Қабылдаған: Магзумова Л. К. Орындаған: Әмірханұлы Д



бет2/7
Дата11.05.2022
өлшемі112,63 Kb.
#142402
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әміранұлы Досхан презнтация экономика негіздері
9-klass
Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. - белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағын-дағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ. - бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны.
Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ номиналды және нақты түрге бөлінеді.
Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді ЖҰӨ-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ_
баға индексі
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ_
нақты ЖҰӨ
Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады.
ЖҰӨ-нің өсу себептері:
- экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;
- өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;
- өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.
Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индекті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.
Тұтыну бағаларының индексі - тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қыз-меттер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш:
Тұтыну бағаларының = Ра × _
индексі Рб ×
Мұнда Ра, Рб - ағымдағы және базистік жылдың бағалары.
- тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың саны.
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:
1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.
2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы өндірілген өнімнің көлемі кіреді.
3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.
Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады.
1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:
- жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
- кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құры-лыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар.
- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
- таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.
ЖҰӨ = С+G+І+Х;
Мұндағы: С - жеке тұтыну шығындары;
G - мемлекеттің сатып алуы,
І - жалпы инвестициялар,
Х - таза экспорт.
2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:
ЖҰӨ =W + R + I + P, мұнда:
W - жұмысшының жалақысы, R - ренталық төлемдер,
I - жинақ капиталының пайызы (%), P - фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді.
ЖҰӨ өлшемінің негізгі мәселелері:
- кейбір өнім нарықта сатылмағандықтан, дұрыс өлшембейді. Бұған мемлекет қызметі, ерікті еңбек және өз пайдасы үшін істелген қызмет кіреді,
- тауар сапасын жақсартуды дұрыс есептеу қиынға соғады,
- кейбір операциялар нақты ЖҰӨ-ге қосалқы түрде өлшенеді.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.
ЖІӨ = ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ = ЖҰӨ - А
Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы.
ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
ҰТ = ТҰӨ - ж.с.
Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.
Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ – С+Т
мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған
пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды.
Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе-теңдігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет