Абулкасова Д. Б. 2011жыл Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы



бет2/115
Дата05.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115

Барлығы – 234 сағат


Орал 2011ж.
Курс бағдарламасы «История международных отношении и внешней политики»-Алматы: Қазақ университеті, 2000 ж. ________________________________________________
(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)
типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Құрастырғандар: т.ғ.к., доцент Қожабергенова Х.И.
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

_____ _______________201 ж. № ____ хаттама.


Кафедра меңгерушісі м.а.: ___________ Науанова К.М.





Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

_____ _______________201 ж. № ____ хаттама.




Тарих және құқық факультетінің
оқу- әдістемелік кеңесінің
төрағасы: ______________ Мырзабаева Б.М.
(қолы) (аты-жөні)

Тарихи білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Халықаралық қатынастар тарихы» пәнінің маңызы зор.


Сыртқы саясатты және халықаралық қатынастар тарихын толық ұсыну үшін курс мазмұны көп ғасырлық процесстің даму заңдылықтарын және басты кезеңдерін қарастыру жөн. Сонымен қатар әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің, маңызды аудандардың сыртқы саяси жағдайларын да баса көрсету аса қажетті. Дипломатияға, оның ерекшеліктері мен әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізуге ерекше көңіл аударылады. Саяси лидерлер мен сыртқы саясат жетекшілерінің маңызды проблемаларды жүргізуге әдістері де көңіл аударарлық мәселе.
Ұсынғалы отырған материалдарда хронологиялық, географиялық және проблемалық принциптер пайдаланылған. Бұл курста «Халықаралық қатынастар тарихы» пәнін оқуда ерекше маңызды болып табылатын әр кезеңдегі әлемнің саяси картасын білу талап етіледі.
Оқу жоспарының мақсаты мен міндетттерін ескере отырып, бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесіне және қазіргі таңдағы сыртқы саясат проблемаларының тұтастығын ұғынуға көңіл бөледі.
Курсты оқып білуде студенттер «Жаңа және қазіргі замандығы Европа және Америка елдерінің тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы» деп аталатын курстар бойынша оқыған білімдеріне сүйенеді.
Бағдарламаның басты мақсаты – Халықаралық қатынастар тарихының негізгі мазмұнын түсіндіре отырып, аталмыш кезеңнің дүниежүзілік тарихтағы орнын және адамзат өркениетіне қосқан үлесін анықтауға бағыт беру; тарихи процесстердің көпқырлы, көптүрлі екендігін көрсете отырып, дүниежүзілік тарихи дамудың альтернативтік мүмкіндіктері барын түсінуге, соған орай тарих ғылымына шығармашылықпен қарауға дағдыландыру; оларды жалпы адамзаттық мүдделер мен құндылықтардың мәнін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің өз елдерінің өміріндегі және дүниежүзілік тарихтағы рөлін әділ түрде бағалауға үйрету.
Ұсынылып отырған бағдарламада ХҮІІ ғ. – ХХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңдердегі оқиғаларға басты назар аударылады.
Бағдарламада хронологиялық бірізділікті сақтай отырып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды проблемалық жүйемен түсіндіруге негізделген.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін «Халықаралық қатынастар тарихы» курсы төмендегі міндеттерді алдына қояды:

  • Дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі тарихи карталардың мазмұнын талдау, мұндай білімді жинақтап өмірде қолдана білу.

  • Тарихты ғылыми кезеңдерге бөле білу негізінде тарихи оқиғаларды, процесстерді кезеңдермен, замандармен, формациялармен салыстыру.

  • Тарихи фактілерді талдау, жинақтау, бағалау, тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтау, кейбір тарихи ұғымдардың анықтамасын тұжырымдау, тарихи оқиғаларға, процестерге, қайраткерлерге салыстырмалы сипаттама беру.

  • Тарихи құжаттармен, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу, әртүрлі дерек көздерінің хабарларын, олардағы оқиғалар мен адамдарға берілген бағаны салыстыру, оларға өз пікірін дәлелдеу.

  • Әдебиеттер параграфына, тарихи деректің үзінділеріне конспект-жоспар жасау, баяндама әзірлеп, оны оқу, студенттер баяндамаларына пікір білдіру.

  • Тақырыптың өзекті мәселелерін баяндау.

  • Талқылауларға, айтыстарға қатысу, өз пікірін дәлелдеп айту.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет