Адамды түсінудегі биологизаторлық, социологизаторлықты сынау



Дата07.02.2022
өлшемі18,58 Kb.
#84230
Байланысты:
7 дәріс философия


Адам

  1. Философия тарихындағы адам мәселесі.

  2. Адамды түсінудегі биологизаторлық, социологизаторлықты сынау.

  3. "Адам", "Жеке адам", "даралық", "тұлға" ұғымдарының диалектикасы.

  4. Қазіргі философиядағы адам өмірінің мәні туралы ойлар.

Философия тарихындағы адам мәселесі, оның пайда болуы, қалыптасуы және адамзаттың дамуының, антропосоциогенез процессі, табиғаттың қайталанбас Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян). Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель). Сократ адам жанына, адамгершілік сапасына, дүние заттары мен идеядан айырмашылығына көп көңіл аударды. Демокрит, Эпикур және Лукреций адамның таза табиғи болмыстығын нығайтады. Ал, Платон болса, адам табиғаттың объективтік мәңгілік идеяларымен анықтайды. Аристотель осы дуализмді шешуге ұмтылып адамды "әлеуметтік жануар" деп жар салды. Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас). Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі. Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам». Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: «ойнаушы адам». Г.Маркузе: «бір өлшемді адам». ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).
Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы. Адам-қоғамдық қатынастың жемісі мен субьектісі. "Жеке адам" (Индивид) ұғымы (адамзат тегінің бірі) осының біріншісіне назар аударды. "Даралық" (Индивидуальность) ұғымы әр адамның айырықша қайталанбас, өзіндік ерекшелігін, басқаларға ұқсамайтындығын білдіреді: "Кісі-тұлға" ұғымдары (жеке адамның белгілі бір қауым мүшесі ретіндегі әлеуметтік мәнді, тұрақты сипаты) бірінші кезекте нақты адамның қоғамдық өмірдегі белсенді субьектілігін анықтайды.


Дәріс бойынша аралық бақылау сұрақтары:

  1. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы қандай?

  2. Адам, индивид-жеке адам, даралық, тұлға – осы ұғымдардың өзара айырмашылығы қандай?

  3. ХХ ғасыр философиясындағы антропологиялық бетбұрыстың мәні неде?

  4. Философия тарихы шеңберінде адамға берілген негізгі анықтамаларынды талдаңыздар:

- «ақылды тіршілік иесі»,
- «саяси жануар»;
- «табиғаттың тәжі»;
- «еңбек құралын жасайтын жануар»;
- «моральды және еркін тіршілік иесі».
5. Адамның тұлға ретіндегі қалыптасу үдерісінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Дәріс бойынша тест тапсырмалары:

  1. Адам мәселесі мен оның болмысының маңызды негіздерін қарастырылатын философияның бөлімі :

А. Гносеология
В. Эстетика
С. Философиялық антропология
D.Онтология
Е. Өнер философиясы

  1. Адамды ақылды қоғамдық жануар дейтін көзқарасты ұйғарған ойшыл:

А. Платон
В. Ницше
С. Аристотель
D.Декарт
Е. Спиноза

  1. Антикалық философиядағы адам бейнесі:

А. Тағдырға бағынған, микрокосм
В. Өлмейтін жаны бар тіршілік иесі
С. Иррационалдық тіршілік иесі
D.Ойлайтын тіршілік иесі
Е. Аралықты болмыс

  1. Христиандық антропологияға сай адам дегеніміз:

А. Иррационалдық тіршілік иесі
В. Саяси жануар
С. Құдайға ұқсатылып жасалған әрі бейне іспеттес
D.Ойлайтын тіршілік иесі
Е. Мәңгілік абсолютті рух

  1. Адам – жандандырылған машина», - деген

А. Ф. Вольтер
В. Аврелий Августин
С. Әл-Фараби
D. Ж.Ламетри
Е. К.Маркс
6. «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаралған »деп тұжырым жасаған
ойшыл:
А) Мэн-цзы
В) Сыма Цянь
С) Конфуций
Д) Лао-цзы
Е) Цун-ятцен
F) Будда
Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. Философия тарихындағы адам мәселесі. Оның табиғаты, мәні.

  2. Адамның өмір сүруінің табиғи-биологиялық алғышарттары.

  3. Адамның әлеуметтік мәні.

  4. "Адам", "Жеке адам", "даралық", "кісі" ұғымдарының диалектикасы.

  5. Адамның қалыптасып, тұлға болуындағы еңбектің рөлі.

  6. Адамзат қоғамының қалыптасуындағы тілдің рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет