Адам денсаулығына ұялы телефонның тигізетін әсерін анықтау. Сондай-ақ баланың ағзасына қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру


Иммунитет пен көз жанарына да зияны бар



бет3/4
Дата17.11.2023
өлшемі2,42 Mb.
#191816
1   2   3   4
Байланысты:
Ұyaly-telefondy-adam-densaulyғyna-ziyany
5 Д сынып Оқушылар тізімі, 9 3 toksan
Иммунитет пен көз жанарына да зияны бар
Ал, ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері әсер ететінін анықтап отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды.
Ұялы телефонның уақытты үнемдеу, үнемі байланыста болу, тиімділікті арттыруда пайдасымен қоса, онымен шамадан тыс сөйлесу денсаулыққа өте зиян екендігін есте ұстау қажет. Әсіресе, телефон шалу кезінде электромагниттік сәулелену деңгейі аса жоғары болып келеді.
18)Балаларға бермеңіз!
Балаларға гаджеттермен ойнауға тыйым салынуы керек. Себебі, бұл құрылғылар балалардың жүйке жүйесі мен ойлау қабілетін бұзады. Сондай-ақ, мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруына душар етіп, есте сақтау және көру қабілетін нашарлататынын, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген.
19)Ұйқысыздықтың себебі
Өшірулі тұрған телефон да адам организміне зиян келтіреді. Сондықтан да мамандар байланыс құралын өзіңізден неғұрлым алысырақ ұстау керек екенін айтады. Әсіресе ұялы телефонды бас жаққа қойып ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Себебі, телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындар ұйықтап жатқан адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ұйықтауға кедергі келтіреді.
Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.
Қызықты мәліметтер.
Ұсыныстар.
*Телефонды баланың мойынына ілмеңіз.
*Байланыс нашар жерлерде ұялы телефонмен көп сөйлеспеңіз.
*Балалар мен жасөспірімдерге ұялы байланыс телефонын көп қолданбауға кеңес беремін.
*Телефонды сатып алу кезінде оның мүмкіндігі мен дизайнына назар аударумен қатар, оның қауіпсіздігіне де (SAR белгісіне) көңіл бөліңіз .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет