Абай өЛЕҢдерін бастауыш мектепте оқытудың ТӘрбиелік маңызы саменова Лаура Сейтахметовна «№44 жалпы орта білім беретін мектеп»



Дата10.12.2021
өлшемі16,8 Kb.
#78841
Байланысты:
Конференция материалы Саменова Л.С.


АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
Саменова Лаура Сейтахметовна

«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Семей қаласы
Бастауыш сыныпқа алынған Абай өлеңдері және технология арқылы қалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс? Ең алдымен, төменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп, әуезді-сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн. Бұл мәтінді сөздерді талдап түсіндіруден барып қалыптасады.Сондықтан көрсетілген өлеңдерді оқудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып, іске асырылады.(Мысалы, іштен оқу жоғары сыныптарда басым т.б.) Көбінесе Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді.Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән-мағынасын ашуы, сөздердің , тіркестердің мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызуы қажет.Бұл ретте өмңрден қарапайым мысалдар келтіріп, салыстырып әңгімелеудің мәні ерекше.Мысалы «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі «әсемпаз», «өнерпаз» сөздерінің мәнін ұғындыруда «әсемпаз адам қандай?», «өнерпаз адам ше?», «Неге Абай «арқала» деп тұр?, «Сен де бір кірпіш « дегені несі?», «Кетігі» деген сөзді қалай түсінесің? Оны тағы қандай сөздермен ауыстыруға болады? Т.б. сұрақтарға оқушылардың өздерінен жауап алу – оларды ойлантуға, онан әрі өз пікірі мен ойын ауызша жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады.Ал оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсіндіруде ақынның көзқарасын оның ой пікірімен қоса түсіндіру, өмірмен байланыстыру, баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне , шеберлігіне , тіл байлығына байланысты.

Келесі көңіл бөлетін жұмыс – бастауыш сыныпта оқушыларға өлеңдегң әуезді-сазды үйлесім, гармония немесе ұйқас жайында қарапайым мағлұмат беру. Мысалы, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңіндегі ұйқасып тұрған сөздерді тапқызу.Мысалы, «ескермедім», «тексермедім», «кеш сермедім» т.б. Әуезі, үні арқылы ұйқасып келсе, буын саны арқылы да бірдей болып тұрғандығы (4 буынды), өлеңнің 4 жолды немесе 6 жолды шумақтардан құрылмай, тек бірсыдырғы жолдардан тұратындығына т.б. көңіл аударту.

Бірде жыр алыбы Жамбылдан: «Абайдың ақындығына байланысты қандай пікір айтасыз?» - деп сұрағанда, ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау : «Абай-ақын емес, пайғамбар» депті.

Осы орайда бала кезімізде көбіміз көнекөз қариялардан естіген «Абайдан сөз артылмаған» деген қарапайым тұжырымды ой еске түседі. Бүгінде Абай ұлылығын дүниежүзі мойындады.

Міржақып Дулатовтың «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өткен күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге ұмтылар, сол күндерде Абай құрметі күннен – күнге артар. Бірінші ақынымыз деп қабірін зират етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар», - деген сөзі сонша құдіреті мол болжау екен. Абай рухы, Абай мұрасы қазіргі ұрпаққа соншалықты жақындап, олармен қауыша түсті.

Бұл заңды. Өйткені Абай – тұтас бір халықтың рухани әлемі. Кемеңгер ойшыл, данышпан Абайдың арында қалдырған мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен ұласар асыл қазына.

Қанша заман ауысып, қанша буын ұрпақ жаңарса да, ұлы Ақын айтқан «қуаты күшті нұрлы сөзің» сыры кетпей, сыны бұзылмай, жаңа қырынан ашылып, жаңғырып келеді.

«Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,

Замандасы болмады сөзін ұғарлық»,-

деп Шәкәрім қажыны өксіткен өкініші көп заман өтіп, бүгінгі күнге жеткенімізге таупих қылып, шүкіршілік жасаймыз.

Түрік елінде бауырлас халықтың , оның үкіметінің Абайға деген, біздің елге деген ниетінде, ықыласында шек жоқ. Анкарада Абай атында үлкен , жаңа мектеп ашылып, Ыстамбул, Измир, Салихалы қалаларында көшелерге Абай аты берілген. «Қазақстан» деген альбом, Абайдың өлеңдер жинағы , қарасөздері түрік тіліне аударылып, жеке-жеке кітап болып шығуының өзі не тұрады. Абай бейнеленген әртүрлі значоктар, планетниктер, плакаттар, папкалар қаншама. «Абай – түрік дүниесінің Абайы» деген сөз бүкіл Абай апталығының ұраны болды. « Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бүгінде егеменді мемлекетін құрып, төрткүл дұниеге танымал болуы Абайдың:

Мынау азған қу заман

Қалыбында тұрмайды,-

деп ұрпағына байлаған үкілі үмітінің орындалуының дәлелі.

Иә, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ, қараны қара деп жалтақтамай, ешкімге жалбақтамай сөйлер еркіндікке қол жетті. Ендеше Абай мұрасын жаңа технология арқылы оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп жайды жас ұрпаққа білгірлікпен, білімділкпен жеткізу, тереңінен тартып сөз ұқтыру – ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттерінің бірі.

Абай тағылымының бүгінгі педагогикамен тығыз байланысын іздей берсек әлі де айтылар әңгіме көп-ақ. Оны бүкіл зиялы қауым болып, білімдар қстаздар болып қолға алсақ ғана ісіміз нәтижелі болары сөзсіз. Жуықтағы жылдарда қазақ ғалымдары жазуға тиісті төл педагогика, психология тарихы мен теориясына бағышталған оқулықтарда, хрестоматияларда ұлы ұстаздың педагогикалық-психолониялық ой –тұжырымдары екшелі ғылыми тұрғыдан дәйекті талданып, өзінің айшықты орнын алуға тиіс, оған дау болмаса керек.

Міржақып Дулатов 1914 жылы Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай «Қазақ» газетінде жазған мақаласында : «Абайдың өлген күнінен алыстасақ та, рухына сонша жақындармыз . Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар , қнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құдіреті күннен күнге артылар»,- деген үмітті, көргендік ойлары жыл сайын біртіндеп аяқталып келеді. Абайдың шығармалары арқылы ұлы рухына әлі де тереңдеп бойлап келеміз.Сондықтан оның қасиетті де, парасатты тұлғасы күн санап биіктеп барады.

Қорыта келгенде, Абай-қазақ халқының тарихи көшін ілгері бастауда, ой пікірлерінің шеңберін кеңейтуде, ұлттық мәдениетін көтеруде ерен еңбек сіңірген ұлттық болмысымызға дара біткен жарық жұлдыз. Абай тағылымы оның даналығында, Абай даналығы оның данышпандық ойлары мен парасатты сөздерінде., Абай парасаттылығы оның ағартушылық ой түйіндерінде, ал ұстаздық ойларының асқар белесі ел тәрбиесінде деп білеміз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Ысмағұлов.А. Абайдың ақындық тағылымы,-Алматы:-1991,49 б.

  2. Айтмағамбетов Б. Бейсенбаева А., Тәрбиенің жалпы әдістері.-Алматы:-1991,65б.

  3. Ғаббасов С. Жас ұрпақ тәрбиесі туралы толғаныс,-Алматы: 1996


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет