Абдиканиева Бакытгул Егизбаевна 20 ж. " " Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс бағдарламасы



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі237,5 Kb.
#119964
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Геронтология КБ ЖОБ (2)
Isbrannie glavy mexaniki 2, д.ш 16.06.21, ОШ СОР Основы Права 9 класс каз, 2 практика
Қалыптастырылатын құзіреттілік:
Құзыреттер;
4-БҚ. Инновациялар: түрлі міндеттер мен проблемаларды жеке және топпен шығармашылықпен шешуге қабілетті, қызметінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану және енгізу.
4.1-БҚ. Креативтілік: түрлі міндеттер мен проблемаларды шешуді шығармашылықпен қарауға, жаңа жақсартылған шешімдерді табуға қабілетті.
4.2-БҚ. Инновациялық әлеуметтік өзара қарым-қатынас: түрлі мамандық, көзқарас және тәжірибе иелерінің командалық жұмысының нәтижесінде жаңа идеяларды ойлап табуға қабілетті.
4.3-БҚ. Заманауи технологияларды қолдану арқылы жақсарту: технологиялардың қажеттілігіне қажеттілікті айқындайды, басымдықтарды анықтайды, қызметінің нәтижелілігін және тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолданады, жоспарлайды және енгізеді.
КҚ-2.Ғылыми көзқарас пен дәлелді мейіргерлік тәжірибе
Ғылыми амал және дәлелді мейіргерлік тәжірибе: мейіргерлік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
КҚ-2.1
Дәлелдемеге негізделген ақпаратты кіріктіру және шешімдер қабылдау: озық мейіргерлік технологияларды әзірлеуге көзделген биомедициналық және медбикелік зерттеулер саласындағы ақпаратты сын тұрғысынан бағалайды, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
КҚ-2.2
Мейіргерлік зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру: мейіргерлік қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды ары қарай дамыту, жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау барысында шығармашылық көрсетеді.
КҚ-2.3
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тиімді тарату: зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұсынысын тиімді жүзеге асырады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, түрлі ұсынулар түрлерін көрсетеді, түрлі аудиторияларға зерттеулер нәтижелерін таратады.
5-КҚ. Оқыту және басшылық: мейіргерлік істе түрлі емделушілер мен топтарды оқыту үшін әдістер мен материалдардың кең ауқымын меңгерген.
5.1-КҚ. Клиникалық контекстте емделушіні/клиентті/отбасын оқыту: денсаулықты сақтау және өзіне-өзі көмек көрсету үшін индивидумның /топтың/ отбасының жеке ресурстарын және олардың қажеттіліктерін анықтайды. Оқытудың жоспарын әзірлейді, жоспарға сай емделушіні олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін дербес мейіргерлік күтімді орындауға оқытады, олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.
5.2-КҚ. Үйретуші әдістер мен материалдар: емделушілердің қажеттіліктеріне сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жеке даралығына ықпал етіп, оқытудың және басшылықтың әдістерін таңдауға және қолдануға қабілетті; үйретуші шаралардың тиімділігін арттыру үшін соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде емделушіге/клиентке/отбасына арналған оқу-ақпараттық материалдар әзірлейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет