорылдаған жерде ұйықтай алмайды. Баяғы төрт көзі түгел

кезде  де  ол,  Есқараның  қорылына  шыдай  алмай,  үнемі  оның  ас  үйде

ұйықтауын  тілейтін.  Сол  салтын  əлі  ұмытпаған  екен:  сағынған  Есқараға

жалғасудың алғашқы күндерінде, қорылдауына шыдауға тырысты да, кейін

одан аулақтау ұйықтайтын болды.

Өлімге  апаратын  сатыдай  «Құз  қияға»  көтерілгенде  Нарғыздың  сенгені

ағасының  тастай  ұйқысы  еді.  Сондағы  ойы  ол  оянған  шақта  жоқ  болып


шығу.  Суға  батуын  білмесін  деген  оймен,  ол  бірер  күннен  бері  ағасына

Ұлытау жақта дейтін нағашысына кетерлік ниеті барын да ескертіп қойған.

Қорылдан  оянып  кеткен  Нарғыз  ұйқылы  көзін  уқалап  жан-жағына

қараса,  айнала  түп-түгел  қара  күңгірт,  күнгей  жақ  жиекке  батып  бара

жатқан айдың үстіңгі ернеуі ғана қызараңдайды. Қорылдаған ағасына төне

қараса, танауынан басқа мүшесінде тіршілік жоқтай, қимылсыз...

Ағасының  ауыр  тағдырына  аяушылықпен  қарайтын  Нарғыз,  өзін  оған

масыл  көріп,  қайткенде  оған  жүк  үстіңе  жүк  болмау  қарызын  да  көп

ойланатын.  Бұл  ауыртпалықты  жеңілдетуге  де  өзінің  өлуінен  басқа  жол

таба  алмайтын.  Сондықтан,  соңғы  кездескен  күндердің  алғашқысында,  не

көрсе де бірге көруге бекінгенмен, одан шығар мəн жоғына көзі жеткендей,

«маңдайына жазғанын менсіз-ақ көре берсін» деген қорытындыға келген.

Осы  ойдағы  Нарғыз,  қорылдай  ұйықтаған  ағасы  оянып  кетер  деген

қауіппен, өз ісіне тез кірісті.

Ол  бала  шағынан  белін  көмер  белбеумен  тас  қып  буып  алуға

дағдыланған  адам  еді.  Кейін  белбеуден  айрылып,  белі  біраз  жыл

қоңылтақсып  жүрген  де,  қолына  ағасының  қыл  шылбыры  түсті.  Соны

беліне  тас  қып  буып  алды  да,  ағасының,  –  «мықыныңды  қияр»  деуіне

қарамай, ояуда түгіл ұйқыда да шешпеді.

Осы шылбыр бүгінгі кеште де белінде еді. Соны ол тез ағытып алды да,

«суға  батырып  əкетсін,  сусып  сыпырылмасын»  деген  оймен,  бір  ұшына

қомақтылау  бір  домалақ  тасты  шырмай  байлады;  екінші  ұшына

шешілместей  шие  ғып  екі  қолын  таңды;  содан  кейін  орта  тұсын  мойнына

тұзақтай  орап  ап,  шырмалған  тасты  нақ  кемерден  суға  қарай  итеріп

жібергенде,  оның  тартқан  салмағымен  денесі  де  төменге  қарай  толқи

берді...


Одан кейін не болғанын шың тастың бір қуысында шырылдай ысқырып

отырған байғыздан басқа жəндік көрген жоқ.

Төменге  тартқан  тас,  Нарғыздың  тулаған  денесін  босатпады.  Ол

тұңғиықтың түбіне жете, қимылсыз бір-ақ дамылдады!..

Есқара  күндегі  дағдысымен  тан,  біліне  оянса,  қасында  қарындасы  да,

киім-кешегі де жоқ!.. Оның аңқау басы, – «нағашысына кетпек ойы бар еді,

соған тартқан болар ма?!» деп жорыды.

Ол  осы  маңайда  аз  күн  аялдап,  егер  ешқайдан  сыбыс  сезілмесе,  өзі

жүрген жымба жолмен, нағашысы жағына жөн тартуға бекінді...

Енді Шоқан жағына оралайық.

Омбыдан  Қызылжарға  ылаулатып  келген  ол,  Қызылжарға  аз  күн


тоқырап,  арғы  жолдың  жобасын  сұрастырды.  Білетін  адамдардың

айтуынша,  Есілдің  күнгей  жиегін  жағалайтын  Петровка  станицасы  бар

екен.  Соған  дейін,  Есіл  бойында  аралары  алшақ  станицалар  қадақ-құдақ

кездеседі  екен  де,  аржағында  Есілден  не  оңға,  не  солға  бұрылып  кетпесе,

орыс  селолары  болмайды  екен.  Шоқанның  ойы  Есілдің  «Көлденең»

аталатын

бұрылысындағы

«Жарқайың»

жайлауына

беттеп,


одан

«Құлаайғырға»  тарту.  Бұл  жолдың  үстінде  тек  қазақ  қыстаулары  ғана

ұшырасатын  көрінеді;  жайлаудың  мезгілі  болғандықтан,  бірен-саран

күзетшілер кездеспесе, ол жөнде ел жоқ.

Ал,  сонда  ылаулатып  жүрген  Шоқанға  жолшыбай  көлік  қайдан

табылады?

Бұл  ойдан  Шоқан  қысылайын  деп  еді,  ретін  Жайнақ  тапты.  Тапқан

ақылы  төмендегідей:  Қызылжардан  сексен-тоқсан  шақырымдай  тұста,

Есілдің екі жақ аңғарын түгел меншіктенген Зілғара, Шопан дейтін байлар

болады.  Зілғарасы  кісілік  құрып,  Уəлімен,  одан  кейін  Шыңғыспен

жұлқысады, бірде – ол, бірде – бұл жығып... дегендей, екеуі ит жығыс түсіп

жүреді; Шопаны «мыңқырған бай» атанып, төрт түліктен, əсіресе қой мен

жылқыдан  мыңдаған  бас  мал  ұстайды;  оның  қойы,  бір  кезде  жиырма  бес

мыңға жеткен екен дейді. Россияға бағынғаннан кейін, ақшаны шоқындыру

құралы  деп  естіген  Шопан,  сонша  малдан  біреуін  де  сатпай  жүріпті;

малдың  өзі  былай  тұрсын,  жүн-жұрқа,  қыл-қыбыр,  тері-терсек  дегендерін

де сатпай, қайыр сұрағандарға тегін береді екен...

Бір  сəтте,  əкесіне  еріп  сəудегерлікке  араласа  бастаған  Данияр,  «Бөрілі

Торанғұл»  аталатын  көлді  күзектеп  отырған  Шопан  аулына  кезіге  қалады.

Мезгіл күзгі күзем екен.

Қырқып жатқан қойдың жүні мая-мая.

– Бұны не істейсіз? – деп сұраса:

– Киіз бастырам, – деп жауап береді Шопан.

– Өйткенше, маған бер! – деп өтінеді Данияр.

– Қайтесің оны?

– Өзім білем, қайтерімді.

Шопан  Даниярға  табан  арба  жүнін  тегін  береді...  Дəндеген  Данияр,

келесі  күземде  тағы  кеп,  бұл  жолы  құр  қол  келмей,  «сыйға»  деп  бірер

жəшік шай-қант ала келіп, бір мая жүнді тағы да тегін алады...

Сөздің  қысқасы,  осы  жүннен  Данияр  байиды  да,  дəулет  жағынан  бүкіл

Қызылжардың  алдыңғы  қатарына  шығып,  бір  ауылды  түгел  қамтитын

тамаша  жұрт  салады;  олардың  ішінде,  Қызылжардың  ең  сəулеттісіне



саналатын, екі этажды тұрақ үйі де, мешіті де, медресесі де, дүкені де бар...

Хан  ордасы  Айғаным  кезінен  Тастемір  тұқымымен,  əсіресе,  Даниярмен

байланысты  боп,  Қызылжарға  келе  қалса,  көбінесе  соның  үйіне  түсіп,

қатты сый-құрмет көріп жүреді; бертінде олардың аралас-құраластығының

тығыздануы  сондай,  Данияр  бір  баласының  атын  Шоқан  қояды  да,  оған

Жақыптың  жуық  арада  туған  бесіктегі  қызын  атастырып,  «құда  түсіп,

құйрық-бауыр жесіп» те үлгереді.

Бұл үйде бұрын болмаған Шоқанды, «бауыздау құдамыз барда, басқаны

қайтеміз» деп, Данияр хажының үйіне түсірді. Ол, əрине, құшақ жая қарсы

алды...


Жата-жастана  жол  жөнін  сұрастырса,  құдасы  Шоқандікі  жұмбақ  жүріс.

Оның  естуінше,  Шоқан  Қарқаралы,  Семей  жаққа  сапар  шегуге  тиісті  еді.

Ол  бетінен  шешесінің  сырқаты  бұруына  Данияр  сенеді  де.  Оның  тек  қана

түсінбейтіні: Құлаайғыр жайлауында отырған аулына барса, тура жолы бұл

емес  еді  ғой?!..  Құлаайғырға  Қызылжардан  да  тік  кетпей,  Жарқайдың

тұсына дейін Есілді ерлеймін деуі қисынсыз, ол тіпті теріс бұрып əкететін

қиғаштық.  «Бұларын,  не?!»  десе,  «жəй  əншейін,  жер  көру  ғана»  дегеннен

басқа Шоқан да, «менікі – төрем бастаған жаққа ере беру» дегеннен басқа

Жайнақ  та  түс  жарып  ештеңе  айтпайды.  Жүріс  жəне  сөз  түрлеріне

қарағанда жасырын бірдемелері бар сияқты. Немене екенін қалай ойласа да

Данияр  таба  алмайды;  əзіл-оспақпен  қағыстыруға,  Данияр  ол  кезде  егде

тартып  қалған  кісі.  Оның  жалғыз  ғана  жорамалы  –  Шоқанның  үйленетін

шағы  жетті,  Ол  қатынды  қазақтан  алады-мыс  деген  қауесет  бар;

Шыңғыстың  оған  деп  талай  жермен  құда  түсіп  жүргенін  де  естіген,

сондықтан  «қыз  қарауға  шыққан  жолы  емес  па  екен?»  –  деп  жориды

Данияр.


Жол  жайын  біле  алмаған  Данияр,  Шоқанның  жүріс  қамын  ойлай

бастады.  Оның  бұл  жөніндегі  ылауы  Ақжарға  дейін  ғана  барады.

Аржағында  «көлденеңге»  дейін  қазыналық  ылау  да  жоқ,  ылауға  салт  ат

сұрар ел де жоқ, тік Есілді жағалау адастырмайды демесе, Ақжардан арғы

қыстаулар арасында көр білте сүрлеулер болмаса жол да жоқ.

Жүріп көрген жерлерінің осындай қиындықтарын жақсы білетін Данияр,

қылауы  түспеген  жас  құдасының  қыбын  табу  ниетімен,  жəйлі  тарантасқа

жолға  шыдамды  екі  атын  жекпек  болды  да,  «қайдан  қайтарсаң  еркің,

басыбайлы  сіңіріп  кетем  десең  де  мейлің;  қатты  айдап,  алқындырып

алмасаңдар  болды;  жортақ  жүріске  қажымайтын  жылқылар  қолқасы  аман

болса, қалаған жеріңе жеткізер!» деді.

Аттарыңа  қоса,  жортуылға  кəнігі  жігітін  де  берейін  деп  еді,  «Жайнақ

жетеді» деп Шоқан алмады.

–  Жөндерің  оты  мол  жерлер,  Есілдің  шалғыны  сұлыдан  артық.

Дегенмен, ара-тұра иіскеп қойғаны да мақұл, əрі көтеріңкі отырасыңдар, –


деп Данияр тарантасқа екі қап сұлы артты.

Жолаушылар жұмбақты жолына жүріп кетті...

Есілдің ағыс арнасы жалпақ болмағанмен, алқап аңғары далиып жатқан

кең. Осы алқапты Есіл, жыл тəулігінде көктем туа тасыған шағында бір-ақ

толтырады  да,  сабасына  шілде  кезінде  ғана  сарқып,  күн  қыза  борсыған,

қалыңдығы  сала  құлаш  құнарлы  бозғыл  топыраққа  өсетін  шалғын,

шілденің  сарша-тамыз  тұсында  биіктігі,  тік  тұрған  адамның  белуарынан

келеді.  Егер  оны  отай  шапса,  мыңдаған  мая  үйілер  еді,  аздап  шабатындар

мұртын  да  сындыра  алмайды;  көктемде,  күзде  жайылатын  мал  отына  да

мыңқ  етпейді,  сөйтіп,  жыл  сайын  өскелең  қалың  шалғын,  жыл  сайын

жабағыдай  ұйысып,  қысқа  қарай  қатпарлана  жата  береді;  олар  шіри  келе

көңге  (торф)  айналады  да,  шалғынның  шығымын  үдете  түседі...  Жыл

сайынғы  жаңа  шалғынның  арасы  тұнған  жидек  пен  ешкі  бүлдірген.

Олардың  аңқыған  иісі,  дем  тартқан  адамның  мұрнын  жарғандай  болады;

соған,  шілде  туа  буыны  қатқан  жуаның  ашқылтым  иісі  қосылса,  Есілдің

сағымдана  бусанған  алқабы,  ішіне  кірген  адамның  жанын  жұпар  теңізіне

жүзіп жүргендей рахаттандырады...

Есілдің  қалың  тоғайына  қарақат  қалың  шығып,  көрген  кісінің  көзін

еріксіз тартады...

«Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дейтін мақалға сүйенген олар, Данияр

«ал, бұзылмайды» деген сүр, құрт, ірімшік сияқты азықтарды алмай, «қазан

аузы  жоғары»  деп  тек  ас  пісіретін  ыдыстарды  жəне  тұзды  ғана  алған  еді,

мылтықты  бірсыдырғы  жақсы  ататын  Шоқанның  бұл  жайдағы  сайманы

түгел.  Есіл  тасып  тартылған  шақта  шұқырларда  іркіліп  қалатын  «қара  су»

атты  шеті  қамысты,  ортасы  жалтыр  көлдер,  алқапта  ығы-жығы,  олардың

бойы қаптаған құр, əсіресе үйректер мен қаздар; мылтықшы жоққа жақын

жерде,  олар  адамнан  қорықпай,  таяқ  тастам  тұсына  келтіреді;  сондықтан

қанша  қырсаң  да  бола  беретін.  Бірақ,  Шоқан  ондай  ысырапқа  жазықсыз

құстарды  қимай,  азығына  керегін  ғана  аттырады;  Жайнақ  «сүр  перен»

аталатын  мергеннің  өзі  екен,  ол  көздегенін  құтқармайды.  Көлдердің

тұлабойы тұнған балық.

«Неткен көл-көсір байлық, бұл Есілдің өнбойы! – деп таңданады Шоқан,

– шіркін, осылардың түгелімен пайдаға асар күні бола ма екен?!»

Есілдің  екі  жағы  да  тұрғындары  жайлауға  көшкен,  орманның,  немесе

тоғайдың  ықтасынына  қонған  есіз  қыстаулар.  Олардың  көбі  ағаштан

қиылған,  біразы  шымнан  қаланған  үйлері  үйме-жүйме  орналасқан,  көше

тəртібі  еш  қыстауда  да  жоқ.  Кейбір  үлкенірек  қыстауда  мұнаралары

сорайған мешіттер, олардың маңында күзетші болады екен. Есік, терезелері

қоймаға тоғылған үйлердің іштері үңірейген, қора-қопсылары аңғал-саңғал,

ашық-тесік.  Жəндік  атаулыдан  қыстау  іштерінде  жиі  кездесетіні  –

қарлығаштар,  олар  адамды  сағынғандай,  біздің  жолаушылардың  алды-

артын  орай  ұшып,  кейде  қанаттарымен  беттерін  сипап  кете  жаздайды.



Мешіт төбесінде у-шу боп сапырыла ұшқан қара тағандар!..

Күзетшілердің көбі Шоқанды естіген, кейбірі көрген адамдар екен. Аты-

жөнін білген соң-ақ, олар жатып жастық, иіліп төсек болғандай, сыйлап зор

құрмет көрсетті.

–  «Оралдының  баласы  он  бесінде  баспын  дер»  деген  осы  екен-ау!  Хан

тұқымы  кекір  келетін  еді,  мынау  иленген  қайыстай  жұп-жұмсақ  қой.  Ел

тілегіне туған бала ғой, тек, ұзақ жасасын, бақыр! – деседі ел.

Іші-бауырларына  кіре  кеңескенмен,  Шоқан  жол  жайын  оларға  да

сездірмей,  «жол  болсын?»  сұрағандарға,  «ел  жайымен  танысуға  шығып

едім» дей салады.

Кедір-бұдыры, ой-шұқыры көп, кейде тұяқ тимеген тың жермен жүретін

арбадан,  жолаушылар  жылдам  қажиды  да,  жиі  қонады.  көбінесе,  қыстауға

емес, тоғайдың су жақ ықтасынына; ондай жерлердің жалғыз ғана бейнеті

масасы. Шөп шығымды жылда масаның да қалың болатыны белгілі. Биыл

да солай екен. Бірақ, Жайнақ Шоқанды оларға шақтырмайды: тоқыраған я

түнеген тұстарда, бұта, қамыс дегендерді ілезде жинап ап, бықсыта түтетіп

қояды да, түтін бөлеген Шоқанға маса жолай алмайды. Алғашында түтінге

қадалатын Шоқан, кейін үйреніп алды да, сирегі түгіл қара-қышқылына да

мыңқ  етпей  отыра  береді.  Жайнақ  түтінді  күндіз  түгіл  түні  бойы  да

үзбестен сала береді. Оның қай кезде көз шырымын алары белгісіз. Қашан

алса  да  алатын  сияқты,  өйткені  не  отырғанда,  не  жүргенде,  ешуақытта  да

қалғымайды...

Бала  кезінен  əңгімеге  үйір  Жайнақ,  жігіт  бола  тіпті  төселіп,

«шешендердің  ақындардың  сөздері»  дегенге  түпсіз  болып  кеткен.

Айтыстардан, эпикалық жырлардан білетіндері де толып жатыр. Əндерді де

көп  біледі,  даусы  шағындауына  қарамай,  ырғағын  əдемі  келтіреді

домбыраны да тəп-тəуір тартатын ол біраз күйлердің басын шырмайды.

Ұйқы мен тамақтан қолы бос шақта Шоқанның ермегі – Жайнақ білетін

өнерлер.  Ол  отырып  та,  тұрып  та,  жүріп  те  айта  береді.  Соншалық  жақын

ұстайтын  Жайнақты  Шоқан  бір  ғана  мəселеден  маңайлатпай,  ол  жөндегі

əңгіменің  шеті  шыға  бастаса,  «керегі  не,  соның?»  деп  қайырып  тастайды;

онысы  –  үйлену  жайы.  Бір  рет  тауы  шағылған  Жайнақ,  одан  кейін  бұл

жайға жоламай, бойын аулақ салады.

Төре  атаулының  бір  салты,  –  жігітшілікке  əуесқойлық.  Жастар  жағын

былай  қойғанда,  сақал-шашы  қылаң,  тартқан  Шыңғыстың  өзі  де,  көрікті

келіншекке  əлі  күнге  дейін  қырындайды.  Жастар  жағында  қанағат  жоқ.

Мысалға  Жақыпты  алса,  «жөргегінен  қағынған»  ол,  «беті  қанды»  қыз-

келіншекті  құрығынан  құтқармауға  тырысады;  əлі  жеткенін  күшпен,

жетпегенін  сұспен  бағындырмақ  болады,  көбінесе,  ол  мақсатына  жетеді

де...


Ал, Жайнақ Шоқанға бақса, оның жігітшілікті Омбыда да, Қызылжарда

да  күйттегенін  көрген  де,  сезген  де  жоқ.  Əсіресе  Қызылжардағы

Даниярдың үйінде. Оның өзінде де, туыстарында да бойжеткен əралуан қыз

бар  екен.  «Адам  көркі  шүберек»  дегендей,  бəрі  де  сəнді  киініп,  қымбат

тастармен,  алтын-күміспен  безенген,  бұл  қыздардың  ішінде  өте  сымбатты

жəне көріктілері де бар. Бəрі де Шоқанға қызыға қарайтын сияқты. Кейбір

əке-шешелерінің  де,  қыздары  Шоқанға  жанасуын  ұнататын  қалыптары

байқалады;  бірақ,  жанасса  жармасар  деп  қауіптенгендей  Шоқан  оларға

өзеуремейді,  түсін  салқын,  денесін  жинақ  ұстайды.  Осы  салтын  Шоқан

Қызылжардан аттанғаннан кейін де өзгертпей, жолшыбай кездескен бірен-

саран қыз-келіншек қылмыңдай қарағанмен, салмақты түсін өзгертпеді.

«Мұнысы  несі?!..–  деп  ойлады,  ғашықтық  жырларынан  да  хабары  бар

Жайнақ, – əлде бұның да басқаға бұрылтпайтын ғашығы бар ма екен? Кім

ол?..  Бір  кезде  өз  қарындасы  –  Айжан  деп  ойлаған  оның  жорамалы

көмескіленіп  барады.  «Жанаралдың  жиен  қызы»  деген  қауесет  бар,  оған

сенерін де, сенбесін де білмейді... Өзге əуліккен қызы жоқ сияқты. Ендеше,

көлденеңдерге қызықпайтыны несі?!..»

Жайнақтың  көңілінде  бір  ғана  күдік  келе  жатыр:  жолшыбай  демалған

шақтарында  көңілдерін  көтеруге  əн  айтып,  күй  тартса,  ол  қисынын  тауып

«Дайрабай  шығарыпты»  деген  «Қапыда  еткен  қарындас»  пен,  «Суға  кетті

еркетай»  дейтін  екі  күйді  көбірек  ойнайды.  Өйтетіні,  осы  күйлерді  алғаш

естігенде, неге шығарылғанын айтқанда Шоқан «ə, солай ма?!» деп тіксініп

қалған.  Сонда  Жайнақ  ,  та  тіксінген.  Өйткені  бұл  күйлердің  Қожық  қызы

Нарғыздың  өліміне  арналғаны  белгілі.  «Нарғыз  бен  Шоқан  жақын  боп

қапты»  деп  дүңк  еткен  «ұзын  құлақты»  Жайнақ  та  естіген,  оған  нанар-

нанбасын білмей жүргенде, тұтқынға алынған Нарғызды абақтыдан Шоқан

босатыпты  деген  лақап  та  тарай  қалған,  жұрт  та,  Жайнақ  та  «көңілдес

болмаса  неге  босатады?»  деп  жорыған.  Сөйткен  Шоқанның  Есілді  ерлеп

жұмбақ жолға шығуы, сол қыздың қазаға ұшырауын анықтау емес пе екен?!

деп  күдіктенеді  Жайнақ.  Оның  «несін  анықтайды,  болар  іс  болды,  бояуы

сіңді»  дегендей  емес  пе  деп  те  ойлайды.  Қалай  толғанса  да  бұл

сұрауларына  жауап  таба  алмайды.  Тек  қана  жолшыбай  аңғарып  келе

жатқаны,  Дайрабайдың  күйлерін  Шоқан  əлі  де  құныға  тыңдайды.  Сол

қалпын  байқаған  Жайнақ,  қисынды-қисынсыз  жерлерде  аталған  күйлерді

шамасынша шебер орындауға тырысады...

Бұл  жұмбақ  көп  кешікпей  шешілді:  көлденең  Есілдің  бітуге  таянған

тұсында,  «Тереңсай»  аталатын  алқабында,  '  Қарағайлы»  аталатын  дөңесті,

Балта  Керейден  азғантай  ғана  үй,  –  Нашан  батырдың  ауылы  мекендейтін

еді. Бұрынғы қонысы Мəулікте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет