Абдолла Ишан мешіті



бет51/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Төле бидің туған жері


Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.
Төле Әлібекұлының кіндік қаны тамған, туған топырағы Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауы. Ел тағдырын абыроймен арқалаған бидің туған жеріне қойылған ескерткіш белгі Шу ауданы, Жайсан қыстауынан шығысқа қарай 13 шақырым жердегі Үңгірлі өзенінің сол жағасындағы төбенің басына қойылған. Ескерткіштің биіктігі 3,2 м, ені – 1 м болатын қызыл мәрмәр тастан өңделіп жасалған.
Төле өз халқының шешендік-поэтикалық өнері мен дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналыстарына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында дүйім жұртқа таныла бастайды. Ол өмір сүрген кезең қазақ пен жоңғар хандықтары арасындағы жаугершілік заманға тұспа-тұс келіп, саналы ғұмырын ел тағдырына арнаған. Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би Тәуке ханның бас кеңесшісі болған.
Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хандығының астанасы етіп бекіту, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру сияқты маңызды мемлекеттік істердің басында жүріп, жүзеге асыруға белсене атсалысты. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы әлсірей бастайды. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар басқыншылығына қарсы ұйымдастыра білген.
Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Оның артында күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері қалған. Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында билік жүргізген Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысқан.
Төле би 1756 ж. дүние салып, өзі 12 ж. билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.

Түймекент қалашығы

VI-ХІІ ғғ. жататын Түймекент ортағасырлық қалашығы Байзақ ауданы, Түймекент ауылының оңтүстік шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан.


Қалажұртты алғаш рет 1894 ж. В.В. Бартольд, 1936-38 жж. КСРО ҒА ММТИ (А.Н. Бернштам) және Қазақстандық бөлімшенің ОАЭ зерттеді. 1986 ж. қалажұртта ҚазКСР ҒА ТАЭИ (К.М. Байпақов) тарих және мәдениет ескерткіштер жинағының археология экспедициясының отряды жұмыс істеді. 2000 ж. ҚР ҒА Ә.Х.Марғұлан атындағы Археоло­гия институтының ОҚКАЭ (К.М. Байпақов) зерттеген. Қалажұртта шурфтар салынып, олардан өңсіз материал­дар алынды. 2010 ж. «Археологическая экспертиза» ЖСШ ескерткіштер Жинағы экспедициясы зерттеп, құралмен жоспарын түсірді.
Тікбұрышты үлгідегі (250х310м) бұрыштары дүние тараптарына қараған қалажұрт, бұрыштары мен периметрі бойынша мұнаралары бар биік дуалмен қоршалған. Қабырғаларының әрбірінде 7 мұнарадан болған. Дуалдың биіктігі – 4-6 м, мұнараларының биіктігі – 4,5-7 м. Қалажұрт территориясына кіретін қақпа солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс қабырғаларда орналасқан.
К.М.Байпақов алғашында Түймекентті Тараздан 7 фарсах жерде орналасқан Кавекет (Кевакиб) деген жердегі Дех-Нуджикес қаласымен баламалауды ұсынып, кейіннен оны Түймекент ауылының жанындағы қаламен баламалаған.
В.В.Бартольд Түймекент қаласы орналасқан жердің стратегиялық жағынан өте ыңғайлы екеніне тоқтала отырып, қаланың атын Тойма (Түйме) қызбен байланыстырып, ол туралы аңызға көңіл аударған.
1905 ж. В.А. Каллаур жариялаған «Древние киргизские легенды о постройке Акыр-Таша» деген мақаласында Түймекентті мекендеген Көкшехан мен қызы Түйме сұлу, Алаңғасар алып және оның баласы жайлы уақиғаларды жүйелі түрде баяндаған. Бұл аңыз туралы ғалым Ә.Х. Марғұлан «Ежелгі жыр аңыздар: ғылыми-зерттеу мақалалар» атты еңбегінде жазған болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет