Қабылдаған: Магзумова Л. К. Орындаған: Әмірханұлы Д


Макроэкономикалық талдау ерекшеліктері



бет3/7
Дата11.05.2022
өлшемі112,63 Kb.
#142402
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әміранұлы Досхан презнтация экономика негіздері
9-klass
2.Макроэкономикалық талдау ерекшеліктері
Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі - оның ең маңызды қағидасы ретінде ойша жіктеу болып келеді. Макроэкономикалық талдау агрегаттауды талап етеді.
Агрегаттау - ол жеке элементтердің біртұтас, агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау макроэкономикалық агенттерді, макроэкономикалық нарықтарды, макроэкономикалық өзара қатынастарды, макроэкономикалық көрсеткіштерді атап айтуға мүмкіндік береді.
Экономикалық агенттер мінез-құлқының типтік қасиеттерін табуға негізделген агреттау 4 макроэкономикалық агентті атап көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
1) үй шаруашылықтары; 3) мемлекет
2) фирмалар 4) шетел секторы
1. Үй шаруашылықтары - ол жеке, тиімді, оңтайлы жұмыс жасайтын агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты - ең жоғары пайдалыққа жету.
Олар: а) экономикалық қорлардың (еңбектің, жердің, капиталдың және кәсіпкерлік қабілеттіліктердің) иесі болып келеді;
б) тауарлар мен қызметтердің негізгі сатушысы болып келеді. Табыстың қалған бөлігін үй шаруашылықтары сақтайды;
в) негізгі сақтаушы немесе несие беруші (кредитор) болып келеді, яғни экономикада несие қаражаттарының ұсынысын қамтамасыз етеді.
2. Фирмалар – жеке дербес, оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты – пайданың өсуі.
Фирмалар: а) өндіріс үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық қорлардың сатып алушысы ретінде;
б) экономикада тауарлар мен қызметтердің негізгі өндірушісі болып келеді. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатудан алынған түсімді фирмалар үй шаруашылықтарына факторлық табыстар түрінде төлейді.
в) инвесторлар, яғни инвестициялық тауарлар мен қызметтердің сатып алушылары болып табылады;
г) экономикадағы негізгі қарыз алушы болып келеді, өйткені несие құралдарына сұраныс береді.
3. Мемлекет - экономиканы реттеуге, экономикалық процестер (үдерістер) барысына әсер ету саяси және заң құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.
Мемлекет - ол дербес (жеке), оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның негізгі міндеті – нарықтың сәтсіздікке ұшырауын болдырмау және қоғамдық игілігін жоғарлату, ол:
а) қоғамдық игіліктердің өндірушісі;
б) өзінің көптеген міндеттерін атқару үшін және мемлекеттік секторының (бөлігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушысы ретінде табылады;
в) ұлттық табыстың (салықтар мен трансферттер жүйесі арқылы) қайта үйлестірушісі;
г) мемлекеттік бюджеттің жағдайына байланысты – қаржы нарығында қарыз, несие беруші немесе қарыз алушы.
д) нарық экономикасы қызметінің реттеушісі мен ұйымдастырушысы болып табылады.
Макроэкономикалық саясат :
- экономикалық өсуді қамтамасыз ететін құрылымдық;
- экономиканың мерзімдік құбылуларын (тұрақсыздануын) басуға, ресурстардың жұмыспен толық қамтылуына, бағалардың тұрақты деңгейін және сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған конъюктуралық (тұрақтандыру) саясатына.
Тұрақтандыру саясатының негізгі түрлері:
а) Фискалдық (немесе бюджеттік-салықтық) саясат
б) монстарлық (немесе ақша-несиелік) саясат
в) сыртқы экономикалық саясат
г) табыстар саясаты
4. Шетелдік сектор (бөлік) - дүниежүзінің барлық басқа елдерін біріктіріп, жеке оңтайлы әрекеттегі (қызмет жасайтын) макроэкономикалық агент.
Ол осы елмен келесілер арқылы өзара әрекеттестікті іске асырады:
а) халықаралық сауда арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты);
б) капиталдардың ауысуымен (капиталдың экспорты мен импорты, яғни қаржы активтердің).
Талдауға шетел секторының (бөлігінің) қосылуы ашық экономиканы алуға мүмкіндік береді. Нарықтардың агрегаттауы әрқайсысының қызмет атқару заңдылықтарын табу, атап айтқанда – нарықтың әр қайсысына сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін, олардың тепе-теңдік жағдайларын зерттеу, сұраныс пен ұсыныс ара қатынастарының негізінде тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді анықтау, әр нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеру салдарын талдау мақсатымен өткізіледі.
Нарықтардың агреттауы 4 макроэкономикалық нарықты айыруға мүмкіндік береді:
1) тауарлар мен қызметтер нарығы (шынайы нарық)
2) қаржы нарығы (қаржы активтер нарығы)
3) экономикалық ресурстар (қорлар) нарығы
4) валюталық нарық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет