Абсатарова дамира амировна


АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



Pdf көрінісі
бет5/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Диссертация.
5 zerthanal k
 
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар 
қолданылған: 
Агробиоценоз

ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде 
қалыптасқан биоценоз. 
Агротехникалық әдіс
- өнім шығынын түпкілікті болдырмау және 
зиянкестер әрекетінен өнім сапасын төмендетпеу мақсатында, зиянды 
ағзалардың (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) мекендеу жағдайларына кері 
әсер ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және күтіп-баптау тәсілдері. 
Агротехникалық әдістің негізгі тәсілдері мыналар: ауыл шаруашылығы 
дақылдарының зиянкестеріне төзімді сорттарын егу, дақылдарды кезек егу 
және ұсынылған егіс айналымын игеру, топырақ өңдеу түрлері - сүдігерлік, 
көктемгі егісалды (топырақты қопсыту, малалау, нығыздау), суарулар (өсу 
мерзімдік, ылғалдандырған, шаю), қолайлы егу мерзімі, минералды және 
органикалық тыңайтқыштарды қолдану, өсіргіш реттеуіштерін және 
жапырақсыздандырғыштарды пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын 
жинау мерзімдері. 
Ареал-
жануарлартүрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы 
таралған аймағы. 
Биотоп
- жер бетінің (құрлықтың не су қоймасының) биоценоз мекендейтін 
орта жағдайлары біртектес өңірі (телімі). Екі мағынада қолданылады: а) 
нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері 
мекендейтін аймақ; б) нақтылы организмдердің немесе олардың қауымдарының 
тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы. 
Биоценоз –
дегеніміз - өзіндік реттеуге қабілетті және зат алмасуды 
қамтамасыз ететін өсімдік және тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан 
қауымдастығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет