Абдолла Ишан мешіті



бет7/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Аспара қалашығы
Аспара - орта ғасырлық қалашығы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы түйіскен жердегі Шу өзеніне келіп құятын Аспара өзенінің жағасындағы, Андас батыр ауылының шетінде орналасқан.
Қалашықтың қираған орны – төртбұрышты төбе қалпында сақталған. Бұрыштары әлемнің төрт тарабына бағытталған құрылыстың аумағы 250х360 м.
Қаланың салыну тарихына қатысты деректерде Аспара қамалды бекініс болғандығы айтылады. Өңірдегі орта ғасырлық өркениетті қалалар Баласағұн мен Таразға шабуыл жасауды көздеген жаулары көп болған. Олардан қорғану мақсатында Меркіден 15-20 шақырым жерде әскери бекініс ретінде Аспара қамалы тұрғызылған.
ХV ғ. екінші жартысында, қалың елдің қамын жеп, жердің болашағын ойлаған Асан қайғы суы мол алабында шағын көлдер мен бірнеше бұлақтан тұратын Аспара өлкесін көргенде, «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер» - деп тамсанған екен.
Тараз, Меркі, Испиджаб (Сайрам) қалаларымен қатар аталатын Аспара туралы аңыз, жырлар да көп. Солардың бірінде қазіргі күні Түркияны мекен еткен хан Аспарухтың арғы тегі осы өлкеден шыққандығы айтылады.
Жазба деректерде Аспара қалашығы VІІ ғ. бірінші жартысынан белгілі. Қытай деректерінде ол «Осуболай» - атауымен белгілі. Ал Ибн Хордадбек деректерінде, VІІІ ғ. өмір сүрген Аспара қаласы Меркі елді мекенінен 4 фарсах жерде, Жібек Жолының бойында орналасқандығы баяндалады. ІХ ғ. арабтардың Жібек жолының бойындағы елді мекендер мен жер - су аттарының картасында Аспараның орналасқан жері мен Тараздан қанша қашықтықта орналасқаны көрсетілген.
Мырза Фазыл Чорас өз шығармасында 1513-14 жылдың қыс мезгілінде Қасым ханның Аспара қаласына кеткендігі жайлы баяндайды. Бұл деректі Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі толықтыра түседі. Онда 1513 жылы қыста Шаһ Исмаил Сұлтан Салімге қарсы соғысуға ат басын Иракка бұрып, ал Қасым хан өз иеліктерін басқару үшін Аспараға қарай жол жүргендігін жазады.
Атлах-Талас шайқасы болған жер


Мәдениет пен өнердің сан алуан түрі тоғысқан Орта Азия аймағы ертеден - ақ Шығыс пен Батыс елдерінің назарында болып келген мекен. Ортағасырлардың өзінде еліміздің шығысынан қытайлар жаулауды бастаса, батыста Араб империясының көз құртына айналған еді. Себебі шығыс пен батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы мен табиғи байлықтар, сәулетті қалалар мен мал-жанға жайлы жерлерді иелену кімді де болса қызықтырмай қоймайды.
Шайқас қарсаңында яғни 749 ж. араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсуді көздеп, 751 ж. араб әскері Шу-Талас аңғарында жатқан Атлах, Тараз қалаларының іргесіне ат басын тірейді.
Ортағасырларда Қытай мемлекетінде ішкі таластар пайда болып Хан әулеті Ұлы Қытай қорғанының батыс сыртына қарай бөлініп шығады. VІІ-VІII ғғ. Орталық Азияның тарихында түркі тайпалары өзара қақтығысын сәтті пайдаланған Таң империясы Түргеш қағанатының иелігіндегі аймақтарды басып алады.
Арабтар Орта Азияға жорықтары барысында Қытайлықтармен шиелініске тап болады. Нәтижесінде 751 ж. қазіргі Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аумағындағы Талас өзенінің аңғарында ірі шайқастардың бірі болған. Қытай әскерінен теперіш көріп отырған түргештер мен қарлұқтар арабтар жағында болып, жеңіп шығады
Аталмыш соғыс тарихта Атлах шайқасы деген атпен қалады. Бұл соғыс жайлы әл - Магдиси өз еңбегінде: «Бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» - деп жазады. Қытайдан теперіш көріп отырған түргештер мен қарлұқтар арабтар жағында болды.
Жалпы Атлах, Талас шайқасының тарихи маңызы зор. Себебі осы шайқастан соң Таң империясының Орта Азияға бағыттаған шапқыншылық саясатына нүкте қойды. Қытай империяның Шығыс Түркістандағы әскери бекіністері түгелімен жойылды. Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасы өзгеріске ұшырады. Өлкемізде ислам өркениеті жаңа арнада қанат қағып, ғылым мен білімнің дамуына даңғыл жол ашылды.

Әдебиеттер:



  1. Жолдасов С. Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы. Алматы, 2009, 97б.

  2. Доктор Рахман. Краткая история ислама. Москва. ІШМАН. 2003, С189-190.

  3. Қазақстан тарихы (IV томдық), Iт. Алматы: Ата-мұра, 1996. 480-482б





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет