A,b, Матаев М. Мa, Азат. Сb


Жүгері крахмалы мен лимон қышқылы қатысындағы биополимер алу әдістемесі



бет3/7
Дата22.12.2022
өлшемі2,9 Mb.
#163977
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Куралай статья вестник
Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары
Жүгері крахмалы мен лимон қышқылы қатысындағы биополимер алу әдістемесі
Сыйымдылығы 150 мл стаканға 60 мл тазартылған су және 6 г жүгері крахмалын қосамыз. Дайын болған ерітіндіге 5 мл глицерин және 5 мл лимон қышқылы қосып, мұқият араластырамыз және су моншасында тұтқыр масса пайда болғанға дейін 5-10 минут қыздырамыз. Тұтқыр массаға 2 мл 0,1 м NaOH қосамыз. Шыны таяқшаны қолданып, үлгіні петри табақшаға құямыз. Ақ ауа көпіршіктерін кетіріп, біздің үлгімізді толық құрғағанға дейін бірнеше күн бойы зертханалық үстелде кептіреміз (3-сурет).





3-сурет. Жүгері крахмалы мен лимон қышқылы қатысындағы биополимер


Жүгері крахмалы мен лимон қышқылы және поливинил спирті қатысындағы биополимер алу.
Сыйымдылығы 150 мл стақанға 60 мл дистилденген су құйып қайнатып, 1 г лимон қышқылы мен 1г поливинил спиртін салып ерітеміз. Пайда болған ерітіндіге 6г жүгері крахмалын өлшеп, жақсылап араластырамыз. Тұтқыр ерітінді пайда болған соң, 2 мл глицерин қосып, алынған үлгімізді петри табақшаға құямыз. Зертханада толығымен кепкені күтеміз, шамамен 3-4 күн. Толық кепкен соң, ары қарай физика-химиялық анализге жібереміз.
Жүгері крахмалы және лимон қышқылымен мен глицерин мен күміс нанобөлшектірінің қатысында биополимер алу әдістемесі
Күміс нанобөлшектерін алудың цитратты әдісі алтын нанобөлшектерін алуда жиі қолданылады. Қасиетіне байланысты күміс нанобөлшектері активтірек алтынға қарағанда және тез тотығады. Сондықтан оны тұрақтандыру үшін цитратты әдісінде тотықсыздандырғыш пен тұрақтандырғыш қызметін лимон қышқылының үшауыстырылған натрий тұзын суда еріту арқылы алынатын, цитрат-ион атқарады. Ерітіндінің қызуы және цитрат-ионның тотығуы кезінде ацетондикарбон мен итакон қышқылдары түзіледі. Дәс осы қышқылдар бөлшектердің беткі қабатында адробцияланып, бөлшектердің өсуін қамтамасыз етеді. Күміс нанобөлшектерін синтездеудің цитратты әдісін қолданғанымыздың бірден бір себебі осыда.

  • 1-ӘДІС

Сыйымдылығы 100 мл стақанға 15 мл дистилденген су мен 1,25 г лимон қышқылы және 1,5г крахмалды салып ерітеміз. Пайда болған ерітіндіге 0,5г глицерин қосып мен 1мл 0,0001М күміс нитратын қосамыз, жақсылап араластырамыз. Сарғыш түсті тұтқыр ерітінді пайда болған соң, зертханада толығымен кепкенін күтеміз, шамамен 3-4 күн. Бұл синтездеу әдісінде лимон қышқылы мен күміс нитраты комплекс түзіп күміс нанобөлшектерін береді.

  • 2-ӘДІС

Сыйымдылығы 100 мл стақанға 15 мл дистилденген су мен 1,25 г лимон қышқылы және 1,5г крахмалды салып ерітеміз. Пайда болған ерітіндіге 0,5г глицерин қосып мен 1мл 0,0001 М күміс нитратын қосамыз, жақсылап араластырамыз. Сосын 0,01М натрий бор гидридінің 2-3 тамшысын ғана қосамыз түсі өзгергенше қоңыр сары түске ауысқаны күміс нанобөлшектерінің пайда болғанын білдіреді. Сарғыш түсті тұтқыр ерітінді пайда болған соң, зертханада толығымен кепкенін күтеміз, шамамен 3-4 күн. Бұл синтездеу әдісінде күміс нитраты мен натрий бор гидридін бірігіп комплекс түзіп күміс нанобөлшектерін аламыз [32].

  • 3-ӘДІС

Сыйымдылығы 100 мл стақанға 20 мл дистилденген су мен 1,25 г лимон қышқылы және 2мл күміс нитратының ерітіндісін араластырып, қыздырамыз.
Қаныққан ерітінді пайда болған кезде 0,5г глицерин мен жүгерін крахмалын қосып, жақсылап араластырамыз. Сарғыш түсті тұтқыр ерітінді пайда болған соң, зертханада толығымен кепкенін күтеміз, шамамен 3-4 күн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет