Қабылдаған: 2021 Жоспар Кіріспе



бет3/4
Дата19.03.2022
өлшемі49,16 Kb.
#136266
1   2   3   4
Байланысты:
Курстық жұмыс
ДБ, Қазақ тілі Сессия Жауаптары, Қазақ тілі Сессия Жауаптары, Қазақ тілі Сессия Жауаптары, Қазақ тілі Сессия Жауаптары, Қазақ тілі Сессия Жауаптары, Қазақ тілі Сессия Жауаптары, С Нуралы , Презентация 14, бақылау - бағалау материалдары, Genikologia (1), Урология задачи, docsity-psihiatriya-konspekt-lekciy, Группы здоровья, риска
Қорытынды
Еліміз тәуелсіз мемлекет атанып, өз алдына дербес ұлт болғалы бері өшкеніміз жанып, жоғалғанымыз табылып, ұмыт бола жаздаған ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғыруда. Еркін елдің ерікті ұлты ретінде өзімізді-өзіміз бағалай білуге жасалған бұл батыл қадам – ұлттық, рухани–адамгершілік байлығымызды игеріп, ұлттық санамыз бен имандылығымызды дамытуға бастау болары анық. Бұл сөздерді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы келесі сөздерден де көруге болады: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» [1;3].
Сонымен қатар, бұл ойды «Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу» деген, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының міндеттері де дәлелдейді [2;19].
Қазіргі таңда республикада жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім беру парагдигмалары алмастырылуда. Оқытудың мазмұны жаңа біліммен, оқу-жаттығулармен, дағдылармен, тәрбиелік іс-шаралармен және білім алушылардың жаңа ақпараттарды өз бетінше қорыту қабілеттерін дамытумен байытылып келеді. Бұл тенденция - жаңа заманның жаһандық білім деңгейімен пара – пар болудың бірден-бір негізі оқыту мен тәрбие беру технологияларына да өз ықпалын тигізуде.
Осы заманның білім беру жүйесі Кеңес дәуірінен бері көп жылдар бойы қалыптасқан өзінің үстемдік етуші, барлығын қамтитын, стандартталған, біріздендірілген қалпынан халық өмірінің негізі болып табылатын тарихи, рухани, әлеуметтік-мәдени бастауға, дәстүрлерге және халық педагогикасы мен мәдениетіндегі құндылықтарға баса назар аударатын, таңдау мүмкіндігі арқылы білім беруге бағытталған жүйеге біртіндеп ауысуда. Осы үрдісті қазіргі таңда саяси бағыттан да көруге болады. Атап айтқанда, 2013 жылдың 18 қазанында «Нұр Отан» партиясының XV съезінде бекітілген «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты саяси Доктринасында.
«Біздің негізгі құндылықтарымыз: Адам, Бостандық, Бірлік, Әділеттілік, Заңның үстемдігі, Отбасы және дәстүр, Болашаққа ұмтылыс» деп, анық жазылған [3;3].
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп, зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Аталған мәселені ғылыми мақыламның тақырыбына негіздеп отырғанымның негізгі себебі – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың бойына қалыптастыру жұмысының мемлекеттік деңгейде де сипат алғанымен, тиісті деңгейде жүзеге асырылмағанында болып отыр. 2011-2012 оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарында аталмыш бағыттағы тәрбие жұмыстарын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы К.Қ.Мәсімов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың атына арнайы хат жолдаған болатын.
Хатта былай деп жазылған: «Жоғары оқу орындарының 2011-2012 оқу жылындағы тәрбие жұмысы жоспарына қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттайтын, жас азаматтар мен арулардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге және құрметтеуге бағытталған шараларға қаржы қарастыра отырып, енгізуді сұраймын» [4;1]. Алайда, бұл үрдіс тиісті мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылмай хат қүйінде қалғанын атап кеткен жөн. Олай деуге негіз бар. 2011-2012 оқу жылында облыстық, республиклық, халықаралық деңгейлердегі іс-шараларға сараптама жасасақ, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және оны жетілдіру бағытындағы іс-шаралардың дені өте аз, немесе, жоқ деуге де болады. Сондықтан да, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды жинақтап, оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, білім, мәдениет ошақтарында да ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып табылады.
Тәрбие берудің тиімді құралы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Кейбір өңірлерде ұлттық мәдениетті сақтап, таратушылардың болмауынан және этнопедагогикалық, этномәдени дәстүрлерді табыстаудың нақты тетіктерінің сақталмауынан жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды жан-жақты сіңіру мүмкін болмай отыр.Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе, оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру, болашақ мамандарға тәлім-тәрбие беру мәселелерін зерттеуде шетелдік ғалымдарды айтпағанда елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау, мамандардың этнопедагогика және этномәдениет негізінде кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдар М.Х.Балтабаев, Қ.Бөлеев, М.Е.Ержанов, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова, Ш.Ахметов, Н.Елікбаев, А.Тайжанов, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, т.б. еңбектерінің арқауы болды.
Жастарға ұлттық, интернацоналдық және патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеумен республикамыздың бірқатар ғалымдары айналысып, зерттеулер жүргізуде. Атап айтқанда, ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық, интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тәрбиесі - С.Ешімханов, Р.С.Елубаева, Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, С.Нұрмұқашева, Н.Р.Рамашов т.б. зерттеулері; халық педагогикасы арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру туралы – А.А.Бейсембаева, Ж.Н.Қалиев, М.Ж.Құрманбаева, т.б. зерттеулері; Қазақстанда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беру туралы – А.К.Қалимолдаева, Е.С.Салтанов, Ү.К.Санабаев зерттеулері. Сол сияқты Г.Р.Бахтиярова қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдаланудың тұжырымдамасын жасады. Д.С.Ешмұратова бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын дайындап ұсынған.
Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жасалынған талдау - зерттеп отырған мәселенің әлі де болса толық шешімін таппағанын байқатты. Осыдан келіп, қазіргі жаңа қоғамда білім алушыларға аудиториядан тыс мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде қарастырылмағанын көруге болады. Оқу орындарында ұлттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген мәдени бағыттағы нұсқауларға мұқтаж. Оқу орындарының оқу-тәрбие тәжірибесін талдау барысында білім алушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі, ұлттық тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың жоғары және арнаулы оқу орындарының әлеуметтік педагогикалық процесінде жүйелі пайдаланылмауы қатты ойландыратын сұрақ. Сондықтан да, білім алушылардың оқу-тәрбие процесінде қазақ этнопедагогикасының негізінде мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарды игеруге тәрбиелеу – аталған тақырыптың қазіргі таңдағы өзектілігін айқындаса керек. Бұл сұрақтың шешімін табу үшін жоғары және арнаулы оқу орындарындағы білім алушыларға аудиториядан тыс мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың әдістемелік бағдарламасын жасау қажет деп есептеймін. Егер жоғары және арнаулы оқу орындарындағы студенттерге қазақ этнопедагогикасының негізінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтап, бойында ұлттық құндылықтар қалыптасқан тұлға тәрбиелеудің моделін жасап, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру процесіне ендірсе, студенттерге ұлттық тәрбие берудің тиімділігі артары сөзсіз. Ол үшін зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық әдебиеттерге, жоғары және арнаулы оқу орындарындағы студенттерге тәрбие жұмысын жүргізу процесіне талдау жасап, студенттермен әңгіме, сауалнама жүргізу қажет. Әдістемелік жүйе қалыптастырып, оның мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжірибелік тұрғыдан зерттеу арқылы тексеру және одан алынған нәтижелерге сұрыптау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сондықтан да алдағы уақытта мәселені ғылыми тұрғыда зерделеп, оның педагогикалық әдістемесін жасаған жағдайда ғана жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі тетіктерін анықтауға болады деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет