Қабылдаған: Қылышпай Баян Сағындыққызы Орындаған


Тұтас педагогикалық процесс(ТПП)



бет3/4
Дата25.12.2021
өлшемі26,41 Kb.
#104905
1   2   3   4
Байланысты:
педагогика
lab12-13.doc (1), Презентация Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі
Тұтас педагогикалық процесс(ТПП)

Оқушылар мен мұғалімдердің,тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің келісілген қызмет жүйесінен тұратын ғылыми талаптарға сәйкес құрылған оқу-тәрбие процесі

 

 


ТПП қасиетері

ТПП заңдылықтары

1.ТПП оны құрастырған процестерді өзара күштейді. 2.ТПП оқыту және тәрбие әдістерінің тереңдеуіне мүмкіндік береді. 3.ТПП педагогикалық және оқушылар ұжымының біртұтас жалпы мектеп ұжымына айналуына әкеліп соғады

1.ТПП мақсаттары, мазмұны ,міндеттері, қалыптары,және әдістері қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен шарттандырылған. 2.ТПП бұл процесс немесе т.б.өтіп жатқан жағдайға байланысты болатын әдістермен және қалыптармен жүзеге асады

 

     Тәрбиенің  негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында  қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвиций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

 

Қорыта келгенде : Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид».Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Тәрбие  процесін ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдарда өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талапттар жыл сайын күрделене түсуде. Қоғамның мұндай талапттарына педагогтар өсіп келе жатқан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологиясын құрастырумен жауап береді. Қазіргі заман педагогикасы үлкен                              қарқынмен дамудағы ғылым. Педагогиканың дамуына себепші көздер - адамдық өмір салтында , дәстүрлерде , халықтық педагогикада бекілген көп ғасырлық тәрбие тәжірбиесі,  іс-қызметтері т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет