Қабілеттілік



бет4/12
Дата18.07.2020
өлшемі116 Kb.
#75362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
19-Қабілеттілік

Нышандар — мидың, жүйке жүйесінің, анализаторлардың кейбір туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттіліктердің табиғи алғышарттары болып табылады және оның қалыптасу және даму үрдісіне әсер етеді. Нышанның болуы қабілеттіліктің қалыптасуына ерекше қолайлы жағдай жасайды, оның дамуын жеңілдетеді. Нышандарға туа біткен көру және есту анализаторларының кейбір ерекшеліктері жатады. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері нышанның қызметі ретінде қатысады, оған уақытша жүйке байланыстарының құрылу ерекшеліктері, оның беріктігі шоғырланған зейіннің күші, жүйке жүйесінің шыдамдылығы, ақыл-ой қабілеттілігі байланысты. Нышан­дар — бұл тек қабілеттіктерді қалыптастырудың шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышанын әрі қарай дамытпасақ, оған қолайлы жағдайлар жасалмаса, ол сөніп қалуы мүмкін.

Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын типологиялық ерекшеліктер нышандар немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Типологиялық ерекшеліктердің жан-жақты мәні зор. Олар қабілеттіктер мен мінездің табиғи алғышарттарын құрайды. Жалпы типтердің ерекшеліктері (белсенділіктің күші немесе жылдамдығы, ұстамдылығы, сезгіштік дәрежесі және бейнелеу үрдісінің қозғалғыштығы) қабілеттіліктерді ұйымдастыруға әсер етеді.

Жүйке үрдістерінің күші ұстамдылықпен, және қозғалғыштығымен ұштасқанда жеке тұлғаның көптеген еріктік және коммуникативтік қасиеттерінің ұйымдасуына қолайлы жағдай жасайды, ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді қалыптастыру үшін өте қажет. Әлсіз жүйке жүйесі, В.Д. Небылицыннің пікірінше жоғары сезгіштікті менгере отырып, көркем қабілеттіліктерді дамытуға қолайлы мүмкіншіліктер жасайды.

Мәселен вундеркинд (таңғажайып, дарынды бала) — ерекше математикалық қабілеттілігін аңғартқан жеті жасар қыз бала туралы мақала әлі есімізде.

Сирек кездесетін әдемі даусымен италиялық жас баланың Робертино Лореттидің салған әні әлі есімізден кеткен жоқ. Жас Пушкиннің Царскосельск лицейінде өз тыңдаушыларын таң қалдырған, әсіресе, Державиннің жоғары бағалауы, белгілі математик Сергей Мергеляннің өмірбаянының таңқаларлық ғажайып анкеталық деректерін келтіруге болады: 1928 жылы туған; университетті 19 жасында 1947 жылы бітіреді; 20 жасында физика-математика ғылымдарының докторы; 24 жаста КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері; 25 жаста КСРО Ғылым академиясының мүше-корреспонденті; 28 жасында Армян КСР Ғылым академиясының академигі.

Қабілеттілік адамға ерте де, кеш те берілуі мүмкін. Атақты композиторлар Н.А.Римский-Корсаковтың музыкалық дарындылығы 2 жасында, М.И.Глинка мен С.Прокофьев кабілеттері 7 жаста, әйгілі суретшілер И.Е.Репин мен В.А.Серовтың қабілетттілігі 3 жаста байқалған.

В.Моцарт 3 жасында музыка аспаптарында ойнап, 4 жасында музыкалық шығармаларды орындаған, ал 12 жасында опера жазған.

Нышандар — тек қабілеттіліктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышаны, ғажайып дарындылық туралы мысал келтіретін болсақ, 1951 жылы Америкада кибернетиканың атасы, ұлы математик Норберт Винердің ғұмырнамалық деректерінің I томы жарық көрді, кітап "Бұрынғы вундеркинд" деп аталды. "Вундеркинд" — неміс сөзі, Wunder — ғажайып, kind — бала деген екі сөзінен құралған. Одан оның өмірінің таңғажайып деректерін көруге болады: 9 жасында кішкентай Норберт ерекше дарындылық байқатып, 8 жылдық мектепке бармай, орта мектепке оқуға түсті. 12 жасында университет студенті, 14 жасында бакалавр ғылыми дәрежесін, ал 18 жасында ол Гарвард университетінен филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алып шығады.

Дарынды балалардың психологиясын зерттеумен көп жылдар бойы москвалық психолог, психология ғылымдарының докторы Н.С.Лейтес айналысқан болатын. Ол өзінің "Ақыл-ой қабілеттіліктері жас кезеңдерінің

алғышарттары" атты мақаласында арнаулы қабілеттіліктер туралы емес (мысалы, музыкаға, суретке), жалпы немесе ақыл-ой қабілеттіліктері деп аталатын қабілеттіліктер туралы сөз болады. Н.С.Лейтестің айтуынша, жас ерекшеліктері қабілеттіліктердің компоненттері ретінде қарастырылды.

Қабілеттіліктердің негізгі көрсеткіштерінің бірі — ерте берілуімен қатар кеш те беріледі. Жас кезінде қабілеттіліктің байқалмауын болашақта дамыту мүмкін емес деген түсінік тумайды.

Ерекше қабілеттіліктер мен таланттың өте кеш берілуі туралы көптеген мысалдар келтіруге болады:

Көрнекті жазушы Вячеслав Шишков, мысалы, еңбектерін 40 жасында жариялай бастады, белгілі шығармасы "Угрюм-реканы" 60 жасында жазды. "Емельян Пугачев" кітабын 72 жасында аяқтады. Мысалы, Симбирск губерниясының алыста орналасқан селосында дүниеге келген Е.И. Гусева жасы 40-қа келгенде сауатын ашқан. Одан кейін жұмысшы факультетіне окуға түсіп, өзінің баласымен бірге жоғары оку орнын бітірген, кейін ғылым кандидаты, ал 73 жасында докторлық диссертациясын ойдағыдай корғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет